Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мерей Қосын: Төстіктің қателігі ...

27.05.2016 4046

Мерей Қосын: Төстіктің қателігі

Мерей Қосын: Төстіктің қателігі  - adebiportal.kz

О, Жак Деррида сіз менің уақытымды алдыңыз!

1- Ниет

Ол ақылды емес, ол бақытты емес, ол атақты емес, ол бай емес, ол өжет емес, ол соқыр емес және болатын.

Ол: Менің ағаларым қайда?

Анасының көзі: 32- жылдары олардың сүйектерін ит мүжіп жатқанын көргем.

Ол: Өтірік.

Анасының құлағы: 45- жылдары оларды құтырған бомбаның дауысы жұтып қойғанын естігем.

Ол: Өтірік.

Анасының мұрыны: 86-жылдары жерге сіңген олардың қаңсық қандарының иісін сезгем.

Ол: Өтірік.

Анасының қасы: Олар өлген жоқ.

Ол: Сіз мені алдап келдіңіз, енді мен сізді жақсы көрмеймін.

2- Ниет

Компанияның ең астыңғы жасырын кеңістігінде орналасқан бұл бөлменің есігін тек ол мен оның бастығы ғана білетін. Сағат түнгі 3:42. Ол үшін күн мен түннің соншалықты айырмашылығы мен маңыздылығы жоқ еді. Тек уақыт ғана бар. Бірнеше компьютер қатар тұрған оның үстелінің бетінде глайдер белгісі жапсырылған болатын.

Ол алтыншы сезім нүктесімен тыныс алатын. (D2L2F2R2V2B2D2F2R2U2R2U2)

Экрандағы жыпылықтаған сандар мен әріптер оның терісінің терең қабатына еніп, жыпылықтаған ойлар тудырып жатты. Бөлмедегі алакөлеңке тыныштықтың да оны мез етуге шамасы келмейтін. Жыпылықтаған ойлар оның сезімдерін жеп қойған еді. Үстелдегі глайдер өшіп жанып белгі бере бастады. Ол селк етіп енді оянды, экранан басын жұлып алып есік жаққа қарады. Ол орынан тұрып үлгергенше қара киімді қыздың сұлбасы көрінді.

Ол: кімсің?

Қыз: Қозғалма!

Беті аузы жасырынған қыз оған қарай қаруын кезеп жақындап келе жатты. Ол бұл сәттің туатынын баяғыда мойындаған еді. Бірақ соншалықты жасырын және қауіпсіз саналатын жерге бұл әзрейіл періштенің қалай жеткенін түсіне алар емес, жыпылықтаған ойлар миын шағып барады. Ол оймен арпалысып жатқанда әзірейіл періште түшкіріп қалды. Бетін жасырған қара шүперек түсті де, қыздың жүзі жарқырап оның көз алдында анық байқалды. Суық, өткір жанардың ызғары оның өңмеңінен өтті де жүрегін қыздыра түсті. Оның есіне Кенжекейі түсіп кетті. Жүрек айнытардай суреттеу: (Сыңғырлаған дауысы, судай мөлдір ақ жүзі, ұзын, қолаң қара шашы мен қиылып тұратын қыпша белі ерекше бір нәзіктікпен жаратылған еді.) Бірақ қолдан жасалғандай көрінетін сол нәзіктік оны осы сәтке дейін алдап келгенін түсінді. Ол сұлулықты жек көріп кетті. Өзіне ажал алып келген суық адалдық оның кеудесінде айналмай қалған қан жүйесін шайып өткендей болды. Өткір көздер бірте -бірте оның қорқынышын алып, жанына жақындап бара жатты. Қыз өзінің уақыт жоғалтып тұрғанын білсе де, қолындағы шүріппені баса алар емес. 3:47 де бұл аймақта бәрі аяқталып, өзінің басқа жерде болуы керектігін қанша ойласа да әрекет ете алар емес. Ол қыздың жанарынан көзін ала алмады. Ол жыпылықтаған ойларының бәрінен айырылып, оның кеудесінде тек Бекторыға деген сезім ғана қалды. Суық адалдықтан басқасы бос қалды.

3- Ниет

Ол тағы ағалары туралы ойлады. Оның көз алдында шексіз дала жатты. Ол тауып алған бұлыңғыр іздер арқылы алға жүре бастады. Бұл іздер өзін қайда апаратынын білмейтін еді. Ол іздердің соңына түсті. Оның аяғының астындағы Тұран топырағы құрғап жатты.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар