Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Кітапсыз бала – бұтақсыз бәйтерек сияқты...

13.04.2016 2736

Кітапсыз бала – бұтақсыз бәйтерек сияқты

Кітапсыз бала – бұтақсыз бәйтерек сияқты - adebiportal.kz


Бүгін Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Әдеби мейманжайында» «Бұл кітап әлемі...» атты Кітап айлығы аясында Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушылары және кітапхана оқырмандары Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық Жамбыл және Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтардың иегері, ақын Несіпбек Айтұлымен кездесті.


12963620_243474596006669_9101715159955209431_n.jpg


Әдеби кешке жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қ.Мұхаметқали, М.Мәжитов, белгілі ақын Қалқаман Сарин келді.

Шараның ашылу барысында Н.Айтұлы: «Күлтөбеде күнде жиын» дегендей, орталыққа жаңа басшы келгелі көптеген игілікті істер атқарылып жатыр, оқырмандар өнер адамдарымен, ақын-жазушылармен, тарихшылармен кездесулер ұйымдастырып жатыр. Сондықтан да, өз басым кітапхана директоры Ү.Д.Мұңалбаевға ерекше рақмет айтқым келеді», - деді.

Ақын оқушы балаларға, оқырмандарға өзінің өмір жолынан сыр шертті. Өзінің әдебиетте ерекше орын алатын саласы балалар әдебиеті екенін жеткізді. Ақын балалар әдебиеті үшін алаңдайтынын да жасырмады.

Н.Айтұлы поэзия әлемінде өзіндік орны бар ақын. Сонымен қатар ол балалар әдебиетіне де ерекше еңбек сіңірген қаламгер. Ол «Бала-бақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме» («Серебряный сундучок»), «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптардың авторы.


12987104_243474966006632_8446554260076553087_n.jpg


«Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең үлкені. Бұл тақырыпта ақынның ақыны, шебердің шебері ғана жаза алады. Балалар әдебиеті, әсіресе, Мұзафар Әлімбаевтың тұсында өте жақсы дамыды. Мүбәрак Жаманбалинов, Құрманбай Толыбаев, Бердібек Соқпақбаевтар балалар әдебиетін дамытуға ерекше атсалысты. Ал қазір балалар әдебиетіне аса көңіл бөлінбей келеді... Тіпті, ол құрдымға кетіп бара жатыр. Балалар әдебиетін жасайтын жас ақындар жоқ. Балалар туралы бар кітаптардың өзі халыққа жете бермейді. Шығарылымы мүлдем аз. Сонымен қатар, балалар туралы жазылған бұрынғы шыққан кітаптарды қайта басып, оқырманға ұсыну керек», - деді.

Кеш соңында ақын Несіпбек Айтұлы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өтініштері бойынша оларға өзінің «Қолшана», «Бастау», «Құрбақаның қиялы», «Бала бақа» сияқты өлеңдерін оқып берді.




Бауыржан Берікұлы



12994519_243474589340003_744039967433377610_n.jpg


12974387_243474739339988_1024910256043373709_n.jpg


12974263_243474662673329_7808805932139500757_n.jpg






Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар