Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды

07.12.2018 579

Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды akorda.kz.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының 2018 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы:

1). Ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке – «Алқоңыр дүние» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;

2) авторлар ұжымына: Төлеубек Нығметұлы Əлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Əбдірахманұлы Байғожинге, «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға – «Абай» операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін;

3) авторлар ұжымына: Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Əлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Əділ Ералыұлы Ахметовке – «Анаға апарар жол» толықметрлі көркем фильмі үшін;

4) ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға – «Ана сыры» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;

5) ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа – «Шуақты шақ» жыр жинағы үшін берілсін.

2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 28 қараша №794

АНЫҚТАМА:

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы – 1953 жылы 20 шілдеде бұрынғы Семей облысы, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы құрамындағы Абай ауданы жерінде, Шыбынды өзенінің бойында дүниеге келген. 1993 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 1993-1998 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы Семей облыстық бөлімшесінде жауапты хатшы. «Ақшам хаттары» («Жалын», 1993, Алматы), «Ырауан» («Атамұра», 2000, Алматы), «Алқоңыр дүние» («Фолиант», 2014, Астана), «Бесінші маусым жұпары» («Атамұра», 2017, Алматы) атты жыр жинақтарының авторы. Қаламгердің әлем халықтарына ортақ ежелгі ғарышнамалық қағидалары мен қасиетті ұғымдарды қазақтың ұлттық дүниетанымы арқылы өзінше саралап, сараптауға тырысқан. «Қас Сақ аңқымасы» (1-кітап, «Елорда», Астана), «Қас Сақ аңқымасы» 2-кітап, «Қазығұрт», 2003) атты еңбектері жарық көрген. Бүгінгі таңда аталған еңбектің жалғасын жазуда. Өлеңдері мен өзекті мәселелерге жазылған мақалалары республикалық баспасөзде ұдайы жарияланып тұрады. 1990 жылы жазба ақындардың тұңғыш республикалық мүшайрасының бас жүлдегері. Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, 2001 жылғы Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты болды. 2007 жылғы республикалық «Абай әлемі» байқауының «Поэзия номинациясы» бойынша лауреаты. 2010 жылы өткен Халықаралық «Шығыс шынары» атты мүшайрада 1-орынды иеленген. Абай Құнанбайұлының 160 жылдық мерейтойына арналған республикалық жыр мүшайрасының Грант При иегері. Сондай-ақ республикалық деңгейдегі 2006, 2008 жылдардағы екі мүшәйрада үздік атанған. 2003 жылдан бастап Республика Президентінің степендианты. Оның шығармалары бойынша елімізде кандидаттық, докторлық, бірқанша еңбектер қорғалған. Ақынның шығармашылығы 5-11 сынып оқушыларына және жоғарғы оқу орынан түсушілерге арналған «Қазақ әдебиеті. Оқушы анықтамасы» оқу құралының (С.Т.Елікбаев ф.ғ.к.доцент, «Арман - ПВ» баспасы, 2005 ж.) «Тәуелсіз қазақ әдебиеті» бөліміне енгізілген. Өлеңдері испан, қытай, қырғыз тілдеріне аударылған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы желтоқсанның 5-дегі Жарлығы бойынша, Қазақстан Рсепубликасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен, мемлекеттік Абай қорық мұражайының «Абай» медалімен марапатталған.

Ақұштап Бақтыгереева – ақын. 1944 жылы 23-тамызда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжайықта туған. Қазақтың жайықтың ақ шағаласы атанған ақын қызы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012), "Алаш" Халықаралық әдеби сыйлығының иегері, Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы (2017), Құрмет орденінің иегері (2005).

Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген (1966). Облыстық “Орал өңірі”, республикалық “Қазақ әдебиеті”, “Жұлдыз” басылымдарында, “Жазушы” баспасында қызмет істеген. Тұңғыш кітабы “Өрімтал” (1967), кейіннен “Наз” (1969), “Қуанышым, іңкәрім” (1971), “ Сені ойлаймын” (1973), “Аққанат” (1975), “Бақыт әні” (1978), “Жайық қызы” (таңдамалысы 1980), “Белокрылая” (1981), “Ақжелең” (1985), “Сүмбіле” (1990) кітаптары шықты. Оның азаматтық үні “Трибун-ақын”, “Ақ Жайықтың көз жасы”, “Елдің елдігі — бірлігі”, “Оралдағы ойран” сияқты өлеңдерінде айқын көрінді. Туған елге деген сүйіспеншілік, ана тілі тағдыры, т.б. мәселелер ақын поэзиясының арқауы. Бақтыгерееваның шығармалары поэтикалық қуатымен, тілінің шырайлылығымен қазақ поэзиясына жаңа өрнек алып келді. Оның өлеңдеріне Ө. Бәйділдаев, Қалдаяқов, Т. Бақтыгереев, т.б. ән жазған.

Өтеген Оралбайұлы – ақын, публицист, Мәдениет және қоғам қайраткері. 1952 жылғы 1-ші қыркүйекте Атырау облысының Жылыой ауданындағы Ақкиізтоғай ауылына қарайтын Ақмешіт деген жерде туған.

1974 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін бітірген. 1974-1976 жылдары Маңғыстау облыстық Телерадиостудиясында және облыстық газетінде редактор, тілші болып жұмыс жасаған.

1978 жылдан КСРО журналистер одағының, 1986 жылдан КСРО жазушылар одағының мүшесі. 1978 жылғы республикалық «Жігер», 1980 жылғы Бүкілодақтық поэзия фестивалінің лауреаты, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері. 1976-1994 жылдары «Лениншіл жас», «Егемен Қазақстан», «Дала дидары» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан журналистика Академиясының академигі (2010 ж.). Қажы (2011 ж.).

1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, Комитеттің жауапты хатшысы болып қызмет атқарған.

Жыр жинақтары: («Тұңғыш» 1978 ж., «Мәңгілік қозғалыс», 1980 ж., «Жұлдызды шақ», 1982 ж., «Көгілдір көкжиек», ұжымдық, 1984 ж., «Ақ пен қара», 1988 ж., «Аспаны биік атажұрт», 1997 ж., «Екімыңжылдық дала жырлары», антология, 2008 ж., «Өлеңбаян» 2 томдық, 2008 ж., «Сүмбіле саздары», 2010 ж., «Қағбаның қарлығаштары», 2012 ж., «Айсұлудың алақаны» 2016 ж., «Шуақты шақ» 2016 ж.;

Прозалық кітаптары: «Жолға шықты жүрегім», 1993 ж., «Жолдар мен жылдар», 2008 ж., «Серпер сезім», 2014 ж., «Текті өнердің Тұмары», 2015 ж., «Тәуелсіз елдің Тұңғышы», 2016 ж.,

Ғылыми-әдеби монографиялары: «Ақындықтың өлшемі – азаматтық», 2009 ж., «Қазіргі қазақ поэзиясы: дәстүрлі арналар және көркемдік сабақтастық», 2010 ж. Әлемнің 40-тан астам ақынының өлеңдерін орыс және басқа тілдерден қазақшаға аударған. Өлеңдері кеңес одағы халықтарының оннан астам тілдеріне аударылған. Кең тараған 30-дан астам ән текстерінің, Қысқы 7-ші Азиада ойындары, Ақтау, Атырау, Түркістан қалалары гимндерінің мәтін авторы. Баспасөздерде жарияланған 500-ден астам мақалалардың авторы. Республикалық мүшәйралардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Маңғыстау облысы Бейнеу (2008 жыл), Атырау облысы Жылыой аудандарының (2015 жыл) «Құрметті азаматы».

1995 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарды. 2016 жылдан «Назарбаев Орталығының» аға ғылыми қызметкері.

Марапаттары:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері;

«Парасат» орденімен, 8 мерекелік медалмен марапатталған;

«ҚР Мемлекеттік қызметінің Үздік қызметкері»;

Елбасының БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты;

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;

Қазақстан жазушылар одағының Басқарма мүшесі;

«Нұр Отан» партиясының мүшесі. Отбасылы, 3 баласы бар.

Әлпиев Төлеубек Нығметұлы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры директорының бірінші орынбасары.

1948 жылы дүниеге келді. Мәскеу консерваториясы жанындағы П.Чайковский атындағы музыкалық училищесі (1964) мен Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын скрипка сыныбы бойынша үздік бітірген (1977).

Еңбек жолын 1970 жылы Фрунзе қаласында Қырғыз КСР Телевидение және Радиосы симфониялық оркестрінің әртісі болып бастады.

1977-1985 жылдар аралығында Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясы симфониялық оркестрінің әртісі болды (Алматы).

1985-1988 жж. – «Қазақконцерт» гастрольдік-концерттік бірлестігі бас директорының орынбасары.

1988-1989 жж. – Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясының директоры–көркемдік жетекшісі.

1989-1992 жж. – Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы Мәдениет істері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары.

1992-1995 жж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары.

1995-2000 жж. – ҚР Мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті жанындағы Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясының бас директоры.

2000-2013 жж. Қазақстанның жаңа астанасындағы опера-балет өнерінің дамуына негіз болған К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрын басқарды.

2013-2014 жж. – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры директорының бірінші орынбасары.

13.11.2014 – 28.09.2016 жж. – «Астана Опера» МОБТ директоры.

2016 жылғы 28 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін – «Астана Опера» МОБТ директорының бірінші орынбасары.

Орасан зор тәжірибесі, ойлау ауқымдылығы, энциклопедиялық білімі, ақыл-парасаты, мінсіз көркемдік талғамы, шығармашылық мәселелерге қатысты ымырасыздығы, жұмыс жасаудағы жоғары қабілеті, мақсаттарға қол жеткізу жолындағы табандылығы, дипломатиялық шеберлігі – тұла бойына сіңірген осыншама қасиеттердің арқасында Т.Н.Әлпиев ел арасында үлкен құрметке ие болып отыр. Республикамыздағы маңызды мәдени шаралар оның белсенді қатысуымен өтуде, атап айтқанда, ол Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында 3500 адам қатысқан «Мәңгілік ел» ірі театрландырылған көрінісі жетекшілерінің бірі болды.

Қазақстанның мәдениетін әлемдік деңгейге шығаруға ықпал ететін жемісті шығармашылық қызметі үшін ие болған жоғары мемлекеттік марапаттары ішінде: «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы (1998), «Құрмет» (2005) және «Парасат»» (2011) ордендері, «Достастық жұлдызы» халықаралық сыйлығының лауреаты (2017), «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісі (2017), «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Астананың 20 жылдығы» медальдары бар.

Алан Бөрібаев — әйгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, көптеген еуропалық конкурстардың жеңімпазы.

1979 жылы Алматы қаласында туған. Күләш Бәйсейітова атындағы Республикалық музыкалық колледжді скрипка класы бойынша бітіргеннен кейін, опералық - симфониялық дирижерлік (профессор Т.Әбдірашевтің класы) және скрипка (профессор А. Мұсақожаеваның класы) мамандығына Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына оқуға түседі. Оқуын Қарағанды филармониялық оркестрінің екінші дирижері мен Астана қаласындағы Қазақ ұлттық академиялық оркестрінің шақырылған дирижері қызметтерімен ұштастырады. Халықаралық байқаулар мен фестивальдар дипломанты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестріне, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының оркестріне, "Солистер Академиясы" Мемлекеттік камералық оркестріне дирижерлік етті. Бүгінгі таңда Ирландия елінің Ұлттық симфониялық оркестрінің музыкалық жетекшісі. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның түлегі қазірде Еуропалық оркестрлермен жұмыс атқарады. Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нидерланд елінің Брабанд оркестрінің бас дирижері.

2003—2007 жылдары Астана Мемлекеттік Филармониясы симфониялық оркестрінің бас дерижері, сонымен қатар 2004-2007жылдары Майнингеннің бас музыка директоры. 2007 жылдан бастап Норчёпинг симфониялық оркестрін, 2007 жылданнидерландтық Брабант оркестрін, ал 2009 жылдан бастап Ирландияның Ұлттық симфониялық оркестрін басқарады

Сүндет Әбдірахманұлы Байғожин (1984 жылы 13 наурызда Қостанай облысы Арқалық қаласында туған) — әлемге танымал қазақстандық опера әншісі (баритон). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Астана Опера театрының жетекші әншісі.

