Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Медицина саласын дамыту маңызды мәселелердің бірі

10.10.2018 1266

Медицина саласын дамыту маңызды мәселелердің бірі

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың тұрмыс тіршілігін жақсарту мәселелері жан жақты қарастырылған. Адами капиталды дамытуға бағытталған барлық мәселелер түбегейлі талқыланып, мақсат-міндеттері нақты қойылған. Әсіресе халыққа тұрғынүй иеленудің қолжетімділігін қамтамасыз етудегі «7-20-25» бағдарламасының қолға алынуы көңілге қуаныш ұялатады. Шынымен де, қазіргі нарықтық ортада пәтер иелену көп қиындықтар туғызады. Бұл мәселе көптеген жанұяларға баспана алуға үлкен мүмкіндік беріп, халықтың әл-ауқаутын арттырады деп сенемін. Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауының терең мәні бар деп ойлаймын. Әр мемлекеттің болашағы өскелең ұрпақтың қолында және жастарға қосқан үлес – болашаққа арналған үлес екендігі белгілі. Жолдауда мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру жүйесін жақсартуға қойылған міндеттері болашақта Қазақ елінің экномикасы тұрақты, ғылым мен білім жүйесі дамыған, бәсекеге қабілетті көшбасшы мемлкеттер қатарына кіруіне елеулі үлес қосатындығында сенімдімін. Елбасы Жолдауындағы 100 денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына ықыласы барша Қазақстандықтардың көңілінен шыққандығы сөзсіз. Әрине, медицина саласын дамыту маңызды мәселелердің бірі. Алайда «аурудың емін іздегенше ауырмайтын жол ізде» демекші халықты салауатты өмір салтына дағдыландыру ұлт саулығын қамтамасыз етудің ең тиімді әрі дұрыс жолы жолы деген пікірдемін. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының өз халқына арнаған Жолдауы мақсатын жүзеге асыру үшін әр Қазақстан азаматы атсалысса, еліміз үлкен жетістіктерге жетеді деп есептеймін.

Жандос Әубәкір,

филология ғылымдарының кандидаты, доцент


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар