Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қытайлық қандасымыз электронды оқу құралы мен «Ақы...

22.02.2016 5017

Қытайлық қандасымыз электронды оқу құралы мен «Ақылды қоян» ойыншығын ойлап тапты

Қытайлық қандасымыз электронды оқу құралы мен «Ақылды қоян» ойыншығын ойлап тапты - adebiportal.kz

Баланы кітапқа баулудың тың тәсіліҚытайдан келген қандасымыз Қанатқан Әбілғалиұлы қазақ ертегісіәліппесі мен салт-дәстүріжаңылтпаштары жинақталған электронды кітап пен «Ақылды қоян» ойыншығын ойлап тапты.

  

 

Интеллектуалды оқулық 3 пен 12 жас аралығындағы балаларға арналған. Басты мақсат – бұл күні ұялы телефонның құлына айналып, жіпсіз байланған жасөспірімдердің санасын сілкіп, салт-дәстүрді сіңіру, ұлттық құндылықтарымызды ұғындыру. Автор бұдан бөлек, «Ақылды қоян» ойыншығын да ойлап тапқан. Қанатқан Әбілғалиұлы, жоба авторы - «Ақылды қоян» да оқыту құралы. Тетігін бассақ, ертегі айтып береді,ал екіншісінде білгенге маржан, тұрмыс-салтқа байланысты түсініктер, ал одан кейін тақпақ айтады. Сондай-ақ ағылшынша және қазақша ән үйретеді.

 

«Дана қалам» атты бұл электронды құрал баланы ерте жастан қазақ тілін түсінуге, сөзден сөйлем құрауға баулиды. Ерекше жобаның авторы Қанатқан Әбілғалиұлы. 8 кітаптан құралған интеллектуалды оқулықтарға 800 шумақ тақпақ, 130 ертегі, қазақтың әдет-ғұрыптарына байланысты 1500 түсінік пен мақал-мәтелдер, ырым мен тыйымдар енген. Қанатқан Әбілғалиұлы, жоба авторы - Мына қаламның көмегімен кітаптағы мазмұндарды біледі, түсінеді. Қаламның ерекешлігікітапты оқуға, үйренуге шақырады, әрі оған қызықтырады. Әліппенің әрбір жеріндегі ақ бетін басатын болсақ, сол әріпке қатысты тақпақ айтылады. Мысалы: «а дегенімана, саған қорған пана, анаң менен тіліңді ардақтай біл бала».


«Дана қалам» да «Ақылды қоян да» бала денсаулығына зияны жоқ материалдан дайындалған. Оңайлықпен сынбайды. Қуаты орташа, бір аптаға жетеді. Қанатқан Әбілғалиұлы енді өнімдерін Қазақстан бойынша таратуды көздеп отыр. Жуырда бұл жобаның тұсауы кесіледі. Жаһанданған заманда баланы тал бесіктен бастап ұлттық тәрбиеге баулуға бұл таптырмас құрал болары анық.

 

 

24.kz
А.Қазанғап, А.Тәуекелов


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар