Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ербол Тілешов: Қазақ тілін 137 сөзбен-ақ түсініп, ...

04.10.2016 4225

Ербол Тілешов: Қазақ тілін 137 сөзбен-ақ түсініп, сөйлеуге болады

Ербол Тілешов: Қазақ тілін 137 сөзбен-ақ түсініп, сөйлеуге болады - adebiportal.kz

4474712.jpg



Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында өткізілген іс-шаралар және атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тлешов сөз қозғады. 

Өз сөзінде қазіргі күні мемлекеттік тілді үйрету, насихаттау бойынша портал, сайттардың іске қосылып, қоғам игілігіне пайдалануға берілгендігі жөнінде хабарлады. Және де аталған портал, сайттардың жұмысын көпшілікке қолжетімді ету мақсатында мобильді қосымшаларының да әзірленгендігін және жылдам жүктеу жүйесінің де жұмыс жасап жатқандығын атап өтті. 
- Қазақ тілінің әдістеме саласына келер болсақ, қазіргі таңда Орталық әдіскерлері мен мамандары Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасымен «Қазақ тілін модельдер арқылы оқытудың мультимедиалық нұсқасын» және «Қазақ сөзі» оқу-әдістемелік құралын әзірлеп жатыр. Бұл әдістемеде тіл үйретуге қажетті сөздер сұрыпталып, күнделікті қолданылатын сөздердің минимумы алынды. Оның өзін белгілі бір деңгейге бөліп қарастырамыз. Алғашқы қазақ тілінің 137 сөзін білсеңіз, осы тілді түсініп, өзара қарым-қатынас орната аласыз. Біз сөздердің күнделікті қолданылу жиілігіне қарай, 137 сөзді таңдап, бастапқы деңгейге оқу-әдістемелік құрал шығардық. Ендігі кезекте осы құралдың жалғасы ретінде 500 сөзге құрастырылған оқулықты әзірлеп жатырмыз, -деді Е.Тілешов.




Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар