Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
І «Рух» халықаралық әдеби байқауы бойынша баспасөз...

06.12.2017 5052

І «Рух» халықаралық әдеби байқауы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді

І «Рух» халықаралық әдеби байқауы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді - adebiportal.kz

2017 жылдың 7 желтоқсанында, сағ 12:00-де, «СПУТНИК-Қазақстан» (Қонаев, 12/1) АА мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі онлайн режимде «Әдебиет порталында» өткізіп жатқан І «Рух» халықаралық әдеби байқауына қатысу өтінімдерінің ресми түрде аяқталуына байланысты баспасөз отырысы болады.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған міндеттердің бірі - «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының идеясымен жүзеге асып жатқан «Рух» халықаралық әдеби конкурсы – Қазақстанның мәдени өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі. Сондай-ақ ол қазақ және қазақстандық әдебиеттердің халықаралық деңгейде танытуға, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында белгіленген мақсат-міндеттерді ілгерілетуге ықпал етеді.

Байқау ұйымдастырушылары және әділқазы мүшелері байқауға қатысқан талантты ақын-жазушылардың қай елден өтінім бергендері, үздік жұмыстарды таңдауда қандай талаптар қойылғандығы және де байқау жеңімпаздарының жұмыстарымен қай жерлерден танысуға болатындығы жайлы айтып береді.

Естеріңізге сала кетейік, әр номинация бойынша бірінші орынға құрмет дипломы және 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай қаржы беріледі.

Гран-При иегері құрмет дипломымен және 2 000 000 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Шараның аккредитация уақыты 6 желтоқсан күнгі сағ 18:00-ге дейін:

+7 (7172) 68-99-04


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар