Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мөлдірдің «Түссіз гүлі» жарық көрді...

01.09.2020 3084

Мөлдірдің «Түссіз гүлі» жарық көрді

Мөлдірдің «Түссіз гүлі» жарық көрді