Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Ер Едіге - Ноғайлы дәуірінің жыры» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

25.01.2021 2102

«Ер Едіге - Ноғайлы дәуірінің жыры» атты ғылыми-практикалық конференция өтті 12+

Ақтөбе облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, 2021 жылғы 22 қаңтар күні Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Ер Едіге - Ноғайлы дәуірінің жыры» ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Өнегелі шара қастерлі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тарихымызды дәріптеу, батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету, ұлы тұлғаларымызды ұрпақ есінде қалдыру, төл өнерімізді өрістете отырып, түркі халықтарына ортақ тарихи тұлғаның есімін ұлықтауға және ортақ мұра — «Едіге батыр» эпосының ұлттық фольклордағы, рухани дамуындағы рөлі, жалпы түркі руханиятында алар орнын дәріптеуді мақсат еткен.

Конференцияның жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутат­тары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік орган­дар­дың, белгілі ғалымдар мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, ақын-жазушылар, атақты жыршы-жырауларымыз, өлкетанушылар, Нұр-Сұлтан қаласында еңбек етіп жатқан ақтөбелік жерлестер, «Едіге», «Қазақ эпос» қоғамдық қорларының және БАҚ өкілдері қатысты.

Шарада белгілі тарихшылар, жыршылар мен өлкетанушылар тек эпос қана емес, жалпы, Едіге би тұлғасының зерттелуі мен ұлықталуы, қазақ ғалымдарының едігетануға қосқан үлесі төңірегінде әңгіме өрбітіп, жарыққа шыққан «Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» музыкалық альбомы таныстырылып, отандық және шетелдік ғалымдардың баяндамалары тыңдалды.

Соңғы екі жылда Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Ноғайлы дәуірі жырларының антологиясын шығаруды қолға алған болатын. Сол жұмыстың нәтижесінде, 2020 жылы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жыршы-жырау Алмас Алматовтың жетекшілігімен «Ер Едіге» — Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбом жарыққа шықты.

Жинаққа «Едіге батыр» эпосы, сондай-ақ Мұрын жырау нұсқасындағы «Қырымның қырық батыры» және «Қарасай-Қази» дастаны (Қайролла Иманғалиев нұсқасы), т.б. ел арасында кеңінен жырланып жүрген көлем­ді дастандармен де ерекше байытылып, енген. Жалпы саны 40-тан асатын жыршыдан 60 сағаттық жыр жазып алынды.

«Ер Едіге» — түркі халықтары арасында ең көп тараған жырлардың бірі. Жинаққа енген жырларда көптеген тарихи тұлғалардың есімдері аталып, ерлік істері баяндалған.

Музыкалық альбом 500 данамен жа­рыққа шықты және екі бөліктен тұрады. Ұлттық нақыш­­тармен безендірілген бірін­ші кітапта «Қырымның қырық батыры» және «Едіге батыр» туралы тарихи мәлімет, жырды бізге жет­кізген жыраулар, еліміздің әр өңірінен сол мұраларды жыр­ла­ған жыршы-жыраулардың өмір­баяндары, қазақ, орыс және ағыл­шын тілінде берілсе, келесі кітап­шаның ішінде жыр жазылған 10 диск орналасқан.

Музы­калық альбом кітапханаларға таратылып, жыр қадірін білетін қалың көрермен үшін тең­десі жоқ дүние болмақ.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар