Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖОЛДАУ
Енді елімізде мыңдаған отбасы баспаналы болмақ ...

06.10.2018 3451

Енді елімізде мыңдаған отбасы баспаналы болмақ

Енді елімізде мыңдаған отбасы баспаналы болмақ  - adebiportal.kz

Біз бизнеске еліміз тәуелсіздік алып жатқан алмағайып заманда келдік. Сол кезеңнен бері Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздегі бизнестің дамуына, өсіп-өркендеуіне баса назар аударып келеді. Тиісті органдарға қажетті тапсырмалар беріп, кәсіпкерлерді назардан тыс қалдырған емес. Біз бұған Елбасымен бірге 7 елді аралап, бизнес форумдарға қатысқан кезде көз жеткіздік. Бүгінгі жолдау расында қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталып отыр. Тапжылмай отырып, бастан аяқ көріп шықтым. Енді елімізде мыңдаған отбасы баспаналы болмақ. Бизнеске жеңілдіктер жасалмақ. Сондықтан Елбасы жолдауына қолдау ретінде алыс-жақын шет елдерден 10 қазақ отбасын елге көшіріп әкеліп, туған жерім Қошқар Ата ауылына орналастырып, бастарына баспана, алдарына мал салмақпын. Мақсатым – Елбасы Жолдауын оқыған әрбір бизнес өкіліне, заманауи тілмен айтқанда, месседж тастау.

Күні кеше ғана Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Борлысай ауылдық округіне Beeline байланыс операторының станциясын орнаттық. Енді ауыл тұрғындарына жылдам интернет пен сапалы байланыс қолжетімді болмақ. Жуырда инвесторлармен бірігіп 70 пайыз энергия экономдайтын 500-ге жуық көше шамын тарттық. Осының бәрі Елбасының бизнеске жасаған қамқорлығының арқасы. Алдағы уақытта да ел экономикасы мен халық игілігі үшін жұмыс істеймін. Оның ішінде кешегі Жолдауда айтылған ішкі туризм мәселесі де бар.

Оралбек Ботбай, кәсіпкер


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар