Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Композитордың жаңа қыры

18.10.2018 1606

Композитордың жаңа қыры

Астанада қазақтың көрнекті композиторы, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджановпен кездесу өтті. Кездесу 18-қазан – «Рухани келісім күніне» орай ұйымдастырылған.

Төлеген Мұхамеджанов – жүздеген әннің авторы әрі көбінесе классикалық әндер болуымен қатар, оның трагедиялық Семей полигонына арналған танымал «Заман ай» әні халықтың жүрегінде мәңгі сақталған. Оның вокалды шығармалары – сырлы лирикалық тебіреністер дүниесінен туған.

Кездесу сазгердің 70-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, ақынның ең ауқымды туындысы «Махамбет» симфониялық поэмасы және «Өмір өзені» атты жаңа CD альбомы жұртшылыққа таныстырылды. Сазгер, музыкалық 14 шығармасы енген бұл CD-дисктің мастерингін жасаумен АҚШ-тың «Sterling Sound» атты әлемдегі ең үздік дыбыс жазушы студиясы айналысқанын да тілге тиек етті.

Мәскеудің ежелгі «Музыка-П.И.Юргенсон» баспасы 150 жылдық мол тарихи мұрасымен танымал. Бұл атақты баспада музыка тарихы жайлы кітаптар, түрлі жанрдағы көптеген музыкалық туындылар жарық көріп келеді. Аталмыш баспада П.Чайковский, И.Стравинский, А.Даргомыжский, М.Глинка, С.Рахманиновтың шығармалары да жарық көрген.

Төлеген Мұхамеджановтың көптеген әндері Қазақстан және Ресейдің (Р.Рымбаева, М.Жүнісова, Н.Есқалиева, А.Нұрмағамбетова, Б.Шүкенов, М.Арынбаев, Б.Исаев, И.Понаровская, И.Отиева т.б.) танымал эстрадалық әншілердің орындауында кең танымалдыққа ие болған. Ресейлік және шетелдік эстрада жұлдыздары («НАНА» тобы, С.Пьеча, Эйсел Сантос т.б.) Т.Мұхамеджановтың ерекше, жаңа әндерінің жаңғыруына серпін берді.

Шара аясында сазгер рухани мәдениет пен өнердің маңыздылығы жайлы ойлары, жүзеге асырған жобалары және шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Кездесуге музыкалық білім беру мекемелері, мұражай, кітапхана өкілдері және сазгер шығармашылығын сүйетін қауым қатысты.

Кездесуге жиналған жұрт Т.Мұхамеджановтың тағы бір қыры – поэзия һәм проза жазатын өнеріне тәнті болды. Кездесуде Т.Мұхамеджанов өткен жылы Мәскеуде Жан Луна деген бүркеншік атпен жарияланған поэзиялық-прозалық шығармаларының екі томдығын таныстырды.

Сазгердің танымал әндері мен фортепианолық экспромптының екі жинағын таныстыру ән сүйер қауым үшін тосын сыйға айналды. Жинақтар әнқұмарлардың өз үйінде музыка ойнауға арналған сондай-ақ, музыкалық оқу мекемелерінің студенттері оны оқу материалы ретінде қолдана алады.

Төлеген Мұхамеджанов - ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Әр жылдары Астана әкімінің орынбасары және Мәжіліс пен Сенатта да қызмет атқарған. "Астана Опера" театрын басқарған, "Парасат" орденінің иегері.

Сазгердің әуендік қабілеті тек ән әлемінде ғана емес, сонымен қатар музыка және кино саласында да танымал. Ол жиырмадан аса фильмнің саундрек авторы («Махаббат стнациясы», «Көксерек», «Бозторғай», «Біржан сал», «Сүйрік», «Диалог из степи», «Полигон», «Құнанбай» т.б.) және олар әрқайсысы бір-бірінен асқан ерекшелігі мен қайталанбас жан тебірерлік әуендерімен баршаны баурап алады.

Классик сазгер өз туындыларының даналарын Астана, Қарағанды, және Павлодар қалаларының музыкалық білім беру мекемелерінің өкілдеріне сый ретінде тарту етті.

Фото: Нұрлан НҰРЫШОВ

Әзірлеген:


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Көп оқылғандар