Сүндет Байғожинның репертуарында көптеген опералар бар: Марсель («Богема» Дж. Пуччини), Онегин («Евгений Онегин» П. Чайковского), Малатеста («Дон Паскуале» Г. Доницетти), Леско («Манон Леско» Дж. Пуччини), Шарплес («Мадам Баттерфляй» Дж. Пуччини), Алеко («Алеко» С. Рахманинова), Анет баба («Калкаман-Мамыр» Б. Кыдырбек), Оспан («Камар сулу» Е. Рахмадиева), Кокбай («Абай» А. Жубанова, Л. Хамиди), Ризничий («Тоска» Дж. Пуччини), Кожагул, Жиенкул («Біржан-Сара» М. Тулебаева), Креспель, Лютер («Сказки Гофмана» Ж. Оффенбаха), Доктор Гренвиль, Барон («Травиата» Дж. Верди), Граф Чепрано («Риголетто» Дж. Верди) және т.б көптеген шығармалар бар.

Ресей, Австралия, Франция, Корея Республикасы, Италия және т.б шетелдерде гастрольдік сапарларда болды.

  • Халықаралық "Шабыт" фистивальінің лауреаты
  • Н.Тілендиев атындағы халықаралық фистивальінің бас жүлдегері
  • Б.Төлегенова атындағы халықаралық фистивальінің бас жүлде иегері
  • «Тоти Даль Монте» халықарылық конкурстың бас жүлде иегері (Трэвизо, Италия)
  • Arena di Verona халықаралық опера әншілері конкурсының бас жүлде иегері (Италия)
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - елбасы қоры сыйлығының лауреаты
  • 2011 жылы Президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған
  • 2016 жылы ТМД халықаралық парламент ассамблиясының "ТМД мәдениет пен өнерге сіңірген еңбегі үшін" алтын медалі
  • 2017 жылы ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталған.

Ақан Сатаев (23 желтоқсан 1971 жыл, Қарағанды, ҚазКСР, КСРО) —Қазақстан кинорежиссёрі, актёр, продюсер.

1994 жылы Алматы қаласында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін бітірді. Оқуды бітірген соң екі көркем фильмге түсті. Сол кездері режиссёр, продюсер ретінде жарнамалар түсірумен айналысып үлкен табысқа жетіп, 300 жарнамалық роликтер шығарумен қатар бірнеше "Алтын Жұлдыз" сыйлықтарын иеленді. 2003 жылы «Sataifilm» студиясының негізін қалады.

2007 жылы «Рэкетир» атты өзінің алғашқы толықметражды фильмін түсірді. Бұл көркем-суретті киноны журналистер мен сыншылар жылы қабылдады және фильм – кинотеатрларда кезекте тұрған көрермендердің көңілінен шықты. «Рэкетир» – қазіргі қазақ киносының тарихындағы ең алғашқы кассалық фильм. Аталған картина прокаттағы бастапқы күндерінде 1 миллион 150 мың доллар жинап, Қазақстанның бокс-оффисінде мегахитке айналды[1].

Келесі сатыда – «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілген «Ағайынды» сериалы. Ақан Сатаев бұл еңбегінде үш ағайындының тағдырларын қатар баяндайды. Мемлекеттік тапсырыстың шарасыз шығындарымен кездескеніне қарамастан, бірқатар актерларды жұлдыздар қатарына шығарады – атап айтқанда, Берік Айтжанов, Әнуар Нұрпейісов, Нұрлан Әлімжанов және т.б.

Режиссердің кино және теледидар саласындағы сәтті тәжірибелерінен кейін, «Адасқан» атты жаңа фильмді, көрермендер үлкен қызығушылықпен күтті. Алматы облысының даласында түсірілген мистикалық триллер, көрерменді бірінші минуттан соңғы минутқа дейін шиеленістірсе, Андрей Мерзликин мен оның әріптестері Тұңғышбай Жаманқұлов пен Айғаным Садықованың шебер ойыны экраннан бас тартуға мүмкіншілік бермейді. Коммерциялық жағынан «Адасқан» киносының «Рэкетир» фильмінен пайдасы кем болғанымен, ол – Сатаевтың шығармашылығындағы жаңа кезең болып табылады, және Қазақстанның оскарлық комитеті дәл осы көркем-суретті Американдық кино өнерінің және ғылымдар академиясының номинациясы бойынша «Шетел тілінде қойылған ең жақсы фильм» сыйлығын алу үшін таңдауы кездейсоқ емес.

Алдағы «Жаужүрек Мың бала» тарихи жырының түсірілуін әзірлеуші және қазіргі «Айналайын» сериалының продюсерлік рөлін атқарып отырған Ақан Сатаев «Ликвидаторды» түсіргенде, психологиялық драмамен үйлескен боевик жанрына сүйенді.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар