Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СҰХБАТ
Дмитрий Воденников: Поэзия — бұл жеңіп шығу...

06.09.2019 8015

Дмитрий Воденников: Поэзия — бұл жеңіп шығу 16+

Дмитрий Воденников: Поэзия — бұл жеңіп шығу - adebiportal.kz

Ресейдің көрнекті ақыны Дмитрий Воденников «Әдебиет порталына» қызықты да мазмұңды сұхбат берді. Бір айта кетерліг ол мұнда форумда жүрген күндері оған өз елінен хабарласып, «Небесная лиса» («Аспан түлкісі») атты өлеңдер жинағы Жыл поэзиясы болып таңдалғанын хабардар етіпті. Сондықтан да Нұр-Сұлтан қаласын ақын құтты санап отыр.

— Жалпы, шығармашылық адамы ретінде өзіңізге қандай сипаттама берер едіңіз?

— Сипаттама дейсіз бе? Мен – өлген ақынмын. Өлең менен 10 жыл бұрын кетті. Бұл менің негізгі, мүмкін ең жақшы айрықша белгім шығар. Өлеңдер әуен болып келеді. Бірақ қазір сол әуен-дыбыс келуін тоқтатты. Ахматовадан кетті, Мандельштамнан кетті, ендеше менен неге бет бұрмайды дейсіз, бұл әуен? Бірақ, бұл соншалықты бір қорқынышты ажырап қалу емес. Себебі сен мұндай бос кеңістікте нағыз өмір сүруді бастайсың және өз бойыңда көп мәселелер бар екендігіне кенеттен көзің жетіп, түсіне бастайсың. Ал мұны бұған дейін сен сезбей келгенсің. Себебі: сенің бойыңда тәкаппар данышпандық болды, ол бірте-бірте өзін жеп тынар еді, ал сен оған қызмет етіп жүрген болатынсың.

Ал қазір сенде аса маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік бар. Сен ізденісте өмір сүруді бастайсың? Сөйтіп басқа жақтан қуатты көздерден өлеңдер құйыла бастайды. Мұны, яғни осы бір күйлді махаббатпен де, атақпен де еш салыстыру мүмкін емес.

— Өлең жазу дегеніміз – арпалысты азап па?

— Жоқ. Адам жарық көргенде, әуен-дыбысты естігенде өлең жазады. Азап шеккен күйді көбіне жас қыздар мен жігіттер жазады. Біз поэзия туралы айтып өз білгенімізді жазып жүрміз. Тағдыр саған қарапайым адам сияқты өмір сүруге екінші мүмкіндігін беріп тұрса, бұл – әрине, өте тамаша. Ол мүмкіндікті пайдалану керек. Менің жаңа кітабым «Небсеная лиса» деп аталады. Бұл менің бүкіл өлеңдерімнің топтама жинағы. Түлкі — бұл бұлаңдаған құбылғыш бейне, ал адам — ақыл иесі, демек, ол да керемет.

Поэзия — бұл жеңістікке қол жеткізу деп білемін. Себебі сен өлеңді жазғанда сағантылсымнан жарық сәуле құйылады. Жазғаныңда саған әуен келеді, сен оны қаз қалпында ұстап түсіру үшін қиналасың, азаптанасың. Бұл — физикалық сыну. Және содан сең жеңілейіп, босаңсу келеді. Осы құбылыстардың нәтижесі қазғазда қалған кезде, одан жарық нұр шашады. Поэзия — бұл азап, өлім, өмір, ар-ұят.

— Қазақ поэзиясымен таныссыз ба?

— Аздап таныспын, бірақ есімде көп ештеңе қалмапты, шынымды айтсам.

— Қазақстанға алғаш рет келіп тұрсыз ба?

— Ия, бірінше рет. Нұр-Сұлтанда мен осы қаланы қақ жарып аққан өзенді көргім келеді. Мен қайсыбір өңірге барсам да, ең алдымен сол жердегі өзенді іздеймін, Себебі, өзен – қалаға өзек болады, қаланың маңыздылығы да көбіне өзенге байланысты болады. Және де өзен — өлең арқауы, өмірдің қозғалысы. Мені мұнда қаланың алып көлемі емес, ондағы әсем ғимараттар таңғалдырды.

— Форумнан не күтесіз?

— Менің тұрақты түпқазықты ойым — поэзия ешқашан өлмейді. Шынтуайтында қазіргі кезеңде поэзия ешкімге де керегі жоқ болған заман. Бірақ поэзияның өлгісі келмейді, себебі ол кеңістіктегі ауаның ерекшелік сипаты. Біз ауамен дем алып, шығармашылық тудырсақ, ол өлмейді. Осындай іс-шаралар да ауа көп, осы жағы маған ұнайды. Мысалы мен өз сөз сөйлеуме дайындалған емеспін, бірақ мені ішкі әуен тыңдады. Мүмкін аудармашыларға кішкене қиын болған шығар, бірақ кей кезде аударма болмағанда да сен энергетиканы сезінесің.

— Жазуды қашан және қалай батап едіңіз?

— Мен кішкентай бала кезімнен жазуды бастадым. Әрине, ондағы жазғандарым оншалықты мағынасыз, бос сөздер де болар. Бірақ мен өзім туралы жазуым керектігін түсіндім. Мен жайында менен басқа ешкім жақсы білмейді ғой. Қиял әлемі қызық. Мысалы, бала өлім туралы көп ойлайды, алайда бала — мейірімділіктің және ізгі сәуленің нысаны. Оны тек ойыншықтар мен мультфильмдер қызықтырады. Бірақ, ойлы болсаң — олай емес.

Біз 4-6 жасымызда біртіндеп оянамыз және біз қаза туралы түсінеміз, ойлай бастаймыз. Біз күлеміз, жылаймыз. Бізді уатуға әжеміз көмекке келеді. Ал ол болса — архетиптік бейне. «Адам неге өледі? Мен өлемін бе? Сен өлесің бе?» — осы тәрізді сұрақтарға ол: «Өлімді бодырмайтын бір дәрі жасалады, солай балақай!» — деп алдарқатып сені жұбатады. Сен маужырап барып ұйықтайсың деп жұбатады және сен ұйықтайсын. Бірақ кенеттен сен де өлетініңді, сенің ата-ана, туыстарың да күндердің күні өлетінін түсінесің. Бұл — бала қиялы мен түсінігі үшін өте салмақты әңгіме. Ал осылайша қиылға беріліп өскен мен 25 жасымда жазуды нақты бастадым.

Мен барша ақындардың өз оқырмандары үшін нені жазу керектігін кез келген сәтте сезіну, сол бойынша жұмыс істеуі керек деген болар едім. Егер оны түсінбеген екенсіз, сіздің ісіңіз құр далбаса, ал жазғаныңыз бос шимай, қан-сөлсіз туынды болмақ.

— Өз сайтыңыз бар ма? Сол жөңінде айтып кетсеңіз.

— Менде жеке сайт жоқ. Мандельштам кезінде: «Өлеңдерің біреуге керек болса, олар мұны сақтайды», — деген болатын. Бұл — мағыналы сөз. Маған бір кезде бір жігіттер келіп, сайт ашуын ұсынды. Сол сайтқа 20 жыл толды. Біраз жұмыс жасалды, бірақ қазір менде ол сайтқа кіру кілті жоқ. Сен біреуге керек болсаң, осындай істермен басқа кісілер айналысады. Яғни менің шығармам турасында айналысып жатқан адамдар бар. Керегі жоқ болса, кітаптар да өледі, файлдар да жоғалады.

— Өлең жазуға қалай шабыт шақырасыз?

— Мен шығармашылық адамының санасында алмасу сәті болады деп әрдайым айтып жүремін. Бір қалыптан екінші қалыпқа. Ішкі түйсіну қалпы ширыққанда, өлең немесе өзге туынды келеді. Мен өлеңді аз жаздым деп санаймын.

— Жаңа бастап жүрген жас ақындарға айтарыңыз.

— Жалған сөйлемеу. Сөзбен жұмыс істейтін адамның басты ерекшелігі – өтірік айтпау. Мұнда мен әлеуметтік немесе саяси мәселелер тұрғысында айтып отырған жоқпын. Алайда олар да маңызды сипаттарға ие. Өзіңе өзің өтірік айтпау — бұл аса маңызды. Сенен туыстарың, достарың, саясаткерлер, барша оқырман қауым теріс айналмасын десең, өзіңді солардың ортасынан жол таба алатындай ақиқаттың бұралаң жолымен алып шығуың қажет. Нағыз ақын — өзіне өзі бет бұра білетін адам. Біздің жүрек-санамыздың ішінде басқаша ысқыра сөйлейтін құбылыс болмауы керек. Себебі, мұнда ғажап сыңғырлаған поэзия туады. Ми мен жүрек таразысынан шығар ой кембағал болмауы керек. Ал мұнай көріксіз кембағалдық болса, онда бәрі бітті дей беріңіз.

— Сұхбатыңызға көп рахмет! Іске сәт, жолыңыз болсын!

Сұхбаттасқан: Малика Мурсалимова

Фото: Артем Чурсинов


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар