Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Маржан Ершудың жаңа кітабы шықты ...

17.08.2020 3472

Маржан Ершудың жаңа кітабы шықты 12+

Маржан  Ершудың  жаңа  кітабы  шықты   - adebiportal.kz

Қазақстан Жазушылар Одағы мен Еуразия Жазушылар Одағының (Түркия) мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, ақын-аудармашы Маржан Ершудың «Шығармашылық лаборатория» атты кітабы жарыққа шықты.

Автордың карантинде жазған бұл кітабы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Регис-СТ Полиграф» баспаханасынан шыққан. Таралымы 500 дана. Кітапта қаламгердің шығармашылық лабораториясы туралы сөз болады. Автордың басынан кешкен қилы-қилы оқиғалардың жиынтығынан туатын шығармашылық процестер, жаңа шығарманың дүниеге келу тарихының сан қилы сәттері баяндалады. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған. Кітаптың сыны мен сымбаты жайлы қаламгер, сыншы қауым да үн қатар. Себебі, бұл кітаптың жаңалығы бар. Бұрын біздің әдеби кеңістікте ашық қозғала қоймаған әдеби тақырыпқа тыңнан түрен салынды десек те болар.

Кітаптың таныстырылымы 19 тамызда 15. 00-де Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалында өтеді деп жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар