Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СӨЗ ДАУЫСЫ
Ілияс Есенберлин туралы 10 дерек...

12.01.2017 13349

Ілияс Есенберлин туралы 10 дерек

Ілияс Есенберлин туралы 10 дерек - adebiportal.kz


a70ac7e8000cd6a3a5d9d64a48c2dc76.jpg


1.Ілияс Есенберлиннің әке-шешесі тұрмыс тапшылығын көп көріп, өмірден ерте өтіп кеткен. Ол бала кезінен інісі Раунақпен бірге жетімдер үйінде тәрбиеленеді. Осы деректі естігенде әлемдік классик жазушы Э.Хемунгейдің «Жетімдерден ғана шын жазушы шығады» деген пікірі ойға орала береді.

2.  Ол кеңес үкіметі тұсында ұлттың рухын көтеретін тарихи роман жазған алғашқы жазушылардың бірегейі болып саналды. Қазақ оқырмандары бұл жазушыға осы ерлігі үшін қарыздар.

3.  Ілияс Есенберлиннің атақты «Көшпенділер» трилогиясы  30 жылдың ішінде 50 рет басылып, жалпы тиражы 3 миллион данадан асып кеткен. Бұл қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен көрсеткіштердің бірі болып саналады.

4.  Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойы, Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдық датасымен тұспа-тұс келді. 100 жылдық мерейтойы Юнеско көлемінде аталып өтті.

5.  Жазушының 17 романы мен көптеген шығармалары әлемнің 30 тіліне аударылған.

6.  Ілия Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясын жазған кезде сол кездегі жас зерттеуші Мұхтар Мағауинді дерек жинауға жұмсаған. Ол туралы Мұхтар Мағауин өзінің «Мен» деген ғұмырбаяндық романында кеңінен әңгімелейді.

7.  Жазушы романдарынан алған қаламақысының бір бөлігін өзінің соңынан еріп, қалам ұстаған шәкірттеріне бөліп берген. Ол туралы шәкірті Тұрсын Жұртбай айтып берді.

8.  Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» жинағы ел арасында өзара сыйлыққа жиі тартылады.

9.  Жазушының «Көшпенділер» шығармасын 1986 жылы орыс тіліне тәржімалаған қазақстандық жазушы Морис Симашко осы аудармасы үшін республиканың мемлекеттік сыйлығын иеленген.

10.  Трилогияның тек орыс тіліндегі тәржімесі 12 мәрте қайта басылып, жалпы тиражы 1,5 миллионнан асып түседі.


adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар