Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Қос арна немесе Жолтай Әлмашұлының бір роман-драмасы хақында

15.01.2019 1130

Қос арна немесе Жолтай Әлмашұлының бір роман-драмасы хақында

Қазіргі таңда қазақ әдебиеті даму үстінде. Біздің әдебиетіміз – әлемдік әдебиеттің алтын қорына өзіндік мәнерімен, айшықты тілімен жауһар қазына қосып келе жатқан тарихы тамырлы, арнасы толы, дәуір толқындарымен ағысы арынды әдебиет дер едім.

Жақында ғана жазушы, драматург Жолтай Әлмашұлы ағамыздың «Бақидан келген келіншек атты роман драмасын оқыдым. Тың ізденістен туған соны дүние екен. Жазылу формасы да өзгеше екендігі байқалды. Роман-драма деп айты айтып тұрғандай, бұл шығарма екі жанрдың, атап айтсақ роман мен драманың жүгін көтеріп тұр. Былай оқысаңыз, әрине роман. Айтар ойы терең, ғаламның құпияларына үңіле отырып, өмірлік сұрақтарға жауап іздеген көлемді прозалық туынды. Ал шығарманың ішіне еніп, терең бойласаңыз, кейіпкерлердің диалогтары мен тартыс, шытырман оқиғалары арқылы драмаға тән элементтер қанық бояумен берілген, тың сарынды драма деп атауға болады.

Роман-драманың өн бойы салмақты ойға, жауһар сөзге, тұжырымдарға толы. Бас кейіпкер Байжұманның бақилық болған әйелі Бижамал күн сайын келіп, күйеуімен сырласады. Алдағы болатын оқиғаларды айтып кетіп отырады. Гүлсайран-Қалдархан арасындағы сезім сергелдеңі, ағалы-қарындас болуы, сол арқылы Ержұман тағдыры, Бибісара-Байжұман махаббаты, Сағынайды аңсау, Айсараның жасырын сезімі cекілді оқиғалар кезек-кезегімен алмасып, өрбіп отырады.

Мынандай тамаша диалогтар бар:

«...Әйел затының нәп-нәзік үні жетті құлағына.

– Өлгендер өлмейді.

– Ендеше, неге барлық өлгендер қайта оралмайды?

– Оралғысы келмейді.

– Неге?

– Өйткені, тірілер оларды өте тез ұмытады», - деп салмақты да ғибратты ойлар айтылады.

Өмірде адамның ойы жете бермейтін құпиялар өте көп. Бұл туындыда осынау жаратылыс әлемінің тылсым құпияларымен фәнимен бақи арасындағы және адамның ақыл-ойы, жан дүниесі арасындағы байланыс суреттеледі.

«...Бақи жаққа барған соң фәни жұмбағы маған бар құпиясын айқара ашты. Адамдар ақиқаттан гөрі өтірікке құмар.

...Жан-дүнием басқа әлемде. Фәнидегілер бізді ешқашан да көре алмайды.» деген диалогтар арқылы көзге көрінбейтьін әлемнің әлдебір сиқырлы сырларына үңіледі.

Сонымен қатар автор: «...Тіршілік күрделі емес, оны күрделі етіп отырған – фәниліктер....», - деген түйінді ойлар айта отырып, бүгінгі қоғам бейнесін, ақиқат, әділдік қатарлы адамгершілік қасиеттің жоғарғы өлшемдеріне де баға береді.

Қорыта айтқанда, бұл туынды жеңіл оқылатын, драмалық тартысқа толы соны дүние дер едім.

Әскерхан Ақтай


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(2)

Пікірлер

Асылхан

18.01.2019 09:47
Тым қысқа! Роман туралы кеңірек жазса дұрыс болатын ба еді...Талдап дегендей...

Айнұр

19.01.2019 07:45
Бұл роман-драманың өн бойында пенделік тіршіліктер мен өмірдің бір сәт болса да мән-мағынасы, өткен күндерді еске алу, есеп бері иірімдері жақсы суреттелген. Мұнда фэнтези жанрының элементтері айқын көрініс табады: кейіпкерлерді рухани үндестіру, салыстыру, т.б. Автордың бұл туындысы жарыққа шыққан кезде біршама талдаулар жасаған едім, алдағы уақытта да кең көлемде жалғастырамын деген ойдамын

Меруерт

23.01.2019 12:15
Өте әсерлі шығарма! Мен де оқығам... Тез аяқталады. Жалғасы бар ма екен?

Сауатты оқырман

25.01.2019 09:01
Әсерлі екен. Алайда, тез аяқталды, бұл өзі романнан үзінді ме? Маған сондай ой келді. Тым қысқа ғой...

Сауле

02.02.2019 11:12
Романның аты тартымды екен. Қайдан оқуға болады? Кітап боп шыққан ба? Соны айтыңыздаршы...
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар