Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖОЛДАУ
Ең ұнағаны Педагогтардың мәртебесі туралы заң қабы...

05.10.2018 2913

Ең ұнағаны Педагогтардың мәртебесі туралы заң қабылдау

Ең ұнағаны Педагогтардың мәртебесі туралы заң қабылдау  - adebiportal.kz

Жолдауды тыңдадық. Биылғы Жолдаудың форматы да қызық ұйымдастырылған екен. Бұрын Елбасы кезекті Жолдауын оқып, түсіндіріп қана кетуші еді, биылғы Жолдауды жиналысқа айналдырып жіберді де, елдің болашағы үшін "бәрің жауаптысыңдар" дегендей Премьер-Министрден бастап, барлық министр, әкім-қараларды тік тұрғызып, жауап алып отырды. Мүмкін осылай құлағына құйса, көш түзелер деген шығар. Қалай болғанда да биылғы Жолдау абстрактілі дүниелерге емес, халықтың әл-ауқатын көтеруге, елдегі нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталып отырғаны көңілге сенім ұялатты. Ең ұнағаны "Педагогтардың мәртебесі" туралы Заң қабылдау жөніндегі бастама, дәрігерлердің жалақысын көтеру жөніндегі ұсыныс, полиция мен сот қызметін жетілдіру, адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен мемлекеттік қызмет көрсету ісін дамыту туралы нақты тапсырмалары. Көрейік енді.

Ақберен Елгезек, ақын,

Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар