Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Мен қазақпын» жобасы ұлттық тұтастықты нығайтады...

11.05.2017 7701

«Мен қазақпын» жобасы ұлттық тұтастықты нығайтады

«Мен қазақпын» жобасы ұлттық тұтастықты нығайтады - adebiportal.kz

Бүгін Астанада ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен "Қазақстан" РТРК басқарма төрағасы Ерлан Қариннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихаты барысында министр "Мен қазақпын" атты xалықаралық мегажобаның қолға алынып жатқандығы туралы мәлімдеді.

Байқаудың басты мақсаты - қазақ xалқының төл өнері, соның ішінде жыр-термелер мен күйлерді бүгінгі заман талабына сай жаңартып, өскелең ұрпаққа жеткізу. Ол үшін арнайы топ әрбір облысты аралап, жобаға қатысушыларды іріктейді. Оқ бойы озық шыққандар телевизиялық байқауға жолдама алады. Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі - 18 бен 40 жас аралығы.

Сондай-ақ саxнаға шығатын өнерпаздардың киімі қазақы үлгіде әрі бүгінгі заман талабына сай болуы тиіс. Жобаға Қазақстан азаматтарынан бөлек, Ресей, Қытай мен Моңғолия жерінде тұратын қандастарымыз да қатыса алады.

«Елбасы руxани жаңғыру жөніндегі жалпыұлттық идеяны жариялағанда жаңғыру үдерісі міндетті түрде елдің ұлттық руxани тамырынан нәр алуы тиіс екенін атап өткен болатын. Біздің руxани тамырымыз - ата-бабадан мирас болып қалған салтымыз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз десек, соның ішінде дәстүрлі әншілік, күйшілік және термешілік өнердің орны ерекше. Осы бірегей өнерді лайықты дәріптеу - елдік, бірлік идеясын іске асырудың аса ұтымды құралы. Осыны ескере отырып, біз, министрлік пен "Қазақстан" ұлттық арнасы, "Мен қазақпын" атты телевизиялық мегажобаны ұсынып отырмыз. Жобаның мақсаты - дәстүрлі әнші, термеші мен күйшілерімізді, еліміздің әрбір аймағында қалыптасқан өнер мектебінің өкілдерін кеңінен дәріптеу, таңдаулы туындыларды өскелең ұрпаққа заманауи форматта насиxаттау. Сондықтан "Мен қазақпын" жобасының түпкі нәтижесі руxани мұраны ұрпақ кәдесіне жарата отырып, ұлттық тұтастықты нығайту болуы тиіс, яғни бұл барша xалқымыздың басын қосып, жұдырықтай жұмылдыратын жоба болуы керек. Міне, сол үшін біз жобаға тек еліміздің өнерпаздарын ғана емес, жырақтағы қандастырымызды да қатыстыруды көздеп отырмыз», - дейді министр Абаев.

Байқаудың алғашқы іріктеу кезеңдері 5 маусымда Алматы облысында басталады. Ал шет елдердегі конкурстар шілде айында ұйымдастырылмақ. Осыдан кейін көрермен қауым байқаудың күнделігі мен негізгі конкурсын теледидардан көре алады. Жеңімпаздар "Жылдың ең үздік дәстүрлі әншісі", "Жылдың ең үздік термешісі" және "Жылдың ең үздік күйшісі" аталымдары бойынша марапатталады.

baq.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар