Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ПОЭЗИЯ
Мейір Оразғалиев. Менің Тəңірім жетім ...

04.08.2020 4737

Мейір Оразғалиев. Менің Тəңірім жетім

Мейір Оразғалиев. Менің Тəңірім жетім  - adebiportal.kz

Djoker

...Қазақстаннан көшіп кетсем,

иә, Қазақстаннан.

Сіздер ештеңе демеңіздер

бәлкім, Есенин жек көрген, Есенинді жек көрген Америкаға.

мүмкін, Ол сүйген, Сол сүйген Түркістанға.

Біздің қиял, кешіріңіз, менің қиялым бұл емес, бірақ.

(бірағы бар, Қиял.)

Сіздер ештеңе түсінбейсіздер

Осы үшін өмірге деген "өмірге" келген шығармыз.

пәлсапамен басымды ауыртқым келмейді,

онсыз да басым ауырып тұр.

Досың ұсынған жұмақтың суын да ішпей

"Папа" дейсің ғой іштей.

"Мама" дейсің.

дожди, дожди...

Реквием

Mozart-тың симфониясындағы тамұқ қарғысы туралы әңгімелесейік

Боб Диланды оятып алсақ ше?!

Michael Jackson-ның әндерінен түңілген сайын,

"Billie Jaen"-ға ынтықпын.

"іңірдегі іңірдің картинасы дейді бұны.

мен де тірі, сіз де тірі".

осылай дегім келді, дедім.

тағы, нені айтайын,

бәрін айтайын.

жалғыз екенімізді айтайын, жалғыз емеспіз, тағы.

қойшы, бұған кітаптар кінәлі емес!

Өзің солай дедің, солай шығар.

ну и что?!.

Je veux

Zaz,

Радиода: Джули, Джулия...

түн екен бізде, Айы жоқ түн.

Сендерде ше?! Paris-ды айтам

Күні жоқ күндіз шығар.

- ымм.

Zaz,

Imany-ды естігің келе ме?

(You Will Never Know...)

сонсоң,

Таңның атқанын қалап тұрғаным шамалы,

Таң атқан сайын, оянуға қорқамын.

сен де қорқасың.

Оянбай түс көрейік. Түс көрген сайын оянбайық.

Мен де ештеңе түсінбеймін

Сүйкімді сәтіңді шылымымның түтінімен боясам ше?!

- ымм, фотоаппарат жоқ екен ғой.

пока, леди!

привет, миледи!

baby

je t'aime

Marilyn Monroe

...былай болсын,

Мен ше, Мен. Бейтанысың да, танысың да емеспін!

Өлең де жазбаймын, тіпті, өмірімнің жазуын да өзім жазбаймын.

"Сонда, кім жазады оны?",- дегің келді ме,

қызықсың!

бұл – сұрақ емес, сауал да.

" Біздің қателеріміздің себебі – Құдай емес", деген сөйлемді қайтеміз?!.

Біз емеспіз!,.-дей салайық.

Сіз, италиянша тілдесе алмайсыз, мен де французша тілдесе аламын.

Мифқа толы тарих та, аңыз да – өтірік.

Біз де өтіріктің ақиқатымыз.

Мен де ештеңе демеймін

ұйықтайын,

конец фильма!

Рюноскэ Акутагаваның “Түнектегі диалогымен” диалог…

(…кім екенімді білсем ғой…)

I

Мен кеше өзімнің мəңгілік өмірім жайлы ойладым,

Бəлкім, мəңгілік өлімім жайлы?..

Тəңірім жайлы.

Сүйегі – орта ғасырдағы қара топыраққа,

Жаны – жиырмасыншы ғасырдағы күзде күлкісінен

айрылған ең соңғы жалғыз жапыраққа айналған,

Сезімі – жиырма бірінші ғасырдағы ұлы домбырашының

саксафонынан үміттер үні үнсіз шыққан кейуанананың

немересімен шылым шегіп отырып,

Қиялдарымның құнын өлшедім…

Қиялдарымның ғұмырын əжемнің жасынан асып кеткенің түсіндім.

Қара чемоданның ішіндегі қара жыланның ысылынан

қарындасым ғана қорықпайды…

Қаңғыбас маскүнемдердің ажалын өз ажалымдай сезінгенім,

жұмақтың бар екенін мүсіркей айтты.

Сол сəттегі Əке үкімі –

Періштелерімнен үрке соққан желдей.

Жүз жылдық жалғыздығымның қасіретін құбылама ұйықтатты.

Мың жылдық қасіретімнің қирандысын жалғыз талға тəпсірлеп кеттім…

II

Түсініксіз түнектен түннің бақсылары бағзыдан баянымды баяндайды,

Түсініксіз тілдерден, тілсіз гүлдерден тітіркене бастадым.

Сегіз өрім қамшымнан сегіз көзім серт ішті.

Ырымшыл інімнің ілкіде жоғалтқан сағынышына жол

бастағанымды Анахаристен естідім…

Құбыласына асыға жүгірген шешемнің алты

жасар баласының басынан сипадым.

Түскиіздерден Күлтегін мен Тоныкөк төніп

тұрғандай тұтығып сөйлеуді шығардым.

Үмітсіз үміттерімнің ыңырси жөнелген

дауыстарынан өз дауысымды естімей қалдым.

Ажалдың мейірімді сөздеріне алданып қалған Ағаларыма,

Мен өлең жазамын деп жұбаттым.

Мен өлең жазамын деп жылаттым.

Бұрын, бəрін, бəрін өзім ойлаған өмірден өзімді таппай жүрмін.

Мені іздеген біреу болса, ұйқымнан оятып алсын.

Менің оянғым келмейді.

Сенің оянғын келмейді…

…оянғын келмейді!

ІІІ

Менің Тəңірім жетім, жетім Тəңірімді əлдилегім келеді.

…тамғалы тұрған тамшыларға қара жерден қабір қазылды.

Тамшылардан да тағдырымның үзік демі

тамып жатқаның мен білмеді дейсің бе?..

Бесік жырым – жұртта қалған обалардан жоқтау естіртті.

Аялдамадан аялдамаға дейін қалғып кеткен санамнан Сізді көрдім.

Содан кейінгі көңіл-күйіммен балмұздақ

жеген баланың бақытын өзіме айырбастап алғым келді.

(Сенші маған.)

Əттең, сенің де сертін өлген.

Есігімді ентігіп қағатын ендігі көктемдер,

еліктеген өмірімнің елесінен Дартандыға алып қашты.

Көгершіндердің көңілдесімен ғайыпқа

сіңген қарапайым армандарым көнеленіп

кеткенін архаизмдер кітабынан оқыдым;

Жұмылған алақанымдағы көбелектердің

көлеңкесі дұғалы сүрелерден,

дуалы сөрелерден соңғы Ақынның өлеңін іздеп жүр.

Мен ақырет күзінен қайтып келгенде,

Сен кетіп барасың…


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар