Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТІ
Ең табысты түрік қаламгерлері...

29.08.2018 8219

Ең табысты түрік қаламгерлері

Ең табысты түрік қаламгерлері - adebiportal.kz

«Forbes» экономика және бизнес журналының мәліметінше, 2017 жылдың ең табысты түрік қаламгерлерін анықтаған тізімнен танымал есімдерді көруге болады. Бұл тізімге Түркияға және әлемге танылып үлгерген, оқырмандардың көзайымына айналған, қаламы қарымды 20 түрік қаламгерлері кіріп отыр. Орхан Памук, Элиф Шафак, Айше Кулин, профессор Илбер Ортайлы, Оғур Кошар және актер Метин Хара сияқты есімдер кітаптары ең көп сатылғандар қатарында...

Бірінші орында Элиф ШАФАК, ал екінші орында Нобель сыйлығының иегері Орхан ПАМУК тұр. Махаббат кітаптары арқылы өз оқырмандарының жүрегін жаулап алған жазушы Кахраман ТАЗЕОҒЛУ үшінші орында болса, детективті романдары арқылы танымал болған жазушы Ахмет ҮМИТ бесінші орынға тұрақтады. Актер Неджат ИШЛЕР 240 мың түрік лира табысы арқылы тізімнің ең соңғы орнына табан тіреді.

Сонымен, әлемге әйгілі «Forbes» журналында ең табысты түрік жазушылары мен жылдық табыстарын назарларыңызға ұсынымыз...

1- Элиф ШАФАК - (Elif ŞAFAK)

Ең көп сатылғандар арасында, Страсбург қаласында дүниеге келген түрік жазушысы Элиф Шафактың кітаптары 311 мың тиражбен жарық көріп рекорд жасады. Осылайша Элиф 1,8 млн. лира пайда тауып бірінші орынға шықты.

Элифтің кітаптары отыздан аса тілге тәржімаланып, жалпы еңбектері 1994 жылдан бастап жарияланып келеді. 2009 жылы жарық көрген Aşk («Махаббат») атты романы түрік әдебиеті тарихында қысқа уақыт ішінде ең көп сатылған әдеби шығарма авторы ретінде танылып үлгерді.

Шығармалары:

  • Kem Gözlere Anadolu(«Кем гөзлере Анадолы»), 1994;
  • Pinhan(«Пинхан»), 1997;
  • Şehrin Aynaları(«Шэхрин айналары»), 1999;
  • Mahrem(«Маһрем»), 2000;
  • Bit Palas(«Бит Палас»), 2002;
  • Araf(«Араф»), 2004;
  • Beşpeşe(«Бешпэше»), 2004.
  • Med Cezir(«Мед Жезир»), 2005;
  • Baba ve Piç(«Баба вэ Пич»), 2006;
  • Siyah Süt(«Сиях сүт»), 2007;
  • Aşk(«Ашк»), 2009;
  • Kâğıt Helva(«Кияыт хелва»), 2010;
  • Firarperest(«Фирарпэрест»), 2010;
  • İskender(«Искэндер»), 2011;
  • Şemspare(«Шемспарэ»), 2012;
  • Ustam ve Ben(«Устам вэ бен»), 2013;
  • Havva'nın Üç Kızı(«Хавванын үч кызы»), 2016.

2 - Орхан ПАМУК - (Orhan PAMUK)

Алғашқы түркі халықтарының арасынан шыққан Нобель сыйлығының иегері Орхан ПАМУК – 1,4 млн. лира арқылы екінші орынға тұрақтады.

1952 жылы Ыстамбулда дүниеге келген түрік жазушысы Ферит Орхан Памук, көптеген әдеби сыйлықтарға ие болуымен қатар 2006 жылы Нобель сыйлығын иемденген ең жас үміткердің бірі. Кітаптары 60-тан асқан тілге аударылып, жүзден аса елде жарияланған.

Шығармалары:

  • Cevdet Bey ve Oğulları(«Джевдет бей ве оғуллары»), 1982;
  • Sessiz Ev(«Сессиз эв»), 1983;
  • Beyaz Kale(«Бейаз кале»), 1985;
  • Kara Kitap(«Кара китап»), 1990;
  • Gizli Yüz(«Гизли йүз»), 1992;
  • Yeni Hayat(«Йени хайат»), 1994;
  • Benim Adım Kırmızı(«Беним адым Кырмызы»), 1998;
  • Öteki Renkler(«Өтеки ренклер»), 1999;
  • Kar(«Кар»), 2002;
  • İstanbul: Hatıralar ve Şehir(«Истанбул: хатыралар вэ шехир»), 2003;
  • Babamın Bavulu, Nobel Söylevi(«Бабамын бавулу»), 2007;
  • Masumiyet Müzesi(«Масумиет мүзеси»), 2008;
  • Manzaradan Parçalar(«Манзарадан парчалар»), 2010;
  • Saf ve Düşünceli Romancı(«Саф вэ дүшүнжели романжы»), 2011;
  • Şeylerin Masumiyeti(«Шейлерин масумиети»), 2012;
  • Ben Bir Ağacım(«Бен бир ааджым»), 2013;
  • Kafamda Bir Tuhaflık(«Кафамда бир тухафлык»), 2014;
  • Kara Kitap 25 Yaşında(«Кара китап 25 яшында»), 2015;
  • Resimli İstanbul - Hatıralar ve Şehir(«Ресимли Истанбул – хатыралар вэ шехир»), 2015;
  • Kırmızı Saçlı Kadın(«Кырмызы сачлы кадын»), 2016;
  • Hatıraların Masumiyeti(«Хатыраларын масумиети»), 2016.

3 - Кахраман ТАЗЕОҒЛУ - (Kahraman TAZEOĞLU)

Simru(«Симру»), Söz(«Сөз»), Vazgeçtim(«Вазгечтим») кітаптарының авторы Кахраман ТАЗЕОҒЛУ – 1,3 млн. лира табысымен үшінші орында.

Кахраман Тазеоғлу 1969 жылы Ыстамбулда дүниеге келген. Жас кезінде қиындық көріп өскен ол 19 жасында FM радио хабары арқылы таныла бастады. Кейін бірнеше радио арналарда жұмыс істеп, соңғы рет “Radyo 7” радио арнасына табан тіреп табысты бола бастайды. Ол жазған кітаптарын жариялай бастап, кейіннен “Radyo 7”-ден шығып кетеді.

Кахраман Тазеоғлу шығармаларымен өз оқырмандарын тауып үлгерді. Солардың бірі:

  • Ölü Bir Kentin Morg Alfabesi(«Өлү бир кентин морг алфабеси»), 2002;
  • Mavi Ada Mektupları(«Мави ада мектуплары»), 2002;
  • Tutsak Mektuplar(«Тутсак мектуплар»), 2004;
  • Araz(«Араз»), 200;
  • Susacak Var(«Сусаджак вар»), 2006;
  • Mavi Ev(«Мави эв»), 2007;
  • Bambaşka Söz(«Бамбашка сөз»), 2012;
  • Söz(«Сөз»), 2012;
  • Kıyısızlar(«Кыйысызлар»), 2012;
  • Bukre(«Букре»), 2013;
  • Yaralı(«Яралы»), 2014.

4 - Синан ЯҒМУР - (Sinan YAĞMUR)

Рухани, діни ғашықтық романдары арқылы оқырмандардың қызығушылығын оятқан Синан ЯҒМУР –1,2 млн. лира табысымен төртінші орынға тұрақтады.

Синан Яғмур 1965 жылы Кыршехирде дүниеге келді. Мектепті сонда оқып, 1984 жылы Кыршехир «Имам Хатип» лицейін бітірген. 1990 жылы Селжұқ университеті Илахият факультетін тәмамдады. Ары қарай магистратура және оқытушылық қызметін атқарып келе жатыр Екі баланың әкесі.

Жанұя ішіндегі байланыс, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық және махаббат тақырыптарында конференциялар өткізіп жүрген Синан Яғмур, жергілікті және ұлттық телебағдарламаларға да қатысқан. Түрлі газет-журналдарда еңбектері жарық көрді.

Шығармалары:

  • Kuran’da Büyük Günahlar(«Куранда бүйүк гүнахлар»),
  • Benim Annem Bir Melek(«Беним аннем бир Мелек»),
  • Kaf Dağından Masallar(«Каф дааындан масаллар»),
  • Karagöz ve Hacivat(«Карагөз вэ Хадживат»),
  • Dede Korkut. Seçme Hikayeler(«Деде Коркут. Сечме хикаелер»),
  • Sevda Şelalesi(«Севда шелалеси»),
  • Öğretmence Sevebilmek İnsanı(«Өретменже севебилмек инсаны»),
  • Hz.Mevlana Tennure ve Ateş(«Теннуре вэ атеш: Хазреті Мәулана»),
  • Cennetin Gülü Hz. Muhammed(«Дженнетин гүлү Хазреті Мұхаммед»).

5 - Ахмет ҮМИТ - (Ahmet ÜMİT)

İstanbul Hatırası(«Истанбул хатырасы»), Kukla(«Кукла»), Sultanı Öldürmek(«Султаны өлдүрмек»), Beyoğlu'nun En Güzel Abisi(«Бейоғлунун эн гүзел абиси») романдары және детективті кітаптарының “ұста авторына” айналған Ахмет ҮМИТ – 1,1 млн. лира табысымен бесінші орында тұр.

Түрік ақыны әрі жазушы Ахмет Үмит 1960 жылы Газиантеп қаласында дүниеге кеген. Ол көбінесе детективті роман жанрда қалам тербейді. Жеті балалы отбасының ең кенжесі. Әкесі кілем саудагері, анасы тігінші. Бастауыш сыныбынан соң Газиантеп Ататүрік лицейінде оқиды. 14 жасынан бастап солшыл көзқарастағы бір белсенді болды. Саяси бір тартыстан кейін 24 досымен бірге Газиантеп қаласы сыртына қуғындалғаны үшін лицейді Диярбақырдың Эргани ауданында бітірді.

Басты шығармалары:

  • Sokağın Zulası(«Сокааын зуласы»), 1989;
  • Çıplak Ayaklıydı Gece(«Чыплак аяклыйды гэже»), 1992;
  • Masal Masal İçinde(«Масал масал ичинде»), 1995;
  • Sis ve Gece(«Сис вэ гэже»), 1996;
  • Agatha'nın Anahtarı(«Агатанын анахтары»), 1999;
  • Patasana(«Патасана»), 2000;
  • Şeytan Ayrıntıda Gizlidir(«Шейтан айрынтыда гизлидир»), 2002;
  • Kukla(«Кукла»), 2002;
  • Beyoğlu Rapsodisi(«Бейоғлу Рапсодиси»), 2003;
  • Aşk Köpekliktir(«Ашк көпекликтир»), 2004;
  • Başkomser Nevzat, Çiçekçinin Ölümü(«Башкомсер Невзат, Чичеклерин өлүмү»), 2005;
  • Kavim(«Кавим»), 2006;
  • Ninatta'nın Bileziği(«Нинаттаның билезийи»), 2006;
  • İnsan Ruhunun Haritası(«Инсан рухунун харитасы»), 2007;
  • Olmayan Ülke(«Олмайан үлке»), 2008;
  • İstanbul Hatırası(«Истанбул хатырасы»), 2010;
  • Sultanı Öldürmek(«Султаны өлдүрмек»), 2012;
  • Beyoğlu'nun En Güzel Abisi(«Бейоғлунун эн гүзел абиси»), 2013;
  • Elveda Güzel Vatanım(«Элведа гүзел Ватаным»), 2015.

6 – Айше КУЛИН - (Ayşe KULİN)

Түрік әдебиетінің алдыңғы қатарлы әйел жазушысы Айше КУЛИН – 928 мың лира табысы арқылы алтыншы орынға шықты.

Жазушы, журналист Айше Кулин 1941 жылы Ыстамбұлда дүниеге келген. Ол биографиялық шығармалары мен романдары арқылы қалам тербеген, көптеген сыйлықтарға ие болған жазушылардың бірі.

Шешендігі және қарапайымдылығымен мақтауға ие болған жазушының әңгімелері мен кітаптары сахналанды. Арнавуткөй Америка қыз колледжінің әдебиет бөлімін бітірген. Түрлі газет-журналдарда редакторлық қызметтерін атқарған. Көптеген жылдар телевизия, жарнама және кино фильмдерде сахна көркемдеуші, көркемдік жетекші және сценарист болып қызмет атқарған.

Басты шығармалары:

  • Güneşe Dön Yüzünü(«Гүнеше дөн йүзүнү»), 1984;
  • Bir Tatlı Huzur(«Бир татлы хузур»), 1996;
  • Adı: Aylin(«Ады: Айлин»), 1997;
  • Geniş Zamanlar(«Гениш заманлар»), 1998;
  • Sevdalinka(«Севдалинка»), 1999;
  • Füreya(«Фүрейа»), 2000;
  • Köprü(«Көпрү»), 2001;
  • Babama(«Бабама»), 2002;
  • Kardelenler(«Карделенлер»), 2004;
  • Bir Gün(«Бир гүн»), 2005;
  • Bir Varmış Bir Yokmuş(«Бир вармыш бир йокмуш»), 2007;
  • Veda(«Веда»), 2008.
  • Umut(«Умут»), 2008;
  • Taş Duvar Açık Pencere(«Таш дувар ачык пенжере»), 2009;
  • Türkan(«Түркан»), 2009.
  • Hayat - Dürbünümde Kırk Sene (1941-1964) («Хаят – Дүрбүнүмде кырк сене»), 2011;
  • Bora'nın Kitabı(«Боранын китабы»), 2012;
  • Dönüş(«Дөнүш»), 2013;
  • Hayal(«Хайал»), 2014;
  • Tutsak Güneş(«Тутсак гүнеш»), 2015;
  • Kanadı Kırık Kuşlar(«Канады кырык кушлар»), 2016.

7- Ахмет БАТМАН - (Ahmet BATMAN)

Махаббат тақырыбындағы кітаптарымен танымал болған Ахмет БАТМАН да 853 мың лирамен жетінші орында.

2013 жылы жазушылық мансабы басталған Ахмет Батманның “Sabah Uykum” және “Soğuk Kahve” кітаптары «Дестек» баспасында көп тиражбен жарық көрді. Сондай-ақ, Ахмет Батман әлеуметтік желі саласында ең көп бөліскен жазушы ретінде танылды. Мағыналық сөздері жүрекке барып тиетін махаббат романы Bana İkimizi Anlat («Бана икимизи анлат») кітабының сатылымы арқылы рекорд жасады. Бұл еңбекте Ахметтің сөздері, өмірі баяндалады. Ахмет Батман кім? Ахмет Батманның туған жылы қашан? Ахмет Батманның мамандығы, қай жерден және өмірінің өзегі Өзі жайында барлық мәліметтерді құпия сақтаған Ахмет Батман отыздың о жақ бұ жақ екендігі мәлім болды.

Шығармалары:

  • Sabah Uykum(«Сабах уйкум»), 2013;
  • Soğuk Kahve(«Соуук кахве»), 2013;
  • Bana İkimizi Anlat(«Бана икимизи анлат»), 2014.

8 – Илбер ОРТАЙЛЫ – (İlber ORTAYLI)

Түркияның әйгілі тарихшысы, проф. Илбер ОРТАЙЛЫ – 756 мың лира табысымен сегізінші орыннан көрінді.

Ильбер Ортайлы - Австрияның Брегенц қаласында қырым татары жаңұясында дүниеге келген. Екі жасында әке-шешесі Түркияға көшкен. Бастауыш мектепті Ыстамбұлдағы Австрия лицейінде оқып, 1965 жылы Анкарадағы Ататүрік лицейін бітірген. Сондай-ақ, Вена университетінде слав және Шығыс Европа тілдерін меңгерді. Ол ағылшын, неміс, орыс, француз, парсы және латын тілдерін меңгерген. Магистратурасын Чикаго университетінде әлем дейгейінде танымал тарихшы Халил Иналджыктың жетекшілігімен тәмәдаған. 1974 жылы Анкара университеті саяси білімдер саласында «Танзиматтан кейінгі жергілікті басқару орындары» атты докторлық диссертациясын қорғап шықты. 1979 жылы «Османлы императорлығы кезіндегі немістердің ықпалы» атты ғылыми еңбегі арқылы доценттік атаққа ие болды.

Шығармалары:

  • Tanzimat'tan Sonra Mahallî İdareler(«Танзиматтан сонра махалли идарелер»), 1974;
  • Türkiye'de Belediyeciliğin Evrimi(«Түркиеде беледиежилигин эврими»), 1978;
  • Türkiye İdare Tarihi(«Түркиеде идарэ тарихи»), 1979;
  • Osmanlı İmparatorluğu'nda Alman Nüfuzu(«Османлы импараторлуунда Алман нүфузы»), 1980;
  • Gelenekten Geleceğe(«Геленектен гэлежээ»), 1982;
  • İmparatorluğun En Uzun Yüzyılı(«Импараторлуун эн узун йүзйылы»), 1983;
  • Tanzimat'tan Cumhuriyet'e Yerel Yönetim Geleneği(«Танзиматтан Джумхуриете йерел йөнетим геленэи»), 1985;
  • İstanbul'dan Sayfalar(«Истанбулдан сайфалар»), 1986;
  • Studies on Ottoman Transformation, 1994;
  • Türkiye İdare Tarihine Giriş(«Түркиеде идаре тарихине гириш»), 1996;
  • Osmanlı Aile Yapısı(«Османлы айле япысы»), 2000;
  • Tarihin Sınırlarına Yolculuk(«Тарихин сынырларына йолжулук»), 2001;
  • Osmanlı Mirasından Cumhuriyet Türkiyesi'ne(«Османлы мирасындан Джумхуриет Түркиесине»), 2002;
  • Osmanlı Barışı(«Османлы барышы»), 2004;
  • Barış Köprüleri: Dünya'ya Açılan Türk Okulları(«Барыш көпрүлери: Дүниайа ачылан түрк окуллары»), 2005;
  • Osmanlı’yı Yeniden Keşfetmek-1(«Османлыйы йениден кешфетмек-1»), 2006;
  • Osmanlıyı Yeniden Keşfetmek-2(«Османлыйы йениден кешфетмек-2»), 2006;
  • Osmanlıyı Yeniden Keşfetmek-3(«Османлыйы йениден кешфетмек-3»), 2007;
  • Avrupa ve Biz(«Аврупа вэ биз»), 2007;
  • Tarihimiz ve Biz(«Тарихимиз вэ Биз»), 2008;
  • Tarihin Işığında(«Тарихин ышыында»), 2009;
  • Türkiye'nin Yakın Tarihi(«Түркиенин якын тарихи»), 2010;
  • Defterimden Portreler(«Дефтеримден портрелер»), 2011;
  • İlber Ortaylı Seyahatnamesi(«Илбер Ортайлы сейахатнамеси»), 2013;
  • İmparatorluğun Son Nefesi(«Импараторлуун сон нефеси»), 2014;
  • Türklerin Tarihi, Orta Asya'nın Bozkırlarından Avrupa'nın Kapılarına(«Түрклерин тарихи, Орта Асиянын бозкырларындан Аврупанын капыларына»), 2015;
  • İttihat ve Terakki(«Иттихат вэ теракки»), 2016;
  • İstanbul'dan Sayfalar(«Истанбулдан сайфалар»), 2016.

9 – Сонер ЯЛЧЫН – (Soner YALÇIN)

Журналист әрі жазушы Сонер ЯЛЧЫН – 607,5 мың лира пайда тауып тоғызыншы орынға тұрақтады.

Түрік журналист әрі жазушы Хүсейин Сонер Ялчын 1966 жылы Чорумда дүниеге келген. Анасы Терджан аймағынан, әкесі Хорасаннан. Анасы үй шаруашылығындағы әйел, ал әкесі тағам саудасымен айналысатын саудагер. Университет білімін Хаджеттепе Денсаулық басқарма жоғары оқу орнында бітірген. Одан кейін басқару саласында жоғары білім алған.

Басты шығармалары:

  • Binbaşı Ersever'in İtirafları(«Бинбашы Эрсевин итирафлары»), 1994;
  • Millî Nizam'dan Fazilet'e: Hangi Erbakan?(«Милли Низамдан Фазилете: ханги Эрбакан?»), 1994;
  • Behçet Cantürk'ün Anıları(«Бэхшет Джантүркүн анылары»), 1996;
  • Reis: Gladio'nun Türk Tetikçisi(«Рэйс: Гладионун түрк тетикчиси»), 1997;
  • Bay Pipo(«Бай Пипо»), 1999;
  • The Özal: Bir Davanın Öyküsü(«Зе Өзал: бир даванын өйкүсү»), 2001;
  • Efendi: Beyaz Türklerin Büyük Sırrı(«Эфенди: Бейаз түрклерин бүйүк сырры»), 2004;
  • Efendi 2: Beyaz Müslümanların Büyük Sırrı(«Эфенди 2: Бейаз мүслүманларын бүйүк сырры»), 2006;
  • Siz Kimi Kandırıyorsunuz!(«Сиз кими кандырыйорсунуз»), 2008;
  • Bu Dinciler O Müslümanlara Benzemiyor(«Бу динжилер о мүслүманлара бенземиор»), 2009;
  • Samizdat(«Самиздат»), 2012;
  • Kayıp Sicil: Erdoğan'ın Çalınan Dosyası(«Кайып сиджил: Эрдоғанын чалынан досиасы»), 2014;
  • Galat-ı Meşhur: Doğru Bildiğiniz Yanlışlar(«Галат-ы мешхур: доуры билдииниз янлышлар»), 2016.

10 – Азра КОХЕН – (Azra KOHEN)

Fi, Çi, Pi («Фи, Чи, Пи») атты кітаптары ең көп сатылған кітаптар арасында орын алған Азра Кохеннің табысы 572,4 мың лираға жетіп, алғашқы оныншы орынға иемденді.

Түрік жазушысы Азра Кохен (бүркеншік есімі – Акилах) 1979 жылы Измирде дүниеге келген. Алғашқы кітабы «Fi» - бүркеншік есімімен жарияланғаннан кейін, екінші және үшінші «Çi» мен «Pi» кітабы Азра Кохен атымен жарық көрді.

Стамбул университеті Байланыс факультетінің радио, телевизия және кино бөлімін тәмамдағаннан кейін оқуын Канаданың Оттава университетінде жалғастырды. Ол бір сұхбатында ғылымға деген көзқарасын: «Біз дүниеге үйрену үшін келдік» - деп білдірген. Ағылшын, италян тілдерін меңгерген. Аталмыш бұл үш томдық әңгімелер жинағы «Fi», «Çi» және «Pi» қысқа уақыт ішінде оқырмандардың назарын аударғаннан кейін «Fi» кітабының интернет сериялы нұсқасы да жарық көрді. 2017 жылдың желтоқсан айында Азра Кохен Трафик Мармара Радиоcының(Radyo Trafik Marmara) Yazarın Dilinden(«Язарын дилинден») атты бағдарламасына қатысып Gör Beni ve Dinle Beni(«Гөр бени» және «Динле бени») атты жаңа екі кітабын жазып жатқанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, сол уақытта «Fi» сериялын дайындау кезіндегі бастан өткендерін баяндайтын бір кітапты жазуға бел буғанын тілге тиек етті.

Азра Кохен, 2018 жылы Elele Avon Yılın Yazarı Ödülü(«Elele Avon Жыл жазушысы сыйлығына») ие болды.

Басты шығармалары:

  • Fi(«Фи»), 2015;
  • Çi(«Чи»), 2015;
  • Pi(«Пи»), 2015;
  • Aeden(«Аэден»), 2016.

11 – Джанан ТАН - (Canan TAN)

Piraye («Пирайе»), Yüreğim Seni Çok Sevdi («Юрейим сени чок севди») атты романдары арқылы оқырмандардың қуанышына бөленген Джанан ТАН – 549 мың лираға ие болып, он бірінші орынға шықты.

Түрік жазушысы Джанан Тан 1951 жылы Анкарада дүниеге келген. Анкара университетінің Фармация бөлімін бітірген. Ол әртүрлі әдеби жанрлар байқауында түрлі орындар мен сыйлықтарға ие болған. Измирдегі Yeni Asır(«Йени асыр») газетінің редактор бағанасында мақалалар жариялап тұрды. Milliyet Pazar(«Миллиет пазар») газетінде маңызды оқиғаларды юмор арқылы жариялап отырды. Сондай-ақ, Mimoza(«Мимоза») журналында Çuvaldız(«Чувалдыз»), Kazete(«Казете») атты әйел газетінде Kazete-Mazete («Казете-Мазете») атты айдарларда қалам тербеді.

Басты шығармалары:

  • Eroinle Dans(«Эроинле данс»), 2005;
  • En Son Yürekler Ölür(«Эн сон йүреклер өлүр»), 2005;
  • Sokaklardan Bir Ali(«Сокаклардан бир Али»), 2006;
  • Yüreğim Seni Çok Sevdi(«Йүреим сени чок севди»), 2007;
  • Aşkın Sanal Halleri(«Ашкын санал халлери»), 2010;
  • Piraye(«Пирайе»), 2011;
  • İz(«Из»), 2011;
  • Issız Erkekler Korosu(«Ыссыз эркеклер коросу»), 2012;
  • Hasret(«Хасрет»), 2013;
  • Pembe ile Yusuf(«Пембэ иле Юсуф»), 2014;
  • Söylenmemiş Şarkılar(«Сөйленмемиш шаркылар»), 2017;
  • Çikolata Kaplı Hüzünler(«Чиколата каплы хүзүнлер»), 2017;
  • Kelepçe(«Келепче»), 2018.

12 – Хасан Али ТОПТАШ – (Hasan ALİ TOPTAŞ)

Қысқа әңгімелер мен романдары арқылы танымал түрік жазушысы Хасан Али ТОПТАШ – 442 мың лира табыс тауып он екінші орныннан көрінді.

Роман, әңгіме, жыр еңбектерімен танымал болған түрік жазушысы Хасан Али Топташ 1958 жылы Денизли провинциясының Чал қаласында дүниеге келді.

1990 жылдары жарияланған кітаптары көптеген сыйлықтарға ие болды. Ол кассир, құқық қорғау органы және қазынашылық адвокаты қызметтерін атқарды. Топташ тілді меңгеру шеберлігімен қатар постмодерн әдебиетінің маңызды өкілдерінің бірі саналады. Кинорежиссер Үмит Үнал оның Gölgesizler романы желісі бойынша фильм түсірді. Фильмде жазушы Хасан Али Топташ та ойнайды. Kuşlar Yasına Gider романы Түркия Жазушылар одағы тарапынан «Жыл романы» ретінде танылды.

Басты шығармалары:

  • Bir Gülüşün Kimliği(«Бир гүлүшүн кимлийи»), 1987;
  • Yalnızlıklar(«Ялнызлыклар»), 1990);
  • Ölü Zaman Gezginleri(«Өлү заман гезгинлери»), 1993;
  • Gölgesizler(«Гөлгесизлер»), 1995;
  • Kayıp Hayaller Kitabı(«Кайып хайаллер китабы»), 1996;
  • Ben Bir Gürgen Dalıyım(«Бен бир гүрген далыйым»), 1997;
  • Bin Hüzünlü Haz(«Бин хүзүнлү хаз»), 1998;
  • Uykuların Doğusu(«Уйкуларын доурысы»), 2005;
  • Harfler ve Notalar(«Харфлер вэ ноталар»), 2007;
  • Heba(«Хеба»), 2013;
  • Başlarken Yalnızsın Bitirdiğinde Daha da Yalnız(«Башларкен ялнызсын битирдиинде даха да ялныз»), 2014;
  • Kuşlar Yasına Gider(«Кушлар ясына гидер»), 2016.

13 – Уғур КОШАР – (Uğur KOŞAR)

Bana Allah Yeter («Бана Аллаһ йетер»), Rabbin İçin Sabret («Раббин ичин сабрет»), Beş Rahmet Kapısı («Беш рахмет капысы») атты кітаптары көп сатылған Уғур Кошардың табысы 429,5 мың лираға жетіп, он үшінші орынға тұрақтады.

Түркияның шығысындағы Сиирт елдімекенінің тумасы Уғур Кошардың қашан дүниеге келгені белгісіз. Жазушы діни тақырыптарда кітап жазады. Фыкых, ілім тақырыбында адамдардың бейбітшілікке қол жеткізуіне септігін тигізуде. «Мен сізді жаңа бір нәрсемен таныстырамын. Сізді ұмытып кеткен тек қана «өзіңізбен» қайтадан кездесуіңізге себепші боламын», - деп өз мақсаты мен миссиясын тілге тиек еткен Уғур Кошар, айтқан сөздері арқылы назар аудартып келеді.

Басты шығармалары:

  • Yüzleşme(«Йүзлешме»), 2010;
  • Bilge / Beş Rahmet Kapısı(«Билге / Беш рахмет капысы»), 2012;
  • Derviş / Beş Rahmet Kapısı(«Дервиш / Беш рахмет капысы»), 2012;
  • Sufi / Beş Rahmet Kapısı(«Суфи / Беш рахмет капысы»), 2012;
  • Ermiş / Beş Rahmet Kapısı(«Эрмиш / Беш рахмет капысы»), 2012;
  • Allah de Ötesini Bırak(«Аллаһ де өтесини бырак»), 2013;
  • Kendini Bilen Rabb’ini Bilir(«Кендини билен Раббини билир»), 2013;
  • Bana Allah Yeter(«Бана Аллаһ йетер»), 2014;
  • Aşk / Beş Rahmet Kapısı(«Ашк / Derviş / Beş Rahmet Kapısı(«Дервиш / Беш рахмет капысы»), 2014;
  • En Güzel İsimler Allah’ındır(«Эн гүзел исим Аллахындыр»), 2014;
  • Rabbin İçin Sabret(«Раббин ичин сабрет»), 2017;
  • Evliya ve Eşkıya(«Эвлия вэ Эшкиа»), 2018.

14 – Талха УҒУРЛУЕЛ – (Talha UĞURLUEL)

Соңғы кездері ең көп оқылған жазушылардың бірі Талха УҒУРЛУЕЛ – 405 мың лирамен он төртінші орында тұр.

Түрік тарихшысы, жазушы Талха Уғурлуел Манисада дүниеге келген. 1997 жылы Джелал Байар университетін бітірген. Сегіз жыл жекеменшік радиоларда тарих бағдарламаларын жүргізген. Екі жыл кітап ісімен айналысқан, редакторлық қызмет жасаған.

Түрлі туризм фирмаларында басшылық жасап келеді. Екі тілде кәсіби туристік гид жасайды. Ол жергілікті және шетелдік топтармен Түркияның және әлемнің көптеген жерлеріне бірнеше рет саяхат жасап келеді. Қазір Гази университетінің Өнер тарихы кафедрасында академиялық оқуын жалғастырып келеді.

Басты шығармалары:

  • Çanakkale Savaşları ve Gezi Rehberi(«Чанаккале савашлары вэ гези рехбери»), 2013;
  • Dünyaya Hükmeden Sultan(«Дүниайа хүкмеден султан»), 2013;
  • Kanuni'nin Akıl Oyunları(«Канунинің акыл ойунлары»), 2013;
  • Sarayın Kutsalları(«Сарайын кутсаллары»), 2014;
  • Tarih Tıbbı Konuşturdu(«Тарих тыббы конуштурду»), 2014;
  • Mekanlar ve Olayları ile Hz. Muhammed'in Hayatı(«Меканлар вэ олайлары иле Хз. Мухаммед»), 2015;
  • Balkanların Başkenti Edirne(«Балканларын башкенти Эдирне»), 2016.

15 - Метин ХАРА – (Metin HARA)

Физиотериапист жазушы Метин ХАРА да 369 мың лира табысымен он бесінші орынға табан тіреді.

Ол 1982 жылы Ыстамбұлда дүниеге келді. Үскүдар Америка колледжін тәмамдағаннан кейін Чапа мемлекеттік ауруханасының «Физиотерапия және реабилитация» бөлімінде білім алады. Көптеген жылдар осы салада өзін дамытқаннан кейін 10 жыл кәсіби Қосымша медицинамен емдеу жұмыстарымен айналыса бастайды. Бүгінгі күнге дейін жүздеген адамның ем-домына үшін қол ұшын берген, өмірлерін өзгерткен және көзқарастары мен техникаларын он мыңнан аса адамдармен бөліскен Метин Хара, бірнеше БАҚ ұйымдары арқылы миллиондаған адамдарға дауысын жеткізе білді. 2008 жылы “Dinle Neyden(«Динле Нэйден»)” атты фильмде “Derviş(«Дэрвиш»)” рөлі арқылы Халықаралық Анкара кино фестивалінде сыйлық иегері атанды. Cол жылы төрткүл дүниеге берген семинарлары арқылы көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ, әлемнің түрлі елдерінен алған білімдері мен энергияға толы техникалық білімін заманауи медицина ғылымымен ұштастырып тиімді бір емдеу мектебін қалыптастырған Метин Хара, махаббат пен ой күшінің нелер жасай алатынына ғылым мен тәжірибе арқылы көрсетіп келеді.

Басты шығармалары:

  • Invasion of Love - The Path, 2015;
  • Aşkın İstilası – Dem(«Ашкын истиласы – Дем»), 2016;
  • Aşkın İstilası – Yol(«Ашкын истиласы – Йол»), 2016;
  • İyiliğin Bilim Hali(«Ийлийн билим хали»), 2018;
  • İyiliğin Hareket Hali(«Ийлийн харекет хали»), 2018.

16 – Джанан КАРАТАЙ – (Canan KARATAY)

Тамақтану жөніндегі маман проф. доктор Джанан КАРАТАЙ – 334 мың лира табысымен он алтыншы орынды місе тұтты.

Джанан Каратай 1943 жылы Элазигте дүниеге келді. 1961 жылы Үскүдар Американ қыз лицейін, 1967 жылы Ыстамбұл университеті Медицина факультетін тәмамдаған. 1972 жылы Ыстамбұл университеті Емдеу клиникасының Іш аурулары мамандығының даярлық курсын бітірді. Англия өкіметінің шәкіртақысымен Ливерпуль аймақтық Кардио орталығында Кардиология мамандығы бойынша білім алды. 1979 жылы доцент болды. 1987-1995 жылдар аралығында Нью-Йорк денсаулық сақтау ұйымы мемлекеттік университетінің жүрек аурулары саласында зерттеулер жасады. 1995-1997 жылдары арасында Газиантеп және Ыстамбұлдағы жекеменшік ауруханаларда, «Интенсивті коронарлық терапия» және «коронарлы ангиография зертханасын» құрды. 1997-20002 жылдары арасында Йедитепе университеті Медицина факультеті, 2002-2006 жылдары аралығында Кадир Хас университеті Медицина факультетінде оқытушы ретінде қызмет етті. 2006-2010 жылдары арасында Түркияда алғашқы және жалғыз денсаулық сақтау саласындағы университеті бар Ыстамбұл Билим университетінде ректор болды. Осы күнге дейін Ыстамбұл Билим университеті Медицина факультетінде Іш аурулары мен кардиология кафедрасында оқытушылық қызмет атқарып келеді.

Басты шығармалары:

  • Karatay Mutfağı(«Каратай мутфаы»), 2012;
  • Karatay Diyeti & Bilimsel Gerçeklerle Kilo Vermenin ABC'si(«Каратай диети & Билимсел герчеклерле кило верменин АБэДжеСи»), 2013;
  • Karatay Diyeti'yle Obezite ve Diyabete Çözüm Var!(«Каратай диетийле обезите вэ диабете чөзүм вар!»), 2013;
  • Karatay Diyeti'yle Beslenme Tuzaklarından Kurtuluş Rehberi(«Каратай диетийле бесленме тузакларындан куртулуш»), 2013;
  • Karatay Diyeti'yle Yaşam Boyu Sağlık(«Каратай диетийле яшам бойу саалык»), 2013;
  • Anne Adayları ve Hamileler İçin Karatay Diyeti(«Анне адайлары вэ хамилелер ичин Каратай диети»), 2015;
  • Gerçek Tıbbın 10 Şifresi(«Герчек тыббын 10 шифреси»), 2018.

17 – Ахмет ШИМШИРГИЛ – (Ahmet ŞİMŞİRGİL)

Тарихшы, проф. доктор Ахмет ШИМШИРГИЛ 331 мың лира табысы арқылы он жетінші орында тұр.

Ахмет Шимширгил 1959 жылы Синоп провинциясының Бойабат қаласында дүниеге келген. 1978 жылы Ататүрік университетінің Әдебиет факультеті «Тарих» бөліміне түсіп, 1982 жылы Йеничағ кафедрасында ғылыми қызметкер болып жұмыс істей бастады. Ахмет Шимширгил 1985 жылы магистратураны бітіріп, 1989 жылы Мармара университетінің Әдебиет факультеті "Тарих" бөліміне ауысты. 1990 жылы “Osmanlı Taşra Teşkilatı’nda Tokat(1455-1574)(«Османлы Ташра тешкилатында токат»)” атты еңбегімен Тарих докторы атағын алды. 1997 жылы доценттік дәрежесі атағын алды.

2003 жылы профессор атағын алған Ахмет Шимширгил, Осман мемлекетінің қала тарихы, саяси өмірі мен ұйымдары туралы бірнеше мақала жариялаған. Ол Мармара университеті Әдебиет факультеті Тарих бөлімінде оқытушылық қызметін атқарып келеді. Үйленген, үш баласы бар.

Басты шығармалары:

  • Devr-i Gül Sohbetleri(«Девр-и гүл сохбетлери»), 2012;
  • Kayı I – Ertuğrul’un Ocağı(«Кайы І – Эртуғрулун оджағы»), 2013;
  • Kayı II – Cihan Devleti(«Кайы ІІ – Жиһан дэвлети»), 2013;
  • Kayı III – Haremeyn Hizmetinde(«Кайы ІІІ – харемейн хизметинде»), 2013;
  • Kayı IV – Ufukların Sultanı Kanuni(«Кайы ІV Уфукларын Султаны Кануни»), 2013;
  • Kayı V – Kudret ve Azamet Yılları(«Кайы V Кудрет вэ азамет йыллары»), 2013;
  • İstanbul, Fetih ve Fatih(«Истанбул, фетих вэ Фатих»), 2013;
  • Valide Sultanlar ve Harem(«Валиде султанлар вэ харем»), 2014;
  • Denizler Fatihi Piyale Paşa ve Cerbe Zaferi(«Денизлер Фатихи Пиале паша вэ Джэрбе зафери»), 2015;
  • Kayı VI – İmparatorluğun Zirvesi ve Dönüş(«Kayı VІ – Импараторлуун зирвеси вэ дөнүш»), 2015;
  • Kayı VII – Kutsal İttifaka Karşı(«Kayı VІІ – Кутсал Иттифака каршы»), 2015;
  • Fethin Kahramanları(«Фетхин кахраманлары»), 2015;
  • Ahmed Cevdet Paşa ve Mecelle(«Ахмед Джевдет паша вэ Мэджелле»), 2015;
  • Slovakya’da Osmanlılar(«Словакияда Османлылар»), 2015;
  • Kayı VIII – Islahat, Darbe ve Devlet(«Kayı VІІІ – Ысхалат, дарбе вэ дэвлет»), 2016;
  • Bir Müstakil Dünya: Topkapı Sarayı(«Бир мүстакил дүния: Топкапы сарайы»), 2016;
  • Eşrefoğlu Rûmî(«Эшрефоғлу Руми»), 2016;
  • Osmanlı Gerçekleri(«Османлы герчеклери»), 2016;
  • Sultan II. Kılıç Arslan ve Aksaray(«Султан ІІ. Кылыч Арслан вэ Аксарай»), 2016;
  • Otağ – I Büyük Doğuş(«Отағ – І Бүйүк доууш»), 2017;
  • Otağ – II Emir Timur(«Отағ – ІІ Эмир Тимур»), 2017;
  • Kaptan Paşa’nın Seyir Defteri(«Каптан пашанын сейир дефтери»), 2018.

18 – Адем ГҮНЕШ – (Adem GÜNEŞ)

Тұлғалық даму кітаптары арқылы танымал болған Адем ГҮНЕШ306 мың лира арқылы он сегізінші орынға тұрақтады.

Педагог доктор Адем Гүнеш 1969 жылы Анкарада дүниеде келген. Мектепті Түркияда бітіріп, кейін Роттердам университетіне түсіп «Педагогика» бөлімін тәмамдаған. Магистратураны «Социология» бөлімінде оқып, докторонтураны Сакария университетінде жалғастырады.

Адем Гүнеш, Халықаралық отбасы терапия ассоциациясы(IFTA-International Family Therapy Association), Aмерикан Психологтар ассоциациясы (APA- American Psychological Association), Oйын терапиясы ассоциациясы (APT-Association for Play Therapy) және Aмерикан Кеңесшілер ассоциациясының (ACA- American Counseling Association) мүшесі.

Түрлі журналдарда балалар білімі тақырыбында мақалалар жазды, мемлекеттік радио арналарда балалар білімі жайлы бағдарламалар жүргізді. Tүркия Ғылым және технология зерттеу қоғамы (TÜBİTAK) тарапынан жүргізіліп жатқан балаларға арналған жобасы бар.

Жарияланған 20 түрік тілінде, 2 ағылшын тілінде еңбектері бар. Балалар білімі саласында Түркияның ең көп шығармалары сатылған жазушылар қатарында. Педагогика және отбасы кеңесшісі болған Адем Гүнеш “Mother&Baby” және “Aktüel Yaşam” журналдарында жарияланып тұрады. Үйленген, төрт баланың әкесі.

Шығармалары:

  • Rahat Bırakın Beni(«Рахат быракын бени»), 2008;
  • Tatil Sürecinde Çocuk Eğitimi(«Татил сүрежинде чожук эйитими»), 2012;
  • The Wonder of Childhood, 2012;
  • Doğal Ebeveynlik(«Доал эбевейнлик»), 2013;
  • Çocukluk Sırrı(«Чожуклук сырры»), 2013;
  • Çocuk Neyi Neden Yapar? 1(«Чожук нейи неден япар? 1»), 2014;
  • The Education Of Privacy For Children, 2014;
  • Çocuk Eğitiminde Doğru Bilinen Yanlışlar(«Чожук эйитиминде доуру билинен янлышлар»), 2014;
  • Mahremiyet Eğitimi(«Махремиет эйитими»), 2015;
  • Ergenlik Döneminde 100 Temel Kural(«Эргенлик дөнеминде 100 темел курал»), 2015;
  • 7-14 Yaş Dönemi Çocuk Eğitiminde 100 Temel Kural(«7-14 яш дөнеми чожук эйитиминде 100 темел курал»), 2015;
  • Edinerek Öğrenme(«Эдинерек өуренме»), 2016;
  • Bilmezsen Korkarsın Tabi Terapi Hikayeleri(«Билмезсэн коркарсын таби терапи хикайелери»), 2017;
  • Çocuk Eğitiminde 100 Temel Kural(«Чожук эйитиминде 100 темел курал»), 2017;
  • Çocuk Deyip Geçmeyin(«Чожук дейип гечмейин»), 2017;
  • 0-6 Yaş Dönemi Çocuk Eğitiminde 100 Temel Kural(«0-6 яш дөнеми чожук эйитиминде 100 темел курал»), 2018;
  • Güvenli Bağlanma(«Гүвенли бааланма»), 2018;
  • Aile ile Bağlanma: Aidiyet(«Айле иле бааланма»), 2018;
  • Çocuk Neyi Neden Yapar? 2(«Чожук нейи неден япар? 2»), 2018;
  • Annelik Sanatı(«Аннелик санаты»), 2018;
  • Pozitif İletişim(«Позитиф илетишим»), 2018.

19 – Назан БЕКИРОҒЛУ – (Nazan BEKİROĞLU)

Кітаптары көп сатылған жазушылар арасында ғалым Назан Бекироғлуның табысы 304 мың лираға жетіп он тоғызыншы орынға табан тіреді.

Назан Бекироғлу 1957 жылы Трабзонда дүниеге келген. 1979 жылы Ататүрік университеті Әдебиет факультеті «Түрік тілі және әдебиет» бөлімін тәмамдаған. 1987 жылы докторлықты қорғаған. Бірнеше универмитетте оқытушылық қызмет атқарған. Ақын Нигар Ханым атты еңбегі арқылы доценттік дәрежесі атағын алды (1995). Ол 2001 жылдың 4 мамырында профессор атағын алған.

Үш балалы қалалық бір жанұяның ең кенжесі болған Назан Бекироғлу, өзінің “ehl-i kalem ve kelam”(«қалам ұстаған жазушылар, сөздер» мағынасында) сөзі арқылы әкесімен тығыз байланыста болса, өте білімді анасы мен екі ағасына еркелеп өскен. Оның өлең, әңгіме, сын және зерттеулері Dolunay, Türk Edebiyatı, Milli Kültür, Kayıtlar, Yedi İklim, Dergâh журналдары мен Zaman Gazetesi газетінде жарияланған. Назан Бекироғлу екі қыздың анасы.

Назан Бекироғлу, Түркия Жазушылар одағының 2013 жылғы «Сын» номинациясы(Cümle Kapısı – «Джүмле капысы») және 2016 жылғы «Әңгіме» номинациясы(Cam Irmağı Taş Gemi – «Джам ырмағы таш геми») сыйлығын иемденді.

Шығармалары:

  • Nun Masalları(«Нун масаллары»), 1997;
  • Şair Nigâr Hanım(«Шаир Нигар Ханым»), 1998;
  • Halide Edib Adıvar(«Халиде Эдиб Адывар»), 1999;
  • Mor Mürekkep(«Мор мүреккеп»), 1999;
  • Yusuf İle Züleyha(«Юсуф иле Зүлейха»), 2000;
  • Mavi Lâle(«Мави лалэ»), 2001;
  • İsimle Ateş Arasında(«Исимле атеш арасында»), 2002;
  • Cümle Kapısı(«Джүмле капысы»), 2004;
  • Cam Irmağı Taş Gemi(«Джам ырмағы таш геми»), 2006;
  • Lâ: Sonsuzluk Hecesi(«Ла: сонсузлук хеджеси»), 2008.

20 – Нежат ИШЛЕР – (Nejat İŞLER)

Атақты актер Нежат Ишлердің Gerçek Hesap Bu («Герчек хесап бу») атты кітабы ең көп сатылған. Ол 240 мың лирамен ең көп табыс тапқан жазушылар арасында соңғы, яғни жиырмасыншы орынды місе тұтты.

Түрік актеры Нежат Ишлер 1972 жылы Ыстамбұлда дүниеге келген. Бастауыш сыныптан кейінгі білімін Чағалоғлу Анадолу лицейінде жалғастырады. Жаңа ортаға үйрене алмаған мектепте танымал болу және сабағынан қашу үшін мектептің театр бөліміне қатысады. Қысқа уақыт ішінде танымал болған Нежат, сабақтарын ақсата бастайды. Лицейді бітіргеннен кейін университетке түсе алмаған соң ақша табу үшін дәмханада жұмыс істей бастады. Жасаған істері ойлағандай болмай қарызға батады. Қарыздарынан құтылу үшін Махмутпашадан жейде алып, Тешвикиеде сата бастайды. Қыс айларында жейде орнына кітап, журнал және күтабақ пластинка сата бастайды.

Екі жылдан кейін Йылдыз техникалық университеті «Фотография» бөліміне түседі. Бірақ бұл бөлім екі жылдық оқу болуымен қатар әскерлік себебінен бас тартады.

Жетістіктері:

  • Ең үздік еркек актер («Yumurta» фильмі), 2007;
  • Ең үздік еркек актер («Yumurta» фильмі), 2008;
  • Ең үздік еркек актер («Şeytan Ayrıntıda Gizlidir» фильмі), 2005;
  • Ең үздік еркек актер («Mustafa Hakkında Herşey» фильмі), 2005.

Фильмдегі рөлдері:

  • Eylül Fırtınası(«Эйлүл фыртынасы»), Büyük Metin, 1999;
  • Mustafa Hakkında Herşey(«Мустафа хаккында хэршей»), Fikret, 2003;
  • Anlat İstanbul(«Анлат Истанбул»), Ramazan, 2004;
  • Çalıntı Gözler(«Чалынты гөзлер»), Halil, 2005;
  • 2 Süper Film Birden(«2 сүпер филм бирден»), Refik Bey, 2005;
  • Barda(«Барда»), Egzozcu Selim, 2006;
  • Yumurta(«Юмурта»), Yusuf, 2007;
  • Yaşamın Kıyısında(«Яшамын кыйысында»), Komiser, 2007;
  • Siyah Beyaz(Сиях бейаз«»), Doktor, 2009;
  • Ejder Kapanı(«Эждер капаны»), Ensar, 2009;
  • 11'e 10 Kala(«11-е 10 кала»), Ali, 2009;
  • Çınar Ağacı(«Чынар ааджы»), Yağız, 2010;
  • Kaybedenler Kulübü(«Кайбеденлер кулүбү»), Kaan, 2010;
  • Kış Uykusu(«Кыш уйкусу»), İsmail, 2013;
  • Behzat Ç. Ankara Yanıyor(«Бехзат Ч. Анкара яныйор»), Ercüment Çözer, 2013;
  • İstanbul Kırmızısı(«Истанбул кырмызысы»), Deniz Soysal, 2016;
  • İkimizin Yerine(«Икимизин йенрине»), Doğan, 2016.

Сериялдағы рөлдері:

  • Gurur(«Гурур»), 1994;
  • Şehnaz Tango(«Шехназ танго»), 1994-1996;
  • Deli Yürek(«Дели йүрек»), 1999;
  • Borsa(«Борса»), 2000;
  • Nasıl Evde Kaldım(«Насыл эвде калдым»), 2001;
  • Dedem, Gofret ve Ben, 2001;
  • Gülbeyaz(«Гүлбейаз»), 2002;
  • Aşk ve Gurur(«Ашк вэ гурур»), 2002;
  • Sultan Makamı(«Султан макамы»), 2003;
  • Kurşun Yarası(«Куршун ярасы»), 2003;
  • Şeytan Ayrıntıda Gizlidir(«Шейтан айрынтыда гизлидир»), 2004;
  • Çemberimde Gül Oya(«Чемберинде гүл ойа»), 2004;
  • Aliye(«Алийе»), 2004;
  • Beyaz Gelincik(«Бейаз гелинджик»), 2005;
  • Bıçak Sırtı(«Бычак сырты»), 2007;
  • Kapalı Çarşı(«Капалы чаршы»), 13-бөлім, 2009;
  • Parmaklıklar Ardında(«Пармак»), 3-сезон, 2009;
  • Behzat Ç. Bir Ankara Polisiyesi(«Бехзат Ч. Бир Анкара полисиеси»), 2-сезон, 2010-2011;
  • Sessiz Olmaz(«Сессиз олмаз»), 2011;
  • Keşanlı Ali Destanı(«Кешанлы Али дестаны»), 2011;
  • İntikam(«Интикам»), 2-сезон, 2013.

Әзірлеген


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар