Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуровтың үн қатуы...

26.02.2018 2603

Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуровтың үн қатуы

Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуровтың үн қатуы - adebiportal.kz

Ингушетия Республикасының басшысы Ю.Б.Евкуровтың ингуш халқы жер аударылғанының 74 жылдығына байланысты үн қатуы

Құрметті отандастар!

Хьамсара мехкахой!

Ингуш халқының жер аударылғанына 74 жыл толған осы бір аза тұту күндері, сол бір кезеңде туғандары мен жақындарынан айрылған, көптеген қиыншылықтар мен жоғалтуларды бастан кешкен әрбір отбасыға тілектестік пен қолдау сөзімді арнағым келеді.

1944 жылдың 23 ақпанында бірнеше сағаттың ішінде тұтастай бір халықтың тағдыры шешілген болатын. Осы күні әділетсіз айыпталған ингуш халқы Орта Азия мен Қазақстанға жер аударылған болатын. Тұрғындардың басым бөлігі – қарттар, әйелдер мен күнәсіз сәбилер әп сәтте өз ата-бабаларының жерінде бейбіт өмір сүру мен балаларын тәрбиелеу құқығынан айырылды. Ал осы кезде 21 мыңнан астам ингуштар Ұлы Отан майданында ерліктің үлгісін көрсетіп, Жеңіс үшін жанын беріп соғысып жүрген еді.

Қазақстан мен Орта Азияның ұланғайыр аумағына қоныстанып шашыраған, азық-түлік пен баспанадан таршылық көрген ингуш халқы тағдырдың соққысына мойымады. Керісінше – өз тілін, мәдениетін, салттары мен дәстүрлерін сақтады, жұдырықтай жұмылып, рухани күшін бекемдей түсті, өздері өмір сүрген сол өңірлердің дамуына шамасынша үлес қосты, керемет еңбекқорлығы мен тату көршілігі арқылы ерекшеленді. Даналық, төзімділік пен рухани қуат, сондай-ақ әділет салтанат құратындығына деген сенім бізге тек ауыр тұрмыс жағдайына төтеп беріп қана қоймай, туған топыраққа оралуға да көмектескені анық.

Сол оқиғалардың куәгерлері, біздің қарттарымыз жат жерде ингуш халқына барынша қолдау мен көмек көрсеткен адамдарды асқан мейіріммен және ризашылық сезіммен еске алады.

Орыс, қазақ, қырғыз және басқа да халық өкілдерінің көптеген көмегі арқасында біздің халқымыз сол қиын жағдайда аман қалды.

Бүгіндері біз мұны ұмытпауымыз керек және ендігәрі біздің халқымыз мұндай қуғын-сүргін сұмдықтарын ешқашан бастан өткермеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз. Біртұтас көпұлтты отбасында татулық пен келісімде өмір сүру, кез келген қиыншылықтарға бірге қарсы тұру, бір-бірімізге тірек болу – міне бұл біздің Ингушетия мен тұтастай Ресейдің дамып-гүлденуінің кепілі.

Қымбатты отандастар, сіздерге амандық-саулық, жақсылық пен бейбіт ашық аспан тілеймін.

Дала гешт долда, Дала къахетам болба байнарех. Дала воча хIамагI лорадолда вай къам.

2018 жылдың 23 ақпаны.

Ингушетия Республикасының басшысы Ю.Б.Евкуров

Материал tengrinews.kz сайтынан алынды.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар