Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Кофехана. Көктем. Сәуір. Және біз......

06.04.2019 5030

Кофехана. Көктем. Сәуір. Және біз...

Кофехана. Көктем. Сәуір. Және біз... - adebiportal.kz

5 сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанынан құрылған «Алқа» әдеби клубы «Алқа» дәмханасында поэзия кешін ұйымдастырды.

Еркін форматта өткен поэзиялық басқосуға басты қонақ ретінде белгілі ақындар Бауыржан Қарағызұлы, Айжан Тәбарак, Ажар Ерболған, Біржан Ахмер шақырылыпты.

Кездесудің мақсаты – қазақ поэзиясының мәртебесін көтеру, жастарды әдебиетке баулу және әдеби орта қалыптастыру.

Кеш тізгінін жас әдебиетші, ақын Дәулет Телманов алып, жиынның мәнді де мағыналы өтуіне ұйытқы болды.

Әуелгі сөз аға буын өкілі Бауыржан Қарағызұлына берілді. Ақын сиясы кеппеген жаңа өлеңдерін оқып, ізбасар іні-қарындастарының шығармашылығына деген жылы лебізін білдірді.

Ақжігіт Амангелді, Ділдә Уәлибекова, Бекзат Мерекенов, Әли Бекмұхаметов, Ерасыл Сәдуақас секілді жас қаламгерлер де аға буын ақындар алдында өлең оқыды.

Әдебиеттің қоғамдағы орны, проза мен поэзия жайы, кім не жазып жүр деген сұрақтар төңірегінде де біраз әңгіме қозғалды.

Кездесу соңында студенттер кеш қонақтарымен суретке түсіп, әсерлі көңіл-күйде тарқасты.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар