Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Қазақтың бірлігін ту еткен қос батыр!» жыр бәйгес...

24.03.2016 3134

«Қазақтың бірлігін ту еткен қос батыр!» жыр бәйгесінің қорытындысы

«Қазақтың бірлігін ту еткен қос батыр!» жыр бәйгесінің қорытындысы - adebiportal.kz

кос батыр.png

«Әдебиет порталы» жариялаған «Қазақтың бірлігін ту еткен қос батыр!» атты жыр бәйгесін өз мәресіне жетті. Екі апта ішінде еліміздің түкпір-түкпірінен және Моңғолия мен Қытайдағы қандастарымыздан жиырмаға тарта өлең келіп түсті. Олардың барлығы порталға жарияланды. Қазылар алқасының ақылдасуымен өлеңдер сараланып, ең жақсы деген үш өлең таңдап алынды.

 

Сонымен:

1-орын Қытай Халық Республикасында тұратын қандасымыз Адал Қалиұлының «Мәңгі осылай тату болшы, менің екі бауырым!» атты толғауына берілді.

2-орын астаналық ақын Бауыржан Берікұлының «Қажымұқанның кешірім сұрауы немесе Қытайдағы ғажайып» деген өлеңіне бұйырды.

3-орынға Моңғолияда тұратын қандасымыз Алтынғадыс Күнтуғанұлының «Бөрі» өлеңі лайық деп танылды.

 

Әрине, өлеңдердің барлығы жүрекжарды әрі жалынды! Бірінен бірі өтіп тұр. Қазылар алқасына таңдау жасау да оңайға соққан жоқ.

 

Жүлделі орын алған ақындар «Әдебиет порталының» редакциясына хабарласып, жүлделерін алып кетуіне болады.

 

Осы игі шараға демеушілік жасап, қазақ халқының бірлігіне деген шын ықылас-пейілін білдірген «Ұлас - Электрон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне алғысымыз шексіз.

 

Айта кетейік, «Ұлас-Электрон» ЖШС бүгінде тілді дамытып, рухты көтеретін заманауи тәрбие құралы - электронды қазақ үйлерін шығарып, айналымға енгізді. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар