Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЕСТЕЛІК
Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай «Мен қа...

29.07.2022 3448

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай «Мен қазақтың баласы» жас ақындар арасында айтыс өтті.

Мемлекеттік рәміздердің  30 жылдығына орай «Мен қазақтың баласы» жас ақындар арасында айтыс өтті. - adebiportal.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасында мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай «Мен қазақтың баласы» жас ақындар арасында айтыс өтті.

Халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын жеткізетін құнды белгі мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналған айтысқа республикалық жастар айтысының бас жүлдегері Аян Ниязбек, республикалық студентер айтысының жүлдегері Ердәулет Ыбыраев, республикалық жас ақындар айтысының арнайы жүлдегері Нұртілеу Төленбек, республикалық жастар айтысының 3 орын иегері Нұрдәулет Өмірбеков, республикалық студенттер айтысының арнайы жүлдегері Ердәулет Ыбыраев, Қосшы қаласы жастар арасында өткен «Алтын домбыра» айтысының бірінші орын иегері Ақбота Манарбекқызысынды жас ақындар қатысты.

Айтысты халықаралық және республикалық ақындар айтысының жүлдегері, белгілі айтыскер Еркебұлан Қайназар жүргізді. Залда отырып айтысты тамашалаған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Қаһарманұлы:

«Айтысты ұйымдастырумыздың басты мақсаты жастар арасындағы айтыс түрінде өткізіп, орақ тілді ақындарымыз арқылы рәміздеріміздің қасиеті мен құндылығын дәріптеу, мақтаныш сезімін ояту болып отыр. Айтыс қазақтың киелі өнері. Осындай шараларды жастар арасында жиы ұйымдастыру арқылы, елдікті, бірлікті жырлауымыз керек. Тартымды да, тәрбиелі айтыс жасаған жастарға рахмет!» деп ақындарға алғысын білдірді.

Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Асылбек Байжұмаұлы:

«Қанша айтқанмен айтыс десе елең етпейтін қазақ жоқ. Сондықтан біз жас ақындарымыз арқылы жаңа өсіп келе жатқан жастарға мемлекеттік рәміздеріміздің құндылығын жырмен жеткізгіміз келді. Яғни енді 30 жыл бойы жиналыстар, семинарлар өткізіп келдік. Меніңше, енді ол форматтан кеткен дұрыс. Мемлекеттік рәміздерді өнер арқылы, басқа да насихаттау жолдарын қолға алып отырмыз. Жалпы жүлде қорларына 1 млн теңгеден астам қаражат бөлдік.»

Ел ішіндегі аламан айтыстарда бақ сынап, өнері өрге жүзген жас ақындар мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін, ұлттық мақтаныш, отансүйгіштік сананы жырға қосты. Әділ қазылар алқасы ақылдаса келе, жыр жүйіріктерін бөле-жармай бәріне бірдей алғыс хаттар мен 100 мың теңгелік сертификаттар табысады.

Шараға Ұлттық құрылтай мүшесі, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам, Филология ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ кафедра меңгерушісі, айтыскер ақын, Серікзат Дүйсенғазы, белгілі диктор, радио ардагері Күләш Молдахметова, ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова, т.б зиялы қауым өкілдері, жастар, журналистер қатысты.

Тарих порталы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар