Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Кітапханашылар тәжірибе алмасып қайтты...

06.08.2013 3127

Кітапханашылар тәжірибе алмасып қайтты

Кітапханашылар тәжірибе алмасып қайтты - adebiportal.kz


кітапханашылар тәжірибемен алмасып қайтты.jpg
Жақында бір топ қарағандылық кітапханашы Ресейдің Судак қаласында өткен «Кітапханалар мен ақпарат қорлары қазіргі ғылым, мәдениет, білім және бизнес әлемінде» Халықаралық конференциясына қатысып қайтты. Кітапсүйер қауым арасында «Қырым конференциясы» деген атпен танымал, соңғы 20 жыл бойы тұрақты өткізіліп келе жатқан осынау алқалы жиын биыл «Қырым конференциясына – 20 жыл: кітапханалық ақпараттық бірігу мен қауымдасудың нәтижелері мен келешегі» деп аталып, қоғамның жедел ақпараттандырылуы және заманауи технологиялар жағдайында кітапханаларды дамытудың келешегі мәселелеріне арналды.
 
- Конференцияға 40 елден мың жарымнан астам делегат қатысты. Қазақстаннан барған 39 адам ұлттық және әмбебап-ғылыми жасөспірімдер кітапханаларының, зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған маманданған және жоғары оқу орындары кітапханаларының өкілдері еді. Мен Қарағанды облысы делегациясының құрамында конференцияның жұмысына қатысып, «Жұмыс – үй – кітапхана. Жастардың назарын бұрып, кітапхананы қалай «үшінші орынға» қоюға болады?» деген күрделі мәселелерге арналған семинар мен «Дөңгелек үстелде» «Байланыс бар! Кітапхана және жастар: Болашаққа бағытталған әлеуметтік әріптестік» тақырыбында баяндама жасадым, тұсаукесерде сөз сөйледім, – дейді жасөспірімдердің Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық кітапханасының директоры Гаухар Бекбалақова. Ж.Бектұров атындағы облыстық кітапхана ұжымы конференция аясында өткізілген байқауға өз жұмыстары жайлы деректі фильмді және «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасында жастарға арналған «Эхо» интеллектуалдық ойыны барысында көрсетілетін тақырыптық бейнероликтерді ұсынған екен. 

– Конференция аясында Қырым автономиялық республикасының Мәдениет министрлігі ұйымдастырған Қырым күні өткізілді. Оның барысында біздің кітапхана мен Қырым республикасының «Жасөспірімдер кітапханасы» мекемесі арасында өзара әрекеттестік және шығармашылық ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Келісімнің мақсаты – қоғамда оқу мәдениетін насихаттау, адам капиталы мен ұлттық мәдени дәстүрлерді көбейту, жастардың зияткерлік, рухани, адамгершілік, мәдени әлеуетін дамыту. Кітапханалар бірігіп өткізетін әлеуметтік маңызды іс-шаралар Қазақстанның және Қырым автономиялық республикасының мәдениетін қолдауға, сақтауға және дамытуға бағытталады, – дейді Гаухар Абушахманқызы.


                                                                                                                                                                                          Серік САҒЫНТАЙ 

Қайнар көз: www.writers.kz порталы

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар