Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Мақтымқұлы және дәстүрлі түркі поэзиясы» атты хал...

30.06.2014 5780

«Мақтымқұлы және дәстүрлі түркі поэзиясы» атты халықаралық конференция

«Мақтымқұлы және дәстүрлі түркі поэзиясы» атты халықаралық конференция - adebiportal.kz

Махтумкули.jpg

Ертең, яғни 1 шілде күні сағат 9.30-да  «Мақтымқұлы және дәстүрлі түркі поэзиясы» атты халықаралық конференция өтеді. Былтыр ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы түркіменнен шыққан түгел түркінің ұлы ойшыл ақынының туғанына 290 жыл толуына орай 2014 жылды «Махтымқұлы Пырағы жылы» деп жариялаған болатын. Аталған шараны Түрік академиясы, Түркіменстанның Қазақстандағы Елшілігі және Түркіменстан Ғылым академиясымен бірге өткізеді. Жиынға екі елдің көрнекті ғалымдары мен қоғам қайраткерлері, депутаттар мен дипломаттар қатысады.

Түркімен әдебиетінің классигі, ғұлама философ, ғалым Мақтымқұлы – өз заманының қоғам қайраткері болған тұлға. Оның есімі әлемге әйгілі Фараби, Бируни, ибн-Сина, Хорезми сынды ғалымдардың, Хайям, Фирдоуси, Низами, Дехлеви, Саади, Хафиз, Жәми, Науаи, Физули, Абай сынды ақындардың есімімен қатар тұрады. Жырдың пырағы тәрізді болғандықтан, оған замандастары «Фраги» деген лақап есім таққан.

Аталмыш шара Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өтеді.

 

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар