Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Мәңгілік елім менің» атты поэзия антологиясы жары...

12.12.2016 3152

«Мәңгілік елім менің» атты поэзия антологиясы жарыққа шықты

«Мәңгілік елім менің» атты поэзия антологиясы жарыққа шықты - adebiportal.kz


Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында «Мәңгілік елім менің» атты поэзия антологиясының тұсаукесер рәсімі өтті.

Кітап Қазақстан Републикасының 25 жылдық мерейтойы қарсаңында салтанатты түрде таныстырылды.

IMG_3544.jpg


Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, жинаққа енген шығармалардың авторлары, танымал ақын-жазушылар қатысты.

«Мәңгілік елім менің» атты антологиясын Қазақстан Жазушылар Одағы, Қазақстан Халқы Ассамблеясымен бірігіп «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қоры жарыққа шығарып отыр.

IMG_3535.jpg


104A0156.jpg

Кітапта 50 авторлардың өлеңдері қазақ тілінде шығарылды, сонымен қатар, қазақ авторларының шығармалары орыс тіліне аударылды.

104A0158 (1).jpg

Қазақ, орыс тілдерінен басқа түрік, өзбек, қырғыз, неміс, әзірбайжан, күрд, башқұрт, ұйғыр, корей және т.б. ұлт өкілдерінің танымал ақындардың өлеңдерін түпнұсқада оқуға мүмкіндік бар.


Шарада сөз алған Қазақстанның Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин Тәуелсіздіктің елімізге қалай келгенін, Ата Заңымыз жайында баяндап, еліміздің татулығын одан әрі нығайта түсу керектігін мәлім етті.


104A0150.jpg


«Есімде, 16-17 желтоқсанда (1991 жылы, - автор ескертуі) сол кездегі астанамыз Алматы қаласындағы үлкен алаңда жүз мыңға тарта халық жиналды. Жаңбыр аралас қар жауып тұрды, дәл сол бір ерекше кезең болды. Сол митингіде халықтың қалай шаттанғаны, қалай қуанғаны, Тәуелсіздік деген киелі, қасиетті ұғымды бүкіл біздің халықымызға қажет екендігін аңғартқан болатын. Ең алғашқы мойындаған ел ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың хабарлауымен Түркия мемлекеті болды, одан кейінгі АҚШ. Міне одан қарай барлық мемлекеттер бірте-бірте мойындады», - деді Нұрлан Оразалин.


104A0154.jpg


Жиын барысында Нұрлан Оразалин, Сауытбек Әбдірахманов сияқты ел ағалары аталған антологияның басты ұйымдастырушысы «Алтын қыран» қайырымдылық қорының бас директоры Исламбек Сәлжановке өз алғыстарын білдірді.


Өз кезегеінде, Исламбек Сәлжанов біздің порталға сұхбат берді:


104A0155.jpg


«Бүгінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымыздың қарсаңында осындай керемет шара өтіп жатыр. Біздің «Алтын қыран» қоры ҚР Жазушылар Одағымен бірлесіп өткііп отырған шарасы. Сондай-ақ Қазақстан Халқы Ассамблеясының қолдауымен де «Мәңгілік елім менің» кітабының шығарылуына үлкен үлес қосты. 50-ден астам ақындардың антологиясы - мерейтой алдындағы сыйымыз. Келе жатқан 25 жылдығымыз халқымызға құтты болсын, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!»

IMG_3538.jpg


Ақбота Күзекбай

фото: Азамат Алиев


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар