Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Харуки Мураками бағдарлама тізгіншісі болмақ...

06.06.2018 3673

Харуки Мураками бағдарлама тізгіншісі болмақ

Харуки Мураками бағдарлама тізгіншісі болмақ - adebiportal.kz

Жапонның әйгілі жазушысы Харуки Мураками енді өз шығармашылық қабілетін радио хабар тарату саласында сынап көрмек. Яғни 5 тамыздан бастап «Ран энд сонгс» («RUN&SONGS») атты авторлық бағдарламасы аясында оқырмандары мен тыңдармандарға өзі сүйіп тыңдайтын әндері мен әуендерін ұсынбақ. Бұл туралы «Tokyo FM» компаниясының баспасөз қызметі өкілдері хабарлаған. Авторлық бағдарламаның «Ран энд сонгс» яғни, «Жүгіру және ән» аталуы да бекерден бекер емес екен. Муракамидің өмірдегі ықыласты машығының бірі – жүгіру екен.

«Мураками мырза жүгірумен шұғылдануға ерекше ықыласты болғанымен, ешқашан марафонға қатысқан емес. Алдағы уақытта жүргізетін радио бағдарламасында өзінің жүгіру барысында тыңдайтын әндері мен әуендерін ойнататын болады. Мураками жастайынан джаз әуендерін тыңдауға құмар болған. Алайда тыңдаушыларына жазушының қандай джаз композицияларын ұсынатынын біз тап басып айта алмаймыз», - делінген компания тарапынан таратылған ақпаратта.

Харуки Муракамидің шығармалары әлемнің 40-тай тіліне аударылған. Ол «Норвегия орманы», «Жағажайдағы Кафка», «1Q84», «Түссіз Тазаки Цукуру және оның жиһанкездік жылдары» т.б. шығармаларымен әйгілі болған. Оның аты Нобель сыйлығына әлденеше рет ұсынылған.

Жазушының авторлық радио бағдарламасы туралы жаңалық үлкен қызығушылық тудырып отыр, сесебі Мураками үнжазба арқылы мүлде дерлік сұхбат бермейтіндігімен ерекшеленген жазушы. Қазір «Tokyo FM» арнайы сайтта тыңдаушылардың жазушыға қойғысы келетін сұрақтарын жинақтап, іріктеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жазушының өзі ақпарат құралдарына арнап жазған түсіндірмесінде бағдарламасына мүмкіндігінше аса танымал әуендерді енгізбеу ойы барлығын хабарлаған екен. Демек, алдағы күндерде Харуки Муракамидің музыкалық бағдарлама жүргізушілік қыры да әлемнің назарында болады деген сөз. Мықты - қай салада да мықты. Талантты жазушының бұл салада да жұлдызы жанарына күмән жоқ.

Шетелдік ақпараттар негізінде әзірлеген Асылбек Байтанұлы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар