Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ПОЭЗИЯ
Қарлығаш Қабай. Әлемде құшақ та жоқ, алақан да...

13.01.2019 5759

Қарлығаш Қабай. Әлемде құшақ та жоқ, алақан да

Қарлығаш Қабай. Әлемде құшақ та жоқ, алақан да - adebiportal.kz

ҒАЙЫП

«21 летняя девушка пропала без вести...»

(Новости)

Жатырқауық болатын...

Бірте-бірте Жалғыздыққа еті өліп кетсе егер,

Ол адасқан кітаптар мен өз ойларын өкшелер..

Жаны ашыды құрбысының,

Жаны ашыды досының,

- Сен тұрмысқа шығып кетші көктемменен қосылып.-

Дейтін ылғи..-

Жаз секілді жалған күліп кей жігіттер қия алмай.

Сол арудың еркелігін есінде

- Есерлікпен қиялдай.

Сол арудың тазалығын, ашықтығын-

«Ғашықтық» -деп

ұялмай!...

Қара шашын Ай жайғанда

Жердің бір жақ жонына.

Сол қыз кеше жоғалыпты

Өзі іздеген Құдайының соңынан....

Еһ,одан да

Көктем құсап сүймесе де байға тиген жөн бе еді?

Жер бетіне еркелігін тастап кетсін деп едік,

Көнбеді!

1815ж

***

«...Тағы түн.

Тағы менен ұйқы қашты...»

(Мұқағали)

«...Жынданғам жоқ па?...»

(Ұлықбек)

«құшақтап алшы, БАУЫРЫМ,

Бауырым менің, жанбауыр..»

Әлемде құшақ та жоқ, алақан да

Тым құрыса бүрсеңдеп тығылмаққа:

Кәрі күн етегін ашпады,

Кәрі кемпір көсеуін жастады.

Бүрсеңдеп тығылмаққа болушы еді:

Құрлықтарында жан баспас қуыс табылса,

Аспанға төңкерілмей, жүзін берсе ғой Ай дейтін туыс та бір сәт!

Мәселеңки:

Мен мейірімді миллион алақан туғызар едім,

Біткенде Уысқа құрсақ!

Эһ..

Немесе құшақтар жүкті болса ғой,

Жып-жылы «Құшақтар» өөмірге келсін,

Өзінен таза бірдеңе барына Көңіл де көнсін!

Ал мейірімді мың алақан баяғы заңдылық бойынша:

Біртіндеп өлген құшақтарды көмуге келсін!

Өмір дегенің осы емес пе?

Өлім екеуі дос емес пе!

Біз бірімен достасып, бірімен қастасып әлек боламыз,-

Алданып бос елеске!

Мәселеңки:

Мен жалғыз қалсам жағамнан Елестер қысып,

Тылсым түндерде дұға ұрттап аман қалғанмын!

Сонда да

мейріне шөлдеп қоймады санам жалғанның!....

Жүкті әйелге айтыңдар!

Ұрғашы-еркегі маңызды емес, Алақан немесе Құшақ тусыншы!

Құдай да, ендігі, Елестер мен Шәйтандардың жолын тұсап-бусыншы!

Бүгін түнде дұға емес, мейірім ұрттағым келеді.....

1799ж.

****

-«Безобразное - тоже прекрасное...»

(Достоевский)

-«Токо, Незачем впутывать Бога...»

(Гюго)

-«...А, ведь, Бог-это ЛЮБОВЬ!»

(Толстой)

-«Я xотела просто влюбиться...»

(авт.)

тағы тағы алдады әлем сені,-

Тағы кеше тарылды жан өлшемің...

Сені қатты құшақтап қайтқым келді

Анадай-

нәрестеге зар емшегі..

немесе

Құрбың сынды

Талай кеште талқажау болып келген,

Қалауыңды табатын... -көріпкелдеу..

Ал өзіме қиындау болар, бәлкім,

дәуірлердің шамындай сөніп көрмеу.. ,

...күн секілді көз ілмей күту, аңсау,

сен, ренжіме, жарығым, мен егер де

Өксігімнің шарабын жұтып алсам...

...Анда-санда...

қарайлап күнтізбеге,-

қайталап жыл атауын, ай атауын,

түс көретін күнімді күтем, ылғи, -

түсімде сені күліп оятамын!

Бүгін,міне,

Сенсіз тағы жағдайым мүшкіл еді,

Отырам да,

өлім жайлы ойлардан түшкіремін.

өмір десем, үнемі, сен тұрасың, -

Уа, неткен ыстық едің!...

...білмейсің ғой..

Өйткені, тағы алдаған әлем сені..-

Тағы кеше тарылған жан өлшемің..

1819жыл.

(Талеx Мансурдан аударма)

Шарапқа айналса бір қабір түңіліп,

Жер оны жатар ма сіміріп?

Сен де оны ішер ең,

Шөлмектің түбіне жеткенше үңіліп.

Ал сонсоң езуің жиылмай,

Қазылған қара жер құдайдың сыйындай

Қарар ең,

Қарайсың мең-зең боп басың да,

Содан соң көріңе құлайсың!

Ешкім жоқ қасыңда!

Қабірің - күйікті, мұңдылау, расында!

Қойныңда қара жер баяғы,

Баяғы көздегі жасың да..

...Жанардан аққан жас молаңды толтырып,

Көздерің тұншығып көре алмас әлемді!

Содан соң ана өмір есігін айқара ашады!

Бар енді!

****

«..Ей доставит гораздо больше удовольствия поговорить с вами, чем скучать там где-то наверху...»

Марсель ПРУСТ

Мәселеңки:

Сен "сүйгенің бар шығар" деп жымидың

Құлазыған көңліңді сәл мұңайтып.

Жалқын-жалқын жылдарды жалғасақ ше

Жәй ғана әңгіме айтып.

кеше,кеше

Тереземнің алдында

темекісін тұтатқан кәрі әженің әжімдері

Шиырлана ұмтылды мені көріп,

уа, тезірек Кетейік, шегінелік!...

Еx,әйтеуір

әжім келіп алқымнан қысқанынша

сезім семіп кетпесін сенім өліп..

..Қашып-пысып қалай да күн көрерміз...

...мен-жаны бар, сен-жансыз өлмес мүсін

Орнатып үлгерерміз...

Түсімд(е) ылғи

Сол әженің әжімі қылқындырды.

Тұтас тағдыр бола алмай күлкім құрлы

мәнсіздіктен мән іздеп аласұрған-

Мен деген біртүрлімін...

Мәселеңки:

Біз былай үңілгенде

Өлең дейтін - сан мұңның сән ырғағы...

Ал адамдар - жәй ғана шығармалар

күлкілі жанрдағы...

Мәселеңки

Бұл өмірде

Қашып-пысып қалай да күн көрерміз,

мен-жаны бар, сен-жансыз өлмес мүсін

Орнатып үлгерерміз

Әрі кетсе..

(Кеше емес пе?)

Сен сүйгенің бар шығар деп жымидың

Құлазыған көңліңді сәл мұңайтып.

Жалқын-жалқын өмірді жалғасақ ше

Жәй ғана әңгіме айтып..

1813 ж.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар