Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖОЛДАУ
Елбасы Жолдауы – жастарға жігер сыйлады...

08.10.2018 17929

Елбасы Жолдауы – жастарға жігер сыйлады

Елбасы Жолдауы – жастарға жігер сыйлады - adebiportal.kz

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев күні бүгін ғана халқымызға арнаған дәстүрлі Жолдауын арнады. "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Елбасының Жолдауы жастарды жігерлендіріп тастады.

Жолдауда нақты жүзеге асыру керек негізгі мәселер мен міндеттің әр қайсысы жастарға тікелей байланысты. Себебі болашағынан зор үміт күттіретін білімді ұрпаққа, әрқашан өз сенімін білдіретін Елбасымыз, осы Жолдауында: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. «Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын» – деп ерекше атап өтті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауы - егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін тарихи құжат болып табылады.


Тәуелсіз Отанымыздың тұғырын биіктетуге, мемлекетіміздің әлеуметтік және экономикалық дамуын ілгерілетуге негіз қалайтыны анық.


Мемлекет басшысы аталған Жолдауында: «Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік. Бұл біздің үлкен байлығымыз. Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Қазақстанның халықаралық беделінің артуына, оның өңірдегі геосаяси рөлін жоғарылату үшін көп жұмыс істедік».


«Бізді өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ішіндегі жауапты әрі қалаулы халықаралық әріптес ретінде дүниежүзі таниды. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасында EXPO 2017 халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет болды»-деп атап көрсетті. Мұның бәрі бізді қуантады. Тәуелсіз мемлекетіміздің тіреуі мен тілегі болар жастар ел болашағына сенеді. Жалынды жастар алаңсыз білім алып, еңбек етіп, өмір сүргенді армандайды. Сол үшін де біз Елбасымыздың халқымызға арнаған кезекті Жолдауын асыға күтіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз.


Біздің Райымбек ауданының жастары да Елбасының Жолдауын бір кісідей қолдап-қуаттайды! Сондықтан біз, жастар ауданның әр саласында өз мамандықтарымыз бойынша жаңаша еңбек етіп, қажыр мен қайратымызды, білімімізді жарқын іске, жақсы бастамаларға арнайтын боламыз. Бұған біздің күш-жігеріміз жетеді.

Тоғжан Қанатқызы, Алматы облысы бойынша

Жастар саясаты орталығының қызметкері


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар