Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЭССЕ
Көзім көрген кемеңгер...

07.08.2021 3397

Көзім көрген кемеңгер 12+

Көзім көрген кемеңгер - adebiportal.kz

Өткен ғасырдың жетпіс алтыншы жылының қара күзі...

Несіпбекпен бірге бір шаруамен Алматыда сол кездегі Коммунистік, қазіргі Аблайхан даңғылымен жоғары өрлеп келе жаттық. Жазушылар үйіне тақай бергенде алдымыздан ақырын аяңдап, ақ шашын артына қарай тараған, ақ плащты егделеу адам бір аяғын сылти басып келе жатты. Несағам әлгі кісіге қос қолын бере амандасып, қал-жағдайын сұрап елпектеп қалды. Ол кезде «Балдырған» журналында істейтін. Бас редакторы белгілі ақын Мұзафар аға Әлімбаев. Әлгі адам сәлемімізді алып, Несіпбектен

- Бастығыңның қалы қалай, көрінбейді ғой? - деп сұрады. Несіпбек іле,

- Ол кісі ептеп жүрегі ауырып, совминнің ауыруханасында жатыр деп жауап берді. Ана кісі иегін көтере,

- Ой, тәйірі, Мұзафар жүрегі ауыратындай қандай қиындық көріпті деп күлді де,

- Сен оған айта бар, күніне бірнеше рет екі аяғын қатар қойып, өкшесін барынша көтеріп-түсіріп отыз реттен бастап, күніне оннан, одан да көп қосып қимылдай берсін. Баяғыда, Сібірде айдауда жүргенімде бір еврей дәрігер кеңес беріп еді. Өте пайдалы, жүректің коронарлық тамырына қозғау салып, қан айналымын жақсартады. Өзім үзбей жасаймын, түк қиындығы жоқ деп, ары қарай аяңдап кете барды. Былай шыға, Несағадан

- Бұл кісі кім? Деп сұрап едім, ол тұра қалып, танымадың ба, атақты Ілияс Есенберлин ғой деді.

- Мектепте жүріп, «Көшпенділірін» жастана оқыған алып қаламгерді өңімде көріп, тамсанған едім. Міне, содан бері қаншама жылдар өтсе де кешегідей көз алдымда. Жас ұлғая жүректің қай тұста екенін біле бастап, анда-санда сұққылап кеткенде Кемеңгер ағаның жаңағы тәсілін қолданып қоямын. Үзбей жасап тұруға болар еді-ау, әттең ит жегір жалқаулық. Мұны жазып отырғаным, туған халқына өшпес рух силаған ұлы адамның осы қарапайым әдісі көптің кәдесіне жарай ма деген ой.

Белгібай САХАРИЕВ


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар