Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«ҒАЛЫМДАР және ХАТТАР» жинағы жарыққа шықты

04.05.2019 361

«ҒАЛЫМДАР және ХАТТАР» жинағы жарыққа шықты

Нұрсұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасында әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, ҚР ҰҒА академигі Зәки Ахметовке арналған «ҒАЛЫМДАР және ХАТТАР» – «УЧЕНЫЕ и ПИСЬМА» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті.

Жинаққа Зәки Ахметовтың ғалымдармен жазған хаттары мен құттықтау жеделхаттары берілген. Атап айтатын болсақ, олардың арасында, С.Е. Малов, Г.И. Ломидзе, Н.Н. Тобуроков, З.С. Кедрина, А.А. Петросян В.М. Жирмунский, Ә.Марғұлан, М.Қозыбаев С. Бәйішұлы, В.А. Куманов және т.б. бар. Сондай-ақ, жинақта академик Зәки Ахметовтың«Өмірде адамның бір тірегі болу керек қой. Менің тірегім – ғылым, әдебиетті тану, зерттеу, насихаттау (оқыту)» деген сөзі келтірілген.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының жаңа жылмен құттығаны да берілді: «Жаңа 2002 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Бұл Жаңа жыл Сізге және туған-туыстарыңызға тек қуаныштар мен молшылықтар сыйласын. Ойға алғандарыңыз орындалып, жаңа арман-мақсатта­рыңыз алға жетелей берсін. Зор денсаулық, бақыт пен береке тілеймін!» делінген жедел хатта.

Ресей лингвисті, шығыстанушы-түрколог ғалым С.Е.Маловтың хаты да көрсетлген:

Уважаемый товарищ

Сначала по письмам из Алма–Аты и Ашхабада, а затем постепенно и из разговоров здесь, в Ленин­граде, я узнал, что мои друзья, сослуживцы и уче­ники предполагают в январе 1950 г. приветствовать меня и тем отметить мое 70-летие. Я очень благода­рен за это.

В 1945 г. в г. Алма–Ате меня чествовали по слу­чаю 40 лет моей научно-педагогической деятель­ности и 65-летия со дня рождения. Тогда вышел и Сборник – подарок мне, изданый в г. Фрунзе.

Я нахожу, что для меня вполне достаточно тех похвал, адресов и приветствий, незаслуженных мною, которые я тогда выслушал и получил. Во вто­рой же раз (по случаю 70-летия) я убедительно про­шу этого не делать и освободить меня от нескольких дней треволнений. При моих нервах в сердце мне это будет очень трудно переносить.

Еще раз прошу не устраивать мне «юбилея», тем более, что я не думаю быть в эти дни января в Ле­нинграде.

С благодарностью и приветом:

Сер. Малов

Әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы Зәки Ахметовтың 1984 жылы 5 қаңтарда жазылған хаты да берілген:

Заки

Саған екі жаңа мақала жіберіп отырмын. Біреуі «Тамғалы-Тас» бетпақ Дала шөлінде сақталған.

Екіншісі ескі Найман, Керей, Уақ (Өңіт­тердің Алтайда, Селенгі өзенінің басында, Орхон өзенінде Жүңсар даласында тасқа жазып түсір­ген қысқаша жазулары, таңбалары.

Орталық Қазақстанда аң аулап жүріп Жо­шы-ханда, оның баласы Ежен-ханды аттарын тасқа түсірген. Оларда Тамғалы-тас мақаласына бірге беруге болады. Бұл еш бір ғылым білмейтін тамаша нәрсе ғой.

Сәлем мен Алкей

5 январь, 1984 ж.

Аталмыш жинақты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы шығарды. Жоба жетекшісі: ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаева, ғылыми кеңесшісі Әдебиеттану, фольклоршы ғалым, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Сейіт Асқарұлы Қасқабасов, құрастырушы: Әлеуметтік ғылымдар магистрі Мөлдір Төлепбайқызы Баймаханбетова болды.

Кітап ғалымдар мен оқытушыларға және студенттерге арналған.

Сондай-ақ, тұсаукесерде академик З. Ахметовтің өмірі мен творчествосына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап түсаукесеріне әдебиеттану, фольклоршы ғалым, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктері – Сейіт Қасқабасов, Жабайхан Әбділдин, Мырзатай Жолдасбеков, Шәкір Ыбраев, Серік Негимов, филология ғылымдарының докторы, профессорлар –Әлібек Асқаров, Шерубай Құрманбайұлы, Болат Қорғанбеков, Айгүл Үсен, Марат Әбсеметов, Ербол Тлешов, Мақпал Оразбек және т.б. ғалымдар мен ЖОО-ның оқытушылары, магистранттары мен докторанттары қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар