Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Фариза Оңғарсынова оқулары І республикалық көркемс...

22.04.2014 4922

Фариза Оңғарсынова оқулары І республикалық көркемсөз байқауы

«Әдебиет порталы» қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Халық жазушысы – Фариза Оңғарсынова атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің І республикалық интернет-байқауын өткізеді. 

Байқаудың басты мақсаты – халықтың жүрегінен орын алған поэзия падишасының өлеңдерін жастар арасында насихаттау, қазақ әдебиетін интернет арқылы дамыту, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу.

Байқау шарттары: 

–          Байқауға қатысушылар Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін өзі оқып, оған бейне ролик жасау арқылы қатыса алады. 

             Ұсынатын жұмыстары екі тілде қабылданады (қазақ және орыс тілдерінде);

–          бейне ролик көлемі 2 минуттан кем болмауы және 10 минуттан аспауы керек; 

–          ақынның өлеңін қатысушы өзі оқуы керек;

–          бейне ролик клип түрінде немесе әуесқой түсірілім ретінде қабылданады;

–          байқауға қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды;


Интернет-байқаудың қазылар алқасы үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:  

–          өлеңді оқу шеберлігіне; 

–          дауыс мәнеріне және тіл тазалығына; 

–          өлеңді таңдау талғамына;

–          ұсынылған бейне роликтің сапасына назар аударады;

–          Сапасы төмен бейне роликтер қабылданбайды.


Интернет-байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен төмендегідей жүлделі орындар табысталады:

Бас жүлде – Samsung Galaxy S5 смартфоны және ақынның «Ғашық жүрек» жыр жинағы

І орын – Samsung Galaxy Note ІІІ смартфоны және ақынның «Ғашық жүрек» жыр жинағы

ІІ орын – Samsung Galaxy Note ІІ смартфоны және ақынның «Ғашық жүрек» жыр жинағы

ІІІ орын – Samsung Galaxy S4  смартфоны және ақынның «Ғашық жүрек» жыр жинағы

Ынталандыру сыйлықтары


Байқауға ұсынылатын шығармалар 2014 жылдың 18 желтоқсанына дейін мына adebiportal@kzcontent.kz электронды мекен-жайға жолдануы керек. 

Интернет-байқаудың жеңімпаздары 2014 жылы 25 желтоқсанда ақынның туғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылатын еске алу кешінде марапатталады.

Біздің мекен-жайымыз: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі», 3 кіреберіс. Байланыс телефондары: Тел/факс: +7(7172) 79 82 06. 8 702 622 50 89, www.adebiportal.kz

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар