Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Гүлнәр Шәмшиева: Ризалық туын көтерейік...

19.05.2016 4773

Гүлнәр Шәмшиева: Ризалық туын көтерейік

Гүлнәр Шәмшиева: Ризалық туын көтерейік - adebiportal.kz

Жаңбыр-досымның жанға сыйлаған көлін көр,

Сексен мұхитты шайқайтын Рухтың елін көр!

Бақытсыздықтың жаназасына келіңдер,

Ризалық туын көтерейік!

 

Жыр-үкі тағып, дүр- гаухар қадап, маңдайға,

Торда қалдым-,деп, бұлбұл сыймады, таңдайға!

Ең зор қайғы да бақытты жанды таңдай ма,

Ризалық туын көтерейік!

 

Оны танысаң, жалған дүние тар екен,

Бұл – қасиеттілер кешкен хал екен!

Жаны жомарттар -Жамалына Иенің зар екен,

Ризалық туын көтерейік!

 

Көзіңді аш, пенде, - дүние байлығы – ләззәт па?

Расул с.ғ.с. үмметім -, демес, залым, бетпақ, кәззапқа.

Не берсе де – риза болайық, Раззаққа,

Ризалық туын көтерейік!

 

 

                              Күнікей қыз

 

Шыршаның жүрегінде тиын отыр,

Сап-сары, үлпілдеген сезім болып.

Сел-нөсер көк төсінен құйып жатыр,

Менің сексен көл болған кезім болып,

Кеткем, сол көлдеріммен жазым болып.

 

Тау өксіп, тұман киіп, құшты бұлтын,

О, Падишам, кінәлі бұл құлды қара!

Бұлақ-сәби былдырлап, ішті күлкім,

Жасымды қосып ішті, пора-пора,

Жүрек-жетім ішінде мұңы тола!

 

Мендік қайғы – ешбір жан көтермейтін,

Ер шыдамас, толағай сын болды бір!

Жырымда- еріп кеткен шекер кейпім,

Шырын әнім – шер кезде тыңдалды бір!

Күнікей қыз, көзіңді аш, үн келді бір!

 

Күнікей қыз, - көкірегің ертегі әлем,

Күн астында өмірің өтіп еді-ау!

Көкке ұмтылған – өлермен, неткен жан ең,

Қылует-күндер құлпырды, жасымады-ау,

Кетерсің, айналаңа шашып, алау!!!  

 

 

                  Дала қызғалдаққа шомылып жатыр

 

Опа-далабын бұлттардан жағып ап,

Көкжиек қызарды – найзағай соғып ап.

Хош иісі барады- кеудені жарып-ақ,

Дала- қызғалдаққа шомылып жатыр.

 

Көктемнің кірпігін боядым, жырыммен,

Қарағай жантайды, өзенге сүрінген.

Шар-жаным ұшып жүр, - шаттықпен үрілген,

Дала қызғалдаққа шомылып жатыр.

 

Самал жел тінтіп жүр, қайдасың, досым.- деп,

Самғап кеттім ғой, ақында – осы індет!

Алауын арбалып, кірмеді, есім көп,

Дала қызғалдаққа шомылып жатыр.

 

 

                  Сіз берген сырнайды тарттым

 

Мұң шағудың соңғы нотасы бұл – Құтыбым,

Аластадым да, жалған дүниенің түтінін.

Бұлбұлым күліп, сыйқырлы, жұмбақ, жұтып үн,

Сіз берген сырнайды тарттым!

 

Әлем қуанды, - әуезің неткен сазды! – деп,

Сұлу мақамымен жасырын келген жаз түлеп.

Қасыретін тауысып, қаңқылдап кетіп, қаз жүрек,

Сіз берген сырнайды тарттым.

 

Арзан бақыт та болмаған еді, еншімде,

Тылсым досың ем, Ғаршының жұрты- көршің бе?

Азаны ерттеп,  Рухыма, - өлермен, өршілге,

Сіз берген сырнайды тарттым!

 

Абыздай толқып тұрдыңыз – дүние алдында

Маржанын сүзіп, теңіздің, толқын, жалдың да.

Ешбір жанда жоқ қайғыны таңдап алдым да,

Сіз берген сырнайды тарттым!

 

Жаңбыр жылынды – кеудеме кіріп, лаулаған,

Боздап алды бір, басын қойды да тау маған!

Өртеніп алшы, қызғалдағыңа, оу, далам,

Сіз берген сырнайды тарттым!

 

 

                       Жаратқанды пәктеп тұр

 

Жәннәт күлкі – мендегі, гүл жихазын құрғамын,

Шашбауында көктемнің – сыңғырлаған сырға-күн!

Алау түске шомылған – ымырттағы жырларым,

Жаратқанды пәктеп тұр!

 

Жауып жатыр төбемнен – сары гүлдер нөсері,

Көктемімен қауышқан – көңіл неткен хош еді!

Сағыныштан бұлт таққан – көкжиектің кешені,

Жаратқанды пәктеп тұр!

 

Әлемінде – тыныштық, тынысында – гүл өмір,

Толассыз бұл тірліктен- панасына түне бір!

Махаббаттан мүлгіген – мүкті қара, міне бір,

Жаратқанды пәктеп тұр!

 

Келші, дұға қылайық- жұма келді, ақ боп бір,

Жайнамазда жалындап, дәргахына шоқ боп кір!

Өзі берген кітаптарым – өзін ғана пәктеп тұр,

Жаратқанды пәктеп тұр!

 

 

                     Мәңгі екен

 

Шарабыңды өксіп, сіміріп алып,

Аспанда нота жазып жатырмын!

Ғарыш тірлігіне үңіліп алып,

Дүниеден тірідей озып жатырмын!

 

Бұл дүниемді бота күйінде –

Құрбандық етіп жібердің бе екен?

Моцарттық сахна ойнап, күйінбе,

Мәңгілік сәтте күлермін бе екен?

 

Гүл-жүректі , дүние – баудай қып, орып,

Қызыл ақықтай жайраған құлың.

Қан-қызғалдақ жыр таудай қып, өріп,

Оянғанымды тойлағам, бүгін!

 

Өлместен бұрын өлмек бар, - дейді,

Өліп алғаныма – тәубе етем!

Меніңді жерге жерлеп кел,- дейді,

Махаббаты Оның – мәңгі екен!!!

 

 

                       Тағы оянды бір көктем

 

Алау таң мен өзеннің – күтіп алдым, күлкісін,

Жүз құбылған, салайын, - тоты жырдың түр-түсін!

Жадыратып, жандарды – самалым кеп, жұлқысын,

Тағы оянды, бір көктем!

 

Өзен даусы гүрілдеп, талдар оған алаңдап,

Мамыражай, келді әуен, артта қалды, боран шақ.

Көл-сыяға батырып, алдым мен де қаламсап,

Тағы оянды, бір көктем!

 

Қанатында жырымның – қаңғып кеткем, мен бүгін,

Балын сыйлап, шырын күн, жарып шықты, торды үнім!

Өзеніне тәубенің – жуып алдым, шерді мың,

Тағы оянды, бір көктем!!!

 

 

               Түнім – тек нұр

 

Жаздың Моцартымын – әуенін жазған,

Гүлдің бояын ап, өлеңім қалған!

Қызғалдақты өлкемде – Күнім жанған,

Күлімдеп тұр!

 

Жасыл жапырақ – жанымды сыйпады,

Сұлу атырап – шертпе күй шағы!

Аспан – асың төк, шарап құй, тағы,

Түнім – тек нұр!

 

Таң арай, хош иіс, тныштық тұныпты,

Тікенді жұлдым да, бұздым, құлыпты!

Жандардың кеудесін лаулатып тұрыпты,

Гүлім – шоқ бір!!!

 

 

                   Дидарыңды аңсасам

 

Мөлтілдеген көзем халін сұраған жан бар ма екен?

Өксіп аққан өзен зарын сұраған жан бар ма екен?

Аңыраса, саз-ән, сарын – жылаған жан бар ма екен,

Дидарыңды аңсасам!

 

Ессіз, анау самал желден сәлем айтып жіберсем,

Алау гүлі шайқатылып, кеудемдегі күрең сең!

Алақаннан сусып кетер, - мына дүние – күл, өңшең,

Дидарыңды аңсасам!

 

Кешірші, - деп,  тәубе-теңіз тереңіне құлаймын,

Жүрегіме сырға салды – Ғарыштағы сыр-айдын!

Пенделіктен ада болып, періште боп, жылаймын,

Дидарыңды аңсасам!

 

Қыран-қанат құштарлығым – көкке қанат жаясың,

Күн батарда қаныменен жырларымды боясын!

Қияметте нәсіп етші – Аршының саясын,

Дидарыңды аңсасам!

 

                   

 

             Көркем жырымды жазып

 

Күн бұрымында дірілдеп, шолпыдай жырым,

Теңіз көңілім тасыды, толқыды-ай, бүгін!

Әуен боп кетті, ауада – шалқып-ай, сырым,

Көркем жырымды жазып.

 

Бұлт – пәрәнжі болып, Күн жүзін қызғанды, қара,

Арқалы ақындай, гүл шашып, жынданды, дала!

Сыңғырын қостым – дәптерге шешіп, сырғамды, жаңа,

Көркем жырымды жазып.

 

Тылсым тілімен сөйлеген – өзен мына,

Саған жудым, ойларым тазарды ма?

Қуандырайыншы, мен бүгін, тозаңды да,

Көркем жырымды жазып.

 

                  Қызыл ішік киген дүние-ай

 

Рухың – бұл дүниеде бәрібір жалғыз, жетім-ді,

Жаны жұтаңдар – қансорғыш, кене секілді!

Арыстан – үнсіз, түлкінің сөзі өтімді,

Қызыл ішік киген дүние-ай!

 

Қарқылдамайын десең, - қарғамен бірге отырма,

Қирайды, бір күн – Ханға тігілген шатыр да.

У-ды көп ішкізген – киелі Биге, Батырға,

Қызыл ішік киген дүние-ай!

 

Жаны жомарттың жағасын қандап қояды,

Жетесіздер тек – ішіп-жеп қана тояды.

Қыза алмай тұр ма, алтын ғасырдың тойы әлі,

Қызыл ішік киген дүние-ай!

 

Бұл көштің мұңы – бұрынғы көштен ерекше,

Хайуан – адамға! Адам айналған – терекке!

Қиямет жақын – бізге осы тартыс керек пе?

Қызыл ішік киген дүние-ай!

 

                  

Жаңа бір күн туды ма

 

Сері таудың сенделіп, сезімінде,

Бұлт сәнденді, - түседі, көзі кімге?

Жырым қылышын алды, өткір – сөзі мүлде,

Жаңа бір күн туды ма?

 

Жарқылдаған алмас па, қылышы оның,

Жап-жасыл көктем бе екен, тынысы оның.

Ойлы саусақ шертеді, сыр ішегін,

Жаңа бір күн туды ма?

 

Жапырақтар жаңбыры – орман іші,

Ақын-қайыңның бұл тылсым толғанысы.

Самал-қылығыма таудың көр, таңданысын,

Жаңа бір күн туды ма?

 

Сезім-өзен арнадан тасып ақты,

Жер-ана, нұрына алақан тосып апты.

Дала – алау гүлден сүйінші шашып жатты,

Жаңа бір күн туды ма?

 

              Қазағымның жері бұл

 

Ей, жасыл дала, қызыл алқаңды қалайын,

Қызғалдағыңмен жырымды өріп алайын!

Кемпірқосақ сезім боп, көкжиегіңді орайын,

Қазағымның сұлу жері бұл!

 

Таудың төсіне кірпігін қадап, Күн анау,

Бұлттан боз шапан киіп, сері көл, бұлалау.

Мүмкін емес қой, жайын ойлап, жыламау,

Қазағымның сұлу жері бұл!

 

Фәйіз жаңбырына ғұсыл алғанда – жер бүгін,

Нарттай қызыл қамзол киген – көр гүлін!

Бақытты жырыммен бұрымыңды сен де өр, Күнім,

Қазағымның сұлу жері бұл!

 

                 Аспан жерге моншағын

 

Самалдың саусақтары – ауада жыр жазып жүр,

Ей, ақын, қиялдан түс, болдың ба, мұң қазып бір!

Алтын ғасырында – сөздерің тыңдалып тұр,

Аспан жерге моншағын төгіп алды!

 

Теңіз де інжуін шашып, көз жауын алады енді,

Гаухар, деп, көкке көтермес, адамдар - қоланы енді,

Пәк, ғаріп болған жандардың жолы да болады, енді,

Аспан жерге моншағын төгіп алды.

 

Түлкіні – төрде семірген – босаға бір тебер ме екен,

Кетпейді, жең ұшынан енді, жандарға – жүлделер бөтен.

Түн-сәкіні босатайықшы! Жарқ етті, Күн жеңеді екен,

Аспан жерге моншағын төгіп алды!

 

               Дүние жалған екен

 

Мына дүниенің сыртына – шығып кеткелі, мен қашан,

Іздеуді қойған, таныстар – жердің бетіне қонбасам.

Көкжиектегі алауға ілініп қалған – қан-жоса ән,

Дүние – жалған екен!

 

Тәнімнің қамы – тәркі боп, Рухымның қамына алаңдап,

Думан өмір орайды –лапылдап қайта жанам- деп.

Шегіркөз- дүние қарайды – қайтсем түсіріп алам деп

Дүние – жалған екен!

 

Адасқан күлкім дәруіш боп,-  Аңызақ елден түңіліп

Ішітарлардың қысымынан жырымды жыртып, мың ұрып.

Әкеттім бе екен, қапыда – жердің теңізін сіміріп,

Дүние – жалған екен!

 

                          Ол – сондай күй

 

Рухтың жайын ол айтар – егілесің ал келіп

Жаның толқып жатады, ел түсінбес халге еніп.

Мұң шанақтан шығады үкі таққан – сәнденіп

Ол – сондай күй!

 

Шертпе күйдің шерінде – ғасыр даусы зор екен,

Сазын ұрлап тыңдаған – тентек, ерке жел екен!

Мұң сімірген – ол әуен – теңіз мінез сел екен,

Ол – сондай күй!

 

Оны жазған жандардың жаны көкке ауған ғой,

Тылсымдағы саусағы – аспан төсін сауған ғой!

 

Күміс алқа дыбыстар – хал тілінде жауған ғой

Ол – сондай күй!

 

Жанның жырын айтады – біз секілді сөйлемей,

Көкке барып қайтады, сезім жүрек ой көмей.

Пора-пора жыртылған дәруіштік жейдедей,

Ол – сондай күй!

 

Оны тыңдап – лағады, Абыз жаның далаға,

Мұз-кеудені шағады, үні отқа тола ма?

Жанып кетем демесең, қос ішекке жолама

Ол – сондай күй!

 

                       Жасыл жыр

 

Мүктер кесте салған мына тасты көр,

Тауға келіп сөз сөйлеймін, тосты бер!

Түзу жолға елді салар есті бер,

Жасыл жырдың жапырағы ұшып жүр!

 

Жабырқаған тереземе Күн келді,

Науқасымнан айығам ба, шын ба енді?

Бақшаларым – гүл шығынан нұрға енді,

Жасыл жырдың жапырағы ұшып жүр!

 

Көбелектің қанатында – көктем бар,

Жанатындар – уыстайды, от пен қар!

Көкке әкелер, - ақын біткен шеккен зар

Жасыл жырдың жапырағы ұшып жүр!

 

Жазғы таудың жұлынына жыр қадап,

Сері өзен сандығынан сыр тонап.

Қара жерді менсінбеген – бір қонақ

Жасыл жырдың жапырағы ұшып жүр!

 

                    Көзімнен тамшылап жатыр

 

Тастың үстінде – мүк қалашығы

Сыртына күліп, шыққан асылы!

Інжуге толып, шық қарашығы

Көзімнен тамшылап жатыр.

 

Сарқыраманың қасқыр дауысы

Ұлып тұрғанда – ойлы тау  іші!

Гаухар сезімім түнді тауысып,

Көзімнен тамшылап жатыр!

 

Ақынның бүгін жаны мұң – керім,

Жасын оятқан жарық үндерім.

Сағыныш- деген сары гүлдерім

Көзімнен тамшылап жатыр!

 

Кесел дүниеде зар шоқтай қарып,

Жанды жұлмалап, шаршатты-ай, ғаріп.

Мөлдіреп, қайғым – моншақтай болып,

Көзімнен тамшылап жатыр!!!

 

               Суретке түсірді

 

Дәптерге егіп, лала, раушан, түр-түрін,

Үлбіреумен өтті бүгін – гүл-күнім!

Шырын-сезім жапырағын сілкідім,

Суретке түсірді – найзағай!

 

Мөлдір өзен шомылдырып, жырымды

Мөлдір тұсқа алтыбақан құрылды!

Қызғалдақтан көрінбеген түрімді

Суретке түсірді-найзағай!

 

Көл көркінен аумай қалды, көңіл де,

Жырым ұшты – самал желдің жеңінде!

Самғап келем, түсімде, әлде өңімде,

Суретке түсірді, найзағай!

 

Мақпал түнде мұң-мұхитқа Ай батып,

Ойлы өмірді періште-әнмен тойлатып.

Дала төсін жыр-жаңбырыммен тойлатып,

Суретке түсірді, найзағай!!!

 

                      Жамалыңды көрсем-ау

 

Көктегі сәт пе, жердегі сәт пе, айырман,

Дастархан толы бал тамған жырлар қойылған.

Күлкі төгілді, сүттей боп тұнған Айымнан

Жамалыңды көрсем-ау!

 

Сұр күндер кетті, сыйыспай – қызғаншақтармен,

Гүл күндер келді, хош иіс, сұлу бақтармен.

Қауырсын ұшты, жырмен жіберген хаттармен,

Жамалыңды көрсем-ау!

 

Жасыл жүрегім  - жапырақ желпіп, ғаріпке,

Көзді ағызардай, теңселтті, сұмдық жарық кеп.

Жаптым, парағын – жер ақыретке әліппе,

Жамалыңды көрсем-ау!

 

                Жауһар

 

Көкжиектен сары уыз таң құлайды,

Отырамын жырыммен жеке қалып.

Жан самалым тербесе, балбырайды,

Ей, ақ қайың – жапырағың бөпе болып.

 

Жырларымның шамымен түнін жағып,

Қайғысына қайғырдым, кең өлкенің.

Маңдайына ғибадат гүлін тағып,

Ауыр күннің мәйітін жөнелтемін!

 

Жасыл сәттің бояуын ап қалайын,

Сұр көңіл де шомылсын, гүлдеріме!

Өзен-күлкім тау жарса, тоқтамайын,

Жұлдыз шашып, дүниенің түндеріне!

 

Елге ұсынып, жырымды – гауһар көлді,

Аққулары танытып, тосын қылық.

Ауыстырып жатырмын – жауһарға енді

Ей, дүние – қап-қара тасыңды үгіп!

 

                Күн боп

 

Жер жоқ – жасыл бояуда қалқып тұрмын,

Мақпал сезімінде – барқыт түннің.

Көліммен бұл өлкеге көлкіп кірдім,

Күн боп, шапанымды жайдым, тауға!

 

Сезіндім, сені – мекеннен де биік,

Даналығыңды, даралығыңды сүйіп.

Жақындай қалсам – қанаттарым күйіп,

Күн боп, шапанымды жайды тауға!

 

Мына орманда сыңсыған – мың жасау мұң,

Мұң ішінде мұнартып, бір жасармын!

Жапырағыңның көз жасын жырға салдым,

Күн боп, шапанымды жайдым, тауға!

 

                    Жапырақ дүние

 

Жапырақ- дүние – ұшып та бір күн кетерсің,

Бір күні – у-сың, бір күні – тәтті шекерсің!

Жан біткеннің дүниеден бәрі өтер шын,

Жапырақ дүние – ұшып та бір күн кетерсің!

 

Көл бола алдың ба, - шомылып алар, бал құрақ,

Жар бола алдың ба – қырандар қонар, албырап?

Пасық боп өтсең – өмір сүргенің сандырақ,

Жапырақ- дүние – ұшып та бір күн кетерсің!

 

Жүрекке зәмзәм ұсына алмасаң – не тірлік,

Махаббатымды жоғары жаққа көпір қып.

Жалғанда мынау – жетім боп жүріп, жетілдік,

Жапырақ дүние – ұшып та бір күн кетерсің!

 

Құр ішіп, жеумен, қарын тойғызып, аттансаң –

Жәһәннам тартар – тәкәппар, залым боп қалсаң!

Жәннәт тартатын – періште халге тоқтал, сен,

Жапырақ дүние – ұшып та бір күн кетерсің!

 

Намазың жоқ па? Өкпең қысылар – ол жақта,

Шапағат сұра – Расулға с.ғ.с. пірге жалтақта!

Ашылсын бізге – жәннәтқа апарар сол қақпа,

Жапырақ дүние – ұшып та бір күн кетерсің!

 

                         Сағынышым – сен ғана

 

Тау тылсымын жаным көрді – тылсымымыз тым ұқсас,

Жасылымды жаяйыншы, - босат мені, құлыпты аш!

Қара еді, ағарыпты – су астында тұрып тас,

              Сағынышым – сен ғана!

 

Кемпірқосақ күлді, Күннен – Алтыбақан құрып ап,

Алау гүлдер албырады – жырларыма кіріп ап!

Самал-тентек ұшырды оның -  күлтелерін жұлып ап,

Сағынышым – сен ғана!

 

Өзен-үнге  тал жұбанған – мендік арман биікте,

Шыдаймыз ғой, шыдап жүрміз – жер деген бұл күйікке!

Көк-төркінді аңсаған ел – мендей болып сүйіп пе,

Сағынышым сен ғана!

 

Көкжиек-көл шақырады, – бізге де бір келші-, деп,

Хош иісінен әтір себер, - жырым оған көрші боп!

Сенен алыс қалған сайын, ықыласым өршімек,

Сағынышым сен ғана!

 

Сұлулықтың сыры – сенде, Жаратқаным, Жасаған,

Мына ақын құлың шерде, көңілі – бұлт, босаған!

Түйедей боп, көтердім-ау, - алып жырға босанам!

Сағынышым – сен ғана!

 

                 Көркемсің Ием

 

Көркемсің, Ием, көркемнен,

Нұр жұтып алдым, өлкеңнен.

Қара пиғылдар – қарғадай

Күн-сезіміме өртенген!

 

Сұлусың, Ием, сұлудан,

Алғанда, сенен жылу жан.

Тәтті боп кетті өмірім –

Жұтып алғанда мың удан!

 

Данасың, Ием, данадан,

Нұрың сұлу – жанды ораған!

Көкке ұшып кеттім, жаныма

Жер беті салған жарадан!

 

Раззақсың, Ием, Маликсің,

Ұстазы – Әзиз, салихтың!

Ақын боп қалдым – бетінде –

Сен өзің жазған тарихтың!

 

                 Ғашықтардың мекеніне қарай

 

Самал жүгірді – гүлдерден гүлге,

Өртеніп алып, сіздегі Күнге!

Өзімді тастап, кеткенмін, мүлде,

Ғашықтардың мекеніне қарай!

 

Жасыл шапанды жаз болдым, бүгін,

Бұлбұлға қонған – саз болдым бүгін!

Ұшып кетуге аз қалдым, бүгін,

Ғашықтардың мекеніне қарай!

 

Масағын жырдың орып кетті – күз,

Сіз келіп, көкке – алып кеттіңіз!

Сарғайып ұшты – солып, тектіңіз,

Ғашықтардың мекеніне қарай!

 

Тау көтере алмас – қайғымды берсе,

Аққуы шулаған айдынды көлше –

Толқып ұшқанын - жанымның көрсең,

Ғашықтардың мекеніне қарай!                                   

                          

 

               Тәуелсіз елім

 

 

Шапқан біледі, боз аттың халін,

Тыңдайды, әлем, ғажап жыр-әнің.

Күн боп, көгіңе шығып ал, енді,

Таң атты, алаулап, қазақтың таңы!

 

Иісін аңқытып, жұпар гүл егем,

Қазақпын, бүгін, қайта түлеген!

Жыр-жапырақты шашып, әлемге

Шайқатылып тұр, жаным бұл емен.

 

Көл боп, құрғаған, Арал болып ем,

Қырылған – мыңдаған, марал болып ем.

Жерімде тұрып, басынғандарға,

Намысын бермес, адам болып ем.

 

Бар боп кетсем де тойып, таспаған,

Құшағын жұртқа жайып, астанам.

Қазақпын ғой, мен, қонақ келді-, деп,

Жалғыз түйесін сойып тастаған.

 

Бұлбұл – Күләшпін, әлем еліткен,

Қажымұқанмын, темір көрік пе ем.

Асыл Мұхаммед с. ғ. с. үмметімін мен,

Алласын сүйген, алыс шеріктен!

 

Үш бимін, ханмын, сөзі жер асқан,

Бала бимін, көзін жаңа ашқан.

Ел басы иман тұғырында өсіп,

Елдермен дос боп, сөзі жарасқан!

 

Иманмен өссе- жаны гүлдейді,

Рахманилардың таңы – нұр, дейді.

Жүрегі қатты шетелдерде де,

Қазақтың мұңды әні жүр-, дейді.

 

Жомарттық – сенің болмысыңда еді,

Ұшырып жүрген шер құсың ба еді?

Алтыбақан құрып, ақсүйек ойнап,

Қазағым дала көркі шын еді.

 

Пәктік те сенің еншіңде бар-ау,

Әлем таңқалар көркің де зор-ау!

Желбіреп тұрсын, олимпиядада

Гимнмен тербеліп, көк туың жалау!

 

Сен сондай елсің, қазақтың елі,

Қазақтың елі – ғажаптың елі!

Жанкешті Рухыңмен жұлынып келсең

Қашып кетердей, тозақтың өзі!

 

Желтоқсандағы жан азабың-ай,

Сталин дәуірі талағанын-ай!

Бодан болғанда шерменде күйде

Не дауа болды, жара жаныңа-ай!

 

Аңырақайдағы «Елім-ай» жырың,

Қайғы жасытқан шерің- ай, мұңың!

Аққу-қазағым – қасиеттісің,

Пәктеніп күтті, көлің, айдының.

 

Әлем үлгі алар, сендей арлыдан,

Өлермендігіңнен өлмей, қалғыды ән.

Саңқ етіп, көкке көтерілді де

Томағасын сыпырды, қазақ – сол қыран!

 

Таңқалдыратын әлемді, бұл – сен,

Өртер, өзгенің өзегін, білсең!

Жер-дүниенің кілті сенде тұр,

Ұлы әруақ – қазағым, бұл – сен!!!

 

Алтын ғасырдың бесігі – сенсің,

Даланың сұлу – хош үні – сенсің!

Иманмен өскен ұл мен қыздарың

Дүние халқының асылы болсын!

 

Сөзіңде тоқтар мағына болсын,

Бұлбұлдың үні жағыңа қонсын!

Билерің – Дана, елбасың – Күн боп,

Ақының жыр боп, ағыла берсін!

 

Ибалы болып, қыздарың өссін,

Берекелі боп, тұз-дәмі жастың.

Қырағы ұлдарың Отанын қорғап,

Тұзағы үзілсін, құрғаны қастың.

 

Астана салды – әлем таң қалды,

Дала көркейіп, бәрі жанданды.

Әлемдік додада жеңімпаз болып,

Қзағым биік алды заңғарды.

 

Өнерде де озды, дара тұлғалар

Қыраның көп-ау, қанатын қағар!

Сөздің зергері – ойлы шешен-ді,

Қасиеттінің санатында олар!!!

 

Миуалы бағың, өзен-көлдерің,

Асқар тауларың, сұлу жерлерің.

Алтын ғасырдың бесігі болар,

Бесік тербеткен ғажап ел ме едің?

 

Ақылды ұрпағың өсіп келеді,

Көкейін арман тесіп келеді.

Әлем таныйтын қаламгерлерің

Қайығын жырдың есіп келеді.

 

Толқын заманнан қайықтай өтсең,

Әуен боп, көкте, қалықтай кетсең.

Жай болып, түсіп, қазағым жерге

Көзді ағызатын жарықтай жетсең.

 

Абай сәлемін, Сәкен сәлемін,

Үмітін жағып, күтіп ал, елім!

Яссауи бабамның иманындай бол,

Берекесі мен құты бар елім!

 

Көкке шығарсың, көгеріп, сонда,

Тектілігіңмен теңеліп, ханға!

Жүзіміз нұрлы болып тұрсыншы,

Жаратқанға ұнап, сол Мақшар таңда!!!!

 

Шапқан біледі, боз аттың халін,

Тыңдайды, әлем, ғажап-жыр халің.

Күн боп, көгіңе шығып ал, енді,

Таң атты, алаулап, қазақтың таңы!!!

 

                       

                      ІІ бөлім

 

                  Ей, қазағым, көзіңді аш

 

Пәк жүректер мұхиты – толқынданып барады,

Дүниеге қыс түсіп, салқын болып барады.

Тажал – сұмның қолында халқым қалып барады,

Ей, қазағым, көзіңді аш!

 

Мағынасыз жүрістен зомби болған шемен көз,

Майкі киген көшеде – ашық кіндік, содан без!

Тәубеңе кел, әйтпесе, өтіп кетті, жаман көз,

Ей, қазағым, көзіңді аш!

 

Теледидар мәз, бүгін, шайтанның тұр, қолында,

Жеңіл әзіл, бос күлкі – ақыреттегі сорың ба?

Киелілер тасада, тұр ма, алтын торында,

Ей, қазағым, көзіңді аш!

 

Тозақ қазір конфетке оранып тұр, білдің бе?

Нәпсі-торға пейілің қамалып тұр, білдің бе?

Ойсыз жандар беделді саналып тұр, бұл күнде,

Ей, қазағым, көзіңді аш!

 

Азаматтың кеудесі – қан сорғалап барады,

Әдепсіздік үйреткен – шеттен келген қонағы!

Аңызақтан, бұл соққан – иманы жоқ солады,

Ей, қазағым, көзіңді аш!

 

Қараңғы боп көрмеген, ешқашан да түн бұлай,

Бір-бірінің сыртынан ор қазады, сұмдық-ай!

Норкілерді өлтіріп, шуба кисе, құнды ма, ай,

Ей, қазағым, көзіңді аш!

 

Хайуаннан төмен ғой, залым болған, - ол аңдар,

Періштеден жоғары – қасиетті адамдар!

Әділ сотқа дайын тұр, Мақшардағы алаңдар,

Ей, қазағым, көзіңді аш!

 

Жаны пәктің тәні пәк, мөлдір өзен секілді,

Айналасын нұр қылып, жебер – ғаріп, жетімді!

Елдің қамын сұрайды, Хаққа жылап, Екінді,

Ей, қазағм, көзіңді аш!

 

Маскі киіп, түлкі боп, тұрғаныңды ол көрер,

Шарасыз жан шырылдап, Мақшар таңда сенделер!

Иеңді пәкте, сонда, жан азасынан емделер,

Ей, қазағым, көзіңді аш!

 

Нұр сауылдап, жалыңнан, Алтын ғасыр, келші, енді,

Оят, қызғалдақ белді, шамын әкел, жер сөнді!

Махди туы тігілсін! Тарт, алаулы желкенді!

Ей, қазағым, көзіңді аш!!!

 

                       ІІІ бөлім

 

                Махаббатың мақамы мың хикметтен тұрады

 

Сағыныштың сазынан жүрек-құмыра сыңғырлар,

Тұңғиық сол тылсымның сырын айтса, бұл Гүлнәр.

Көзден жасын төгеді, аңыратып, бұлбұлдар,

Махаббатттың мақамы – мың хикметтен тұрады!

 

Махаббат, ол – өмірім, махаббат ол – шырыным,

Үлгі болып, ойсызға, елге жетсін, бұл үнім!

Ұстазымыз текті еді,жетелесін, құлынын,

Махаббатың мақамы – мың хикметтен тұрады!

 

Сезіміне Күн Оның – күйіп қалған, деседі,

Әуезіне асқар тау ұйып қалған,- деседі.

Раббысының Жамалын сүйіп, солған,- деседі,

Махаббаттың мақамы – мың хикметтен тұрады!

 

Гүл-жыр жазсам – ол дағы, - науқасымның мәуесі,

Жауһар қылар, Рухыңды, бұл дүниенің мәуесі,

Маймылдықты «селфилеп», кірмес, жердің әлі есі,

Махаббаттың мақамы – мың хикметтен тұрады!

 

Жердің дертін көк аспан жамайыншы,- дейді ме,

Жанның өртін шоғы осқан, тонайыншы, дейді ме?

Естілмеген бір әнге салайыншы,- дейді ме,

Махабаттың мақамы – мың хикметтен тұрады.

 

Жұпарыма тау жерік, жүрек гүлден көрінбей,

Тентек өзен гүрілдеп, жоса-жоса шерім ғой!

Ана өмірім – тірі ме? Бұл өмірім – құрбандық,

Махаббаттың мақамы – мың хикметтен тұрады!

 

Қараңғыға нұр шашар – өлеңдерім Ай түсті,

Жылдар бойы қинаған науқасыма жай түсті!

Қызғалдаққа шомылдым –кидім, енді, қай түсті?

Махаббаттың мақамы – мың хикметтен тұрады!

 

Тіл жетпейтін Дидарың тұр – мына әлем үстінде,

Жәудіреттің, моншақтай, кәусар көлге түстім бе?

Сені пәктеп, Әзизім, сайрап өтті, құс-күн де,

Махаббаттың мақамы- мың хикметтен тұрады!!!

 

                    

                                 

             Періште қанатынан

 

Періштенің қанатынан қауырсын алып,

Жыр жаздым – мөп- мөлдір!

Нұрыма ғұсыл ап, тауым қуанып,

Гүл қылып, қаулатты, қайғысын шеккен жыр!

 

Аққуым маңғаз боп, жүзгенде,

Көл беті мамыражай демалып.

Ынтызар демін үзгенде

Қамыс сыбызғы боп, жоғалып.

 

Тәтті әуен қамалып, ішінде,

Тыңдаса ел – аһылап кетеді-ау!

Зар шегіп, Жамалың үшін де

Диуана –дүниеден өтем-ау!!!

 

                 Мың гүлді құшақтап тұрмын

 

Жанымда жарқырап өлең

Мен оны халқыма берем.

Жұпары – аңқыған ерен,

Мың гүлді құшақтап тұрмын!

 

Әрбірі – жырым ғой, шоқ, шын,

Иісі есті алып кетсін!

Өзіңе хош болып жетсін,

Мың гүлді құшақтап тұрмын!

 

Раушан, қызғалдақ, лала,

Кеудем – сағыныш тола!

Саған – жанда көп, нала,

Мың гүлді құшақтап тұрмын!

 

Жанымнан ұшып, жарық көп,

Көліме аққу серік кеп.

Жүрегім көктемге еліктеп,

Мың гүлді құшақтап тұрмын!!!

 

Сұлулық аңқыған қырдан

Нұрына шарпыған бұл таң!

Үзіп ал, сарғалдақ жырдан,

Мың гүлді құшақтап тұрмын!

 

               Аққуың болдым

 

Жүрекке үкі қадап қойғансың,

Нұрыңмен мені орап қойғансың!

Аспанға содан, қанат жайғам, шын,

Сұлу көлдегі аққуың болдым.

 

Теңіз інжуін жаныма құйдың,

Түндер теңселіп, халыма күйді.

Бөлеп, иләһи зарыма үйді,

Сұлу көлдегі аққуың болдым.

 

Пәктіктің сертін берік ұстадым,

Есімнен көкке танып, ұшқаным.

Сені таңдауда – жаңылыспадым,

Сұлу көлдегі аққуың болдым.

 

Сен жалғыз пірім – жалғыз данасың,

Ғасырдағы – жалғыз дарасың!

Мәңгі жетектер, мәңгі із боласың,

Сұлу көлдегі аққуың болдым.

 

                     Ғажайып нұрға шомылдым

 

Көгілдір дүниенің ішінде

Көгілдір боп жүрдім, түсімде.

Көк жақты ұнатқаным үшін бе,

Ғажайып, нұрға шомылдым.

 

Миуа бақ, есті алған бір әуен,

Тыңдасам, шаттықтан жылап ем.

Боялып, алқызыл қынамен

Ғажайып, нүрға шомылдым.

 

Жұлдыз мұңымды ағызып,

Көлге жыр-шарап тамызып.

Гүл-шаттық ұсынды, бақ үзіп,

Ғажайып нұрға шомылдым.

 

Жаныма домбыра сыйлаған,

Тартсам, тәтті боп, күй-ғалам.

Қуаныштың жасын тыймаған,

Ғажайып, нұрға шомылдым.

 

                        Бір халге кірдім

 

Бір халге кірдім, ешкім кірмеген,

Жерде жоқпын, күл денем!

Өзімді көрдім, шындап күлмеген,

Сезімді көрдім, бұрын білмеген!

 

Сағадат сәтте шындық ашамын,

Гүлге шомылған таңды жасадым.

Жан біткенді таң қып, осы әнім,

Бір халге кірдім, ешкім кірмеген!

 

Жалғанның сырын айтсам, жылайсың,

Сыбызғы болдың, сен бір қурайсың!

Махаббат болмас, сүймей, құлай шын,

Бір халге кірдім, ешкім кірмеген!

 

Жаны жұтаңға көрінбес, әлем,

Сұрама, ештеңе, жарымес, менен!

Ғаріптің әлсіз – халін кешкен ем,

Бір халге кірдім, ешкім кірмеген!

 

                     Немерелерім

 

Сәби күлкісі – сыңғыры қандай,

Сиқырлы дауыс, бұлбұлы қандай!

Жүрегі пәктің әр күні қардай,

Немерелерім, балапандарым!

 

Гүлге шомылып, шаттық төгіліп,

Жүрейік, күндерім, нұрға көміліп.

 

Алды-артымды олар орады, келіп,

Бейкүнә періште – жанары елік!

Күлімдеп, маған, қарады, келіп,

Немерелерім, балапандарым!

 

Мейірімді кездер – аяулы, неткен,

Бақ сұрап жүрген, баянды көктен!

Қыстан соң күліп, оянды, көктем,

Немерелерім, балапандарым.

 

Аппақ құстарым – қолыма қонды,

Шықтым, сыймағасын, торыма, енді!

Қызғалдақ екті, жолыма енді

Немерелерім, балапандарым!

 

                 Қуаныш жасы

 

Күз жапырағымен дос болып жүрдім, үзіліп,

Ауада бірге сенделіп.

Ұшу бақытыма тау да тұрды, қызығып,

Самалыма емделіп.

 

Жарық шашайын, жасын боп келіп, таңдарға

Рухымды Күн қып, кім ілген?

Тектінің ісі – жүрегін беру – Жаббарға,

Оранар, енді, түн гүлмен!

 

Күні туады, Рухы оянған жандардың,

Әлемге нұры шашылып.

Тұрады, сонда, біз шыққан биік заңғардың

Қуаныш жасы жосылып!!!

    

                  Мәуләнә

 

Сансыз, саған әдеппен,

Салауаттар айтайыншы!

Барып, Худжре - и Саадетке,

Мауқым басып қайтайыншы,я, РасулаллаҺ!

 

Әһли-бейтің жұлдыз болып,

Жымыңдайды, төбемде!

Нұрдан киіп, құндыз бөрік

Саған бір күн келем бе? Я, Расулаллах!

 

Мәуләнә, ия, Мәуләнә, әләйһиссәләм!

Қараймын саған, таңдана!

 

Сағынышым жерге сыймай,

Шерлеріме ішім толды.

Күні-түні көлдей тынбай,

Көзім жасы ғұсыл болды, я, Расулаллах!

 

Жүрегімді жасқа малып,

Саған қарай барайыншы.

Мединені баспана қып,

Нұрға көңілді орайыншы, я, Расулаллах! С ғ с.

 

Нұрдан болған – теңіз бе едің?

Нұрмен жаным егіз менің.

Бар әлемнен сені іздедім, я, Расуаллах!

 

Сен- деп ақты, сырым бұлақ,

Қобызымның қылын құрап.

Сағыныштан жырым жылап, я, Расулаллах!

 

Жаратқанға асық қылар.

Жанымызды ғашық қылар,

Шапағатың тасып, тұнар, я, Расулаллах!!!

 

                 Сенің қалауың

 

Қан түсті киді, гүл біткен бүгін – сенің қалауың,

Шабытқа мінді, жыр күткен күнім, сенің қалауың!

Нұрлар құйылды, түңдіктен, бүгін – сенің қалауың,

Сенің қалауың, Ием, сенің қалауың!!!

 

Махаббат ашты әлем пердесін, сенің қалауың,

Дүниеден қашты, көлеңкем, несін, сенің қалауың!

Ғибадат еткен – көрер пендесін, сенің қалауың,

Сенің қалауң, Ием, сенің қалауың!

 

Аллам, Аллам! Сенің қалауың!

 

Домбырам қозғар, зар күйін, бүгін, сен әмір етсең,

Шешілер, сиқыр, бар түйін, бүгін, сен әмір етсең!

Рух болып, көкте қалқиын, бүгін, сен әмір етсең,

Сен әмір етсең, Ием, сен әмір етсең!

 

Мақшар алаңы – сапқа жыйнайды, сен әмір етсең,

Жауыз болғандар жасын тыймайды, сен әмір етсең!

Сүйіктілерді отқа қыймайды, сен әмір етсең,

Сен әмір етсең, Ием, сен әмір етсең!

 

Мизан құрылып, сират түзілер, бар билік сенде,

Шаң тозаңындай жақсылық сүзілер, бар билік сенде!

Зұлымдық сонда, қылдай үзілер, бар билік сенде,

Бар билік сенде, Ием, бар билік сенде!

 

Жер тегістеліп, сұр үріледі, бар билік сенде,

Аспан жабылып, сұр үріледі, бар билік сенде!

Шерменде қылма, бұл күні мені, бар билік сенде,

Бар билік сенде, Ием, бар билік сенде!

 

                      Сен – ұлы Тәңірсің

 

Күн нотасымен күйсандық тарттым, ән жаздым,

Жемісіндей, жырым, бал жаздың!

Ғажайып тағдыр жазғансың, Рахман Әміршім,

Жүрегімді сәждеге қойдым,

Сен – жалғыз, сен – Мәңгі Тәңірсің!

 

Алладан басқа Тәңір жоқ,

Мұхаммед оның елшісі!

Аллаһумма салли ғәлә Мұхаммед!

 

Жадырай алмағанға жомарттықты үгіттеп,

Көрсін, жырым енді, жігіт боп!

Ғажайып, тағдыр жазғансың, Рахман Әміршім,

Жүрегімді сәждеге қойдым,

Сен – жалғыз, сен  Мәңгі Тәңірсің!

 

Өзенге ұқсап, ағып, гүрілдеп тұрдым,

Сұлу мекенге құлың боп кірдім!

Ғажайып тағдыр жазғансың, Рахман Әміршім,

Жүрегімді сәждеге қойдым,

Сен – жалғыз, сен- Мәңгі тәңірсің!

 

 

                       Яссауи жыры

 

Сырнай үрдім, жырмен, гүл қаптап кетті, айнала,

Дүбірлер, бүгін, той-дала!

Ғашықтығымен жүрек бұршағын ағызған,

Яссауи жыры – қайда да!

 

Яссауи жыры – кеудемнің бәрін өртеді,

Рухы – даланың көркі еді!

Хикметің сенің ғасырдың  ойлы үні боп,

Бір тылсым күйді шертеді.

 

                  Бабам

 

Жасылға бөкккен аймаққа келдім,

Бұл сұлулуқты қай бақта көрдім!

Нұрға малынып, жайнап па, көркің,

Яссауи бабам!

 

Дүние төрінде хикметің қалды,

Інжу- кй сеуіп, нұрлантқан жанды.

Жырыңмен аштым, бұл сұлу таңды,

Яссауи бабам!

 

Теңіз түбінде шөгеді, маржан,

Ұрпағыңда бұл көп еді, арман!

Ғашықтығынан шоқ еді, ол жан,

Яссауи бабам!

 

Күйп қалдым ба, Күніңе мынау,

Сен туған жерде туып едім-ау!

Шашылсын, енді, гүлім еліме-ау,

Яссауи бабам!

 

                   Ұрпағың тұр, алдыңда

 

Яссауи бабам, сенің Иеме ессіздігіңнен

Есі ауып қалды, даланың.

Көбелектей көзсіз жырыммен

Жаңбырдың суретін саламын!

 

Шарабыңнан сұрадым, қол созып,

Жетсең ал, түбінде қалды-, дедің.

Туннелден өтіп, түнді тауысып, келші өзің,

Өртеп, зар түнегін!

 

Қайғының тауын қопарып келдім, күл-талқан,

Ұрпағың тұр, алдыңда!

Хикметіңнен киініп алдым, жыр-қалқан,

Жалмауыз дүниенің алдында!!!

 

 

                       Қанатым қан-жоса боп

 

Теңіздің толқыны ма ем,

Ей, көк жақ, төркінім ең!

Саған сөйледім, хал тілімен,

Қанатым қан-жоса боп, ұшып келем!

 

Өртімді түн бөліскен,

Шығам-, деп, Күн кеп, іштен!

Шешініп, дүние атты мың кебістен,

Қанатым қан-жоса боп, ұшып келем!

 

Гүлімді теріп алғам,

Шашымды көктемменен өріп алғам.

Жырымды ел аралатқан сері –жалған,

Қанаттарым қан-жоса боп, ұшып келем!

 

Түнді атқан жасын ба едім,

Жарылмай, күні өтпеді, басым менің.

Жер тар-, деп, қара жерде көсілмедім,

Қанаттарым қан-жоса боп, ұшып келем!

 

Мінезді жырым менің,

Бойында шырқыраған құлын демім.

Тербетіп, жұпар дала гүлді белін,

Қанаттарым қан-жоса боп, ұшып келем.

 

                     Өмірімді үлгі етейін

 

Қызғалдақтың бояуымен жыр жазып,

Раушанның хош иісінен сыр бағып.

Жұлдыз қадап, жүректерге нұр жағып,

Өмірімді үлгі етейін!

 

Дәптерімді жасыл бақша қылайын,

Сезім толы сел жаңбырды сұрайын!

Сендерге емес, аспан жаққа ұнайын,

Өмірімді үлгі етейін!

 

Иман шығын тамызайын, жырменен,

Гүл сөзімнен құлпырсыншы, сұр белең!

Сыр айтайын, бұрын ешкім білмеген,

Өмірімді үлгі етейін!

 

                    Ертегі көл

 

Таудың алқабындағы нота едім,

Іңірдің суретін салдым, жырмен.

Алаулап, күліп батар едім,

Сәтте, кемпірқосақ күлген!

 

Ыстығыма күйді, жусан,

Жырым самал боп,  өпті, даланы,

Жүрек нөсерімен жусам,

Тазалап, қаланы!

 

Сыйына риза боп, мәңгі,

Жаббарға жыр арнадым,

Тосын келген жұмбақ таңды

Күтіп алу – арманым!

 

Күннің алауындай жырым,

Шоғын шашады, әлемге!

Ертегі көлге мөлтілдей бүгін,

Аққуымды алып келемін!

 

                 Ақын Фариза

 

Бір аунап, түстің-ау, бүгін, қуаныштан,

Халқың келді, кешіңе, құрақ ұшқан.

Жаным көкке самғайды, сен секілді,

Көңілі қап, дүниеге – мына мыстан!

 

Өлеңіңе жазылған көркем әнім,

Ашылмаған жүректердің өрте, бәрін.

Рухани қуатыңды беріп кеттің,

Бақыттысың, халқына ерке, дарын.

 

Мен дағы ақын болып, сенделгенмін,

Адуынды мінезіңе тең кел келген кім?

Өзіңді жақтап отыр, елің бүгін,

Жырың – алтыбаақын боп, тербелген күн!

 

Фариза, ерен туған , дарын апа,

Бүгін, міне, Күн болған, халің апа.

Жасылына өлеңнің шомылып ап.

Көктем болып, барайын, жаныңа, апа!

 

                     Көңіл толқыны

 

Теңіз күйімді дала көрді,

Отым – алапат, жанам енді!

Аққу жайлады, тана көлді,

Көңіл толқынын көр, бүгін!

 

Алау гүлдерді жыйнағаным-ай,

Әлемге мынау – сыймағаным-ай!

Көзімнің жасын тыймағаным-ай,

Көңіл толқынын көр, бүгін!

 

Тербетіп, жанды, алтыбақанда,

Айналып, жүрмін, жарты жаханда!

Алауы сұмдық таң боп атам ба?

Көңіл толқынын көр, бүгін!

 

                      О, менің жаным, шарап ішкен бе

 

О, менің жаным, шарап ішкен бе,

Жәннәт гүлінен ала түскен бе?

Мың найзағаймен дос болып алдым,

Мың есе күшті, қара күштен де.

 

Бұл халім – елді тербеген халім,

Иләһи сазға шөлдеген халім.

Қара көңілдерді ағартсам, енді,

Дүлей боран боп, селдеген қарым!

 

Тентек өзендей, тентек едім-ау,

Шам жағайыншы, шері көп еліме-ау!

Домнадан шығып, келген кезімде,

Жүректеріңді өртеп едім-ау!

 

Көңіл тоқыны толқыған еді,

Жанның жарқылы шарпыған еді!

Қылуетке салып, қыршыныңды

Жеткіздің, қайта, халқыма мені!

 

Тауға сыр шашып, жерге гүл шашып,

Жүремін, ылғи, көңілім тасып.

Жахан дала – жарығымды ал,

Жарығы алапат – жарымес ғашық!

 

                    Інжу-жыр

 

Жасыл жапырақтар,

Жылап болдың ба?

Мөп-мөлдір шыққа

Ұнап қалдың ба?

Аңсарын білем,

Құрақтардың да.

 

Өксіп ағады,

Өзен де, білем.

Мұңды күйде болады

Сезем де жүрем.

Інжу толады,

Көземде кілең!

 

Ол-інжу жыр боп,

Құйылып жатыр.

Жете алмай елге

Күйініп жатыр.

Тау-тастар оған

Сүйініп жатыр!

Ех, енді ол жыр

Елге жетсінші,

Тыңдаған жандар

Жасын төксінші!

Жасағаным-ау, тілегін беріп,

Ақыныңның жанын шоқ қылшы!!!

 

                Қызғалдақтай болдым бүгін

 

Өзімді жағып-жағып, жыр, міне,

Отыммен ысытып, түнді де.

Періште сәбидей күлді ме?

Қызғалдақтай болдым, бүгін!

 

Айналам алаулап, албырап,

Жырым аспанда қаңғыды-ақ!

Гүлін өсірдім, мәңгі бақ,

Қызғалдақтай болдым, бүгін!

 

Көл беті – аққулар күлімдеп,

Аймалап, самал кеп, күнім көп.

Жырменен шашылды, гүлім көп,

Қызғалдақтай болдым бүгін!

 

Жасылдан шапанын тал киіп,

Тұрды, бақытыма таң күліп.

Жамалына, Оның – өзін жан қиып,

Қызғалдақтай болдым, бүгін!

 

Жұпарым жырыма қонғанда,

Жүректердің жарасын таңғанда!

Тылсымнан шамым жанғанда

Қызғалдақтай болдым, бүгін!

          

                           Хал тілі

 

Гүл көзінен шық тамды,

Мөлдірін-ай!

Қайда апарып жағамын, жан күнін-ай!

Кім түсінер, мүк халді?

Жұмбақ елге – хал тілін-ай!

 

Сезім бердің, сенделген,

Сегіз түнде!

Ағып барам – жұлдызбен егізбін бе?

Қасіретіме жем бергем –

Семіз, мүлде!

 

Дүние-ойыншық, қолымнан

Атып ұрдым!

Ұстап алғам, сорымнан- Затын мұңның!

Жүрегімде жанды енді, оты күннің

Зарын ұқшы, жердегі

Жетіміңнің!!!

 

 

                     Сенің Жамалың ғана

 

Көзімнен бұршақ парлады,

Жаным жеті аспанды шарлады.

Жанның ынтызар бар ма әні?

Сенің Жамалың ғана!

 

Таудағы тұманға сүйеніп,

Жанға мәңгілік күйі еніп!

Аспанның кейпіне жиі еніп,

Сенің – Жамалың ғана!

 

Бұлттың қолынан ұстадым,

Ұқсап, Самұрық құсқа мың.

Түсімде аңсап, құшқаным –

 Сенің Жамалың ғана!

 

Дауылдың досымын, жер жайпар,

Бір әуен – кеудемде көл шайқар.

Бар сырым – елге айтар, шөлге айтар,

Сенің Жамалың ғана!

 

Қаламнан сыямды тауыстың,

Лапылдап, өртенді, жан-ұшқын!

Іздегенім – елменен жарыстым,

Сенің Жамалың ғана!

 

                  Гүл жүрек

 

Мені де демейтін жандар бар екен,

Рухани жанның мұңы – зор екен!

Мына – ойсыздау дүниеде

Адамға керегі – ар екен!

 

Мағынасыз күлкілер қаптаған,

Мағынға ұмтылып, шоқ болам!

Қақпандай, тұсауын құратын

Дүниенің керегі жоқ маған!!!

 

Тыңдасам, дауысы- зар, неткен,

Жуайын, аппақ қар боп, мен!

Қыстың ішінде жүрсем де,

Жырларым – өр көктем!!!

 

Толқыным тасыйды, түнді жеп,

Жүремін, жынды боп!

Ұлы таңның алдында уды жұтып,

Алаулап, ашылды, гүл-жүрек!!!

 

                   Таңды күткен

 

Түн күзетіп, жыр отыр,

Ақтарылар, сыр ақыр!

Шыға келер, тұра тұр,

Таңды күткен бір жанмын!

 

Күлім гүлге ауысар,

Түнім Күнге ауысар,

Бақытына қауышар,

Таңды күткен бір жанмын!

 

Кестелеген орамал,

Жүрегінде жара бар!

Жарасынан зар ағар,

Таңды күткен бір жанмын!

 

Безіп, дүние қамынан,

Тау-тасынан жанып ән!

Науқасынан дамыған –

Таңды күткен бір жанмын!

 

                  Ойлан, қазақ

 

Даланың гүлін салдым, жырымда бұл,

Ояныңдар-, деп, қағар, құлың дабыл!

Алапат оятушы – топан келер,

Құтқаратын, солардан, - Күнім жағыл!

 

Ей, бейнамаз, ей, бейғам, жақ, шырақты,

Кейбір надан харамнан бақ сынапты.

Жалаңашты көрсету  - мода ма екен,

Теледидар иманға тапшы боп тұр!

 

Жауыздардың жазасы – дайын, дейді,

Бұл дүниеде тойласын, тойын, мейлі.

Парасаты болмаса – пасық болар,

Іздегені – бос күлкі, ойын-, дейді!

 

Имансызға о баста болған, жаза,

Зұлым, бетпақтарға қойған – тозақ.

Бұл дүниенің ләззәті ертең – сорың,

Ойлан, қазақ!!!

 

                     Көрдегі хал

 

Бір адам түсінде өліп қалған екен,

Өмірінде – намазхан болған екен!

Айбатымен – ол жерге қойылған соң -  

Мүңкір, Нәңкір кіріп барған екен.

 

«Раббың кім?» –« Раббым – Алла, құбылам – Мекке,

Ей, періште, жағдайымды қиын етпе!

Мұхаммед үмметімін, кітабым – құран,

Көп сұрақпен қинама, мені текке».

 

Деген соң, жүрегімді суырып алды,

Мұсылмансың ба?- деп, оны қуырып алды.

«Жоқ, мұсылман емеспін»,- деді, жүрек,

Үш рет сұрақ қойды! Буынып енді,-

 

Көр қысты, сонан кейін, төрт жағынан,

Жан-жағынан тістеледі, шаян, жылан.

Оянып кетті, жігіт, түсі екен,

Шошыды, көрде солай жатқанынан!

 

Оянып, ойға шомды, зарлап, түн-ай,

Ұстаздан сұрады, сосын былай;

«Тілің қақсап тұрғанмен, жауап беріп,

Ділің әлі мұсылман болмапты ғой!»

 

Деді-, ұстаз, жүрекке иман жеткіз,

Ішіне иләһи сыйдан төккіз.

Ықылассыз намазбен пасық кеуде

Алла алдына барасың, қалай бетсіз?

 

Жан мұсылман болғанда, рахат – көр де,

Ол дүниеде азап та, болмас, шер де.

Амалыңа киілер – Рух шешіліп,

Ғажап сыйлар берілер, нағыз ерге!

 

Тіл ғана емес, жанымыз Алла-, десін,

Жүрек жаста – тахажжудте, таңда, бесін!

Ей, адамдар, - тілекшім, - бауырым, досым,

Бәрімізге – екі дүние бақыты нәсіп босын!!!

 

                        Жалғызым сен

 

Тылсымдағы тереңіңе қарай алсам, келермін,

Иләһи қызметіңе жарай алсам, келермін!

Бойымдағы арамшөптен ада болсам, келермін,

Жырым,  Жалғызым -  Сен!

 

Жасыл шығып, жердің төсін жайнатқанда келермін,

Мөлдір көлге сүтін төгіп, Ай батқанда, келермін!

Алтын ғасыр алтыбақан ойнатқанда келермін,

Нұрым, Жалғызым – Сен!

 

Көкжиектен жарқ еткенде – мың найзағай, келермін,

Дүниеге көңілімді бір байламай, келермін!

Періште-әуен сыңсытқанда, сырнай-сарай, келермін,

Пірім – Жалғызым Сен!

 

Сен көктеткен мың қызғалдақ – алауласа, келемін,

Жаратқанның әмірі мен қалауы боса, келемін!

Ишқ-шарап жұтып, бір күн, таң аунаса, келемін,

Күнім – Жалғызым Сен!

 

 

                      Патша тәжінде

 

Азалы бұлттың көзінен інжу тамады,

Нисан жаңбыры – теңізге жылап, қонады....

Өзін ғаріп санағаны үшін, інжуге айналып,

Патшалар оны тәжіне тағады!

 

Сол нөсер құрлы бола алмадық-ау, пенде, біз,

Жаралы жырлар – көлде жүз!

Бетон-нәпсіні қираған кемедей қылсақ,

Жаңбыр перзентін үлестіреміз, елге біз!!!

 

Жасыл жүректің жусанын қалам орады,

Қамыстар мүлгіп, көлдің шырынын сорады.

Жерлік күлкіге айырбастадым, аспанды

Жүректерді емдер, жанымның сұлу – сол әні!!!

 

                          

                Ақ жауын

 

Ақ жауын жауды, ағыл да тегіл,

Кемпірқосақ боп, көңілім егіл.

Күй төкті, жаным, жылаудан іскен,

Себезгі сезім жүрекке себіл.

 

Ақ жауын жауды, ақтарылды аспан,

Шомылдым нұрға, шақта мұң басқан.

Бұлбұлым есін жыйғандай күйде,

Лала, раушандар бақта гүл ашқан.

 

Ақ жауын-өмір, төгіліп өткен,

Күйім азалы – егіліп, шектен.

Сұңқылдап, жылап, Иесін іздер,

Аспан боп, бүгін, сөгіліп кеткен.

 

Ақ жауын – әлем, аңқыды бүгін,

Кеуделерді от боп, шарпыды жырым.

Домбыра-жүрегін күйдіріп жатыр,

Жарығымен есті ап, жан күні бүгін.

 

                    Ғасыр мұқабасындағы жырым

 

Рухани әлемнің гүлін дәптеріме ектім,

Бұл дүниелік зар өшсін,- деп.

Шерім – мың домбыра еді, төктім,

Ойлылар кешсін,-деп.

 

Ғасырдың мұқабасындағы жырым

Иләһи таңба боп, қалар ма?

Жарқ етіп, туған күнім

Алтын ғасырда жанар ма?

 

Жүрек боп, оянған әлем

Жүректердің дертін өртеп кетер!

Сазыма боянған әлем

Жан қуанышын тербеп өтер!

 

Әлди-алақаныма әлемді салып,

Тербетіп отырармын ба?

Төменде барады, жер енді қалып,

Бір нүкте боп, ақын алдында!!!

 

                

                Алтын аспан

 

Бір орманды жұтып ап,

Теңселеді, жыр-жапырақ ішімде.

Түн пердесін тұтып ап,

Рухым құбылады, тауыс түсінде!

 

Тау көтерген басым-ай,

Жасылымнан жүректерге гүл егіп.

Күн өтеді, осылай,

Науқасымнан бір тіріліп, бір өліп...

 

Толқынымнан шайқатылып, жер жасыл,

Жан-гүлімнен сыңсып кетсе, жақын бақ.

Даусым түнді жарғасын,

Күн шықты да тұрып алды, лапылдап.

 

Сөніп болғам! Енді Күнмін, мәңігілік!

Азабымнан алтын аспан жасағам!

Көк төсінде жырым тұрар, жаңғырып,

Иманымнан ескерткіш қып, қашаған!!!

 

                        Бұл – сұлу муза

 

Жанның күлкісі – сыңғыры қандай!

Сыйқырлы дауыс, бұлбұлы қандай!

Жүрегі пәктің әр күні қардай,

Бұл –сұлу муза!

 

Нұрдың әлемі – орады келіп,

Жырым еркелеп, барады елік!

Күлімдеп, маған қарады неғып,

Бұл – сұлу муза!

 

Аспандағы сәт – аяулы, неткен,

Бақ іздеп келгем, баянды көктен!

Саңқ еткен даусым, - оянды өктем,

Бұл – сұлу муза!

 

Бұлт мақта болып, қолыма қонды,

Шықтым, сыймағасын, торыма енді!

Қызғалдақ екті, жолыма енді,

Бұл – сұлу муза!

 

                Жанымның мозайкасы

 

Жанымның мозайкасы

Қызыл-жасыл гүлдерден өрілді ме,

Жарық алып барады, төрімді де.

Тәтті қылып, төгілген шерімді де

Жанымның мозайкасы.

 

Жүрегімде бал-шарап, өлең тұнып,

Алдарыңа, ағайын келем, күліп.

Құлпырған, қызғалдақты белең тұнып,

Жанымның мозайкасы.

 

Шығын шашып, шаттықтың, жүректерге

Нұрым шашып, өтейін, бұл өткелге.

Айналамды хош қылып, гүл еткенде

Жанымның мозайкасы.

 

Өксігенді жұбатып, емдеп берер,

Рахман-жырым тылсымнан сел боп келер.

Бесігін әлемнің тербеп берер,

Жанымның мозайкасы.

 

                       Поэзиям менің

 

Күннің күлкісінен тамып түстің бе?

Кемпірқосақтан жарып түстің бе?

Әлемді оятқан – алып күшсің бе,

Найзағайдай – поэзиям менің!

 

Жап-жасыл тылсым көктем бе едің,

Ғасырлық қайғы шеккен бе едің?

Сағыныш сазын төккен бе едің?

Гүлге шомылған – поэзиям менің!

 

Қызғаныш-оғы құлатқан ба еді,

Аллам сыйлаған бұлақтан ба едің?

Тал жапырағын жылатқан ба едің?

Тәтті-мұңды поэзия менің!

 

Ақырзаманда тұр – түнеріп, жер шын,

Қамыққандарға нұр алып келсін!

Сендей боп, бәрі қуанып көрсін,

От боп жанған – поэзиям менің!

 

Алып үмітпен жағылды бұл күз,

Мөлдірлігіңмен сағымды жүзгіз!

Жүректерге иман байлығын кіргіз,

Поэзиям менің!

 

                     Күн болдым бүгін

 

Теңіз астын тұншығып, мың шарлағам,

Тар болып, жер-шар маған.

Әлемнен бір сый алдым, ханша алмаған,

Күн болдм бүгін!

 

Кеудем толы жақұтты кімге берем,

Жарығынан өртеніп, түнде денем.

Ұмытып қап, күлкіні, күлмеген ем,

Күн болдым бүгін!

 

Ғаріп жүрек көп жылдар жастар төкті,

Садағымен сан орып, қастар кетті.

Жазғандарым жер асып, аспан кетті,

Күн болдым, бүгін!

 

Түн жегенде, бұл міскін – мұңлық Айды,

Далама кеудемдегі гүлді жайды.

Мені жоқ қып, орныма жырды қойды,

Күн болдым бүгін!

 

Менің де қуанатын күнім болды-ау,

Өртейтін, бұл құпия сырым жанды-ау.

Бұл – жоғарыдан келген таңдау,

Күн болдым, бүгін!

 

Менің де жұбанатын сәтім бар ма,

Бақыт құсы маған да жақындар ма?

Көзді ағызар жарық боп, ақындарға

Күн болдым, бүгін!

 

Мың рет басты тасқа жарып алдым,

Байлығы зор – мұңы мен зары бардың.

Қызғаншақтың оқтарын қағып алдым, 
Күн болдым бүгін!

Залымдықтан көз ашпай, сорлы кетті,

Жүрегім – пәктікті іздеп, арлы бопты!

Нұрымменен өртейін, арғы бетті,

Күн болдым, бүгін!!!

 

                  Сен қандай ұлықсың

 

Сен қандай ұлықсың!

Сен деп ем, бақ гүлдеді,

Мендегі шоқтың демі –

Жылытар, күллі әлемді

Қаралықты жоятын

От қыл, мені.

Рахмани дыбыс едім,

Тербеген шекті үндегі!

 

Сен қандай ұлықсың!

Ғибратты – өткенім-ау,

Бекер жас төкпедім-ау!

Азаның елінде өстім,

Сәбидей пәктедің-ау!

Дүниеден адасып қап,

Жүргенде, шетте мынау!

 

Сен қандай ұлықсың!

Рухыма інжу сыйлап,

Аққу боп, мың қиқулап.

Ғашықтық шарап іштім,

Ғайыптан бір күй тыңдап.

 

Сен қандай ұлықсың!

Гүдерге көміп тұрсың,

Самғадым, Самұрықтай

Жолыңа болып, қыршын!

Күн сыйлар, жүректерге

Жақұттай, жанып, жыр-шын.

 

Сен қандай ұлықсың!

Жомарттығыңа тілім жетпейді,

Шын ризалықтан жырыым көктейді.

Өзің жіберген – алапат оттан

Баққа айналды, күлімдеп, қайғы.

Жомарттығыңа тілім жетпейді!

 

                   Біреуге

 

Пасықтықтан бүріскен жүрегіңе

Гүл тағып қояйыншы, бәлкім, ашылар!

Ашылған жүрек – жылайды, күледі де.

Сөзімде – көңілдің жасы бар...

 

Пенделіктің пердесі жыртылғанда

Бейнең анық көрінер – ақтық бейне...

Қастандығың – жасаған, сыртымнан да

Кетеді, күнәмнан пәк қып, кейде!!!

 

Сауабыңнан айырар, қызғанышың,

Нәпсің – дұшпан, өзіңе зиян етпе!

Күйе-күйе, жарылды, тұздан ішің,

Хақымды әперер, Ием, қияметте!

Мен, бірақ, сені аяймын!!!

 

                    Алтын ғасырлық теңменен

 

Ғажайыптардың мекенін бетке алғанда,

Лала-раушан гул жол қарап.

Ғайыптан келген қуаныш жүрек жарғанда

Боласың, сұлу, таңнан ақ!!!

 

Ей, көркем әлем, көркіңе жаным боялды,

Сазыңда нұрың қалқыды.

Махаббаттың мөлдір музасы оянды,

Жұпары ақынды шарпыды.

 

Теңіз – досым ғой, толқынын маған сыйлаған,

Бір сұлу күймен тербелем!

Келеді сәттер – шаттықтан жасын тыймаған,

Алтын ғасырлық теңменен!!!

 

                  Пәкизә көркемім

 

Қуанышыма гүл шаштың ба екен,

Ақық, маржаннан жыр шаштың ба екен?

Сенімен нәзік сырластым ба екен,

Пәкизә көркемім!

 

Сексен көлден інжу тергемін,

Сазымды елге күліп бергемін!

Аршыда Нұр боп, жүріп көргенің,

Пәкизә көркемім!

 

Алау гүлімді қайда қоям ,- деп,

Күмісімді шашып, қанат жаям кеп.

Ұйқымнан тұрдым, тәтті аян кеп,

Пәкизә көркемім!

 

Бүгін – от шашу, алаулап күлдім,

Ұқсап тұрмын, бүршігіне гүлдің.

Руханияттың бақшасына кірдім,

Пәкизә көркемім!!!

 

          Жасын боп түстім

 

Жаңбырыма шомылған дәптерім-ау

Шам боп, түнге жағылған сәттерім-ау!

Жырымды оқып, баға берген – текті елім-ау,

Жасын боп, түстім, бүгін!!!

 

Бәйшешекке мас болып, жазықтарым,

Тоқтадым, түнектің қазып, зарын.

Қасіреттің сындырып, қазықтарын,

Жасын боп, түстім, бүгін!!!

 

Толған Айдай, толықсып, өлеңдерім,

Толғасам, Абыз-ойым  терең менің!

Өрт ақынын сағынған, белеңдерім,

Жасын боп, түстім, бүгін!

 

Қанатымда гүл – көмейін, көкті, гүлмен,

Кеуделерге шоқ тасып, отты күннен!

Жүректерді тербетіп, текті жырмен,

Жасын боп, түстім, бүгін!!!


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар