Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ілия Жақанов, Ғарифолла Есім, Рақымжан Отарбаев кі...

10.11.2016 3835

Ілия Жақанов, Ғарифолла Есім, Рақымжан Отарбаев кітаптарының тұсауы кесілді (ФОТО)

Ілия Жақанов, Ғарифолла Есім, Рақымжан Отарбаев кітаптарының тұсауы кесілді (ФОТО) - adebiportal.kz

Астанадағы Көрме орталығында тұңғыш рет «Eurasian Book Fair – 2016» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өз есігін айқара ашты. Бұл – Еуразия кеңістігіндегі ірі шаралардың бірі. Көрме-жәрмеңке ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр.

IMG_8175.JPG 
 

Шараның басты ұйымдастырушысы – Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның ірі «Фолиант» баспасы.


 

Осындай мәдени-іскер көрмеге түрлі елдерден келген баспаханалар, кітап-сауда желілері, халықаралық сарапшылар, танымал ақын-жазушылар, кітапхана, білім мен ғылым қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

IMG_8301.JPG 
 


 

Шара барысында белді қазақ қаламгерлері кітаптарының тұсауы да кесілді. Атап айтқанда, Рақымжан Отарбаев, Ғарифолла Есім мен Ілия Жақановтың кітаптары оқырмандар назарына ұсынылды. Олардың барлығы да «Фолиант» баспасынан жарық көріп отыр.

IMG_8209.JPG 
 

«Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, «Фолиант» баспасының ұйымдастырылуымен өткізіліп отырған кітап жәрмеңкесі оқырмандарға, жастарға үлкен әсер беретініне сенеміз. Кітаптың тұсаукесер рәсімдері өтіп, үлкен тұлғалармен кездесуінің өзі - бізге тиімді мүмкіндіктерді сыйлайды» - деп атап өтті жазушы Әлібек Асқар.

«Шыңғысханның көз жасы», «Айна-ғұмыр» және «Біздің ауылдың амазонкалары» атты Рақымжан Отарбаевтың үш кітабы ұсынылды.

IMG_8225.JPG 
 


 

IMG_8208.JPG

«Ал, бүгін Астанада кітаптың тойы басталып отыр ғой, дүниенің біраз жерін араладық, талай көрмені көрдік. Кітаптың осындай үлкен тойы құтты болсын.  Біреу дүниесін, біреу техникасын әкеледі. Тағы сол сияқты тұрмысқа қажетті заттар... Бұл – бүгін бар, ертең жоқ болып кететіні белгілі (...) Біз ағаларымыздан үлгі алдық, қандай болғанда да біз сол кісілердің тәрбиесін көрдік. Мен баяғы Жазушылар Одағындағы 80-90-жылдардағы көз алдыма сурет болып басылып қалған ағаларды әлі күнге дейін сағынамын. Ғабит Мүсірепов, Тахауи Ахтанов, Ғабиден Мұстафин, Әбіш ағаларымыз қандай еді. Көктен түскен жоқпыз, жерден шыққан жоқпыз, осы жазушылардың иығында тұрмыз біз», - деді өз сөзінде жазушы Рақымжан Отарбаев.

 

Сондай-ақ, Ғарифолла Есімнің «Хақім Абай» деген кітабы таныстырылды. Кітап қазақ және орыс тілінде басылған. Философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім жазған кітабының мазмұнын оқырмандарға айтып, жас оқушылармен Абай жайында тілдесті.

IMG_8268.JPG 
 


 

««Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзінің өзі Абайдың бар әлемге жақын болғандығын білдіреді», - деді академик.    

IMG_8266.JPG 
 

 «Кітап шығару, біріншіден, мәдениетті білдірсе, екіншіден, кітапты шығару – ғылым, үшіншіден  – технология, төртіншіден, кітап шығарушы – қоғамдық сананы тәрбиелеуші» – деді «Фолиант» баспасының басшысы Нұрлан Исабековке білдірген өзінің алғыс сөзінде Ғарифолла Есім.

IMG_8252.JPG 
 

IMG_8285.JPG 
 


 

Шара соңында белгілі композитор Ілия Жақанов Абайдың әндерін қонақтармен бірге шырқап, өзінің «Бұлбұл әуезі» деген кітабын назарға ұсынды.

IMG_8319.JPG 
 

IMG_8326.JPG 
 


 

Ілия Жақановтың «Бұлбұл әуезі» атты кітабында қазақ композиторларының әндері, олардың тарихы жайында терең баяндалады.  

«Қазақ сазгерлерінің атақты әндерінің хикаяларының барлығы осы кітапқа енген. Мен бүкіл өмірімде қаншама дәптер, қаншама деректерді осы күнге дейін жазып  тауыса алмай жатырмын. «Ақбаян», «Балқадиша» әндерінің тарихы жайында өзге деректерді осы кітаптан таба аласыздар», - деді Ілия Жақанов.

 

«Eurasian Book Fair – 2016» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі 12 қарашаға дейін жалғасады.

Айта кететін жайт, аталған және басқа да қалада таба алмайтын Қазақстан, Ресей, Беларусь, Германия, Түркия, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б. елдердің  түрлі саладағы кітаптарын осы көрмеден 20-30 % арзанырақ бағаға сатып алуға мүмкіндік бар. 

IMG_8328.JPG 
 

IMG_8309.JPG 
 

IMG_8215.JPG 
 

IMG_8277.JPG 
 

IMG_8285.JPG 
 

IMG_8307.JPG 
 


 

Ақбота Күзекбай, 

фото: автор


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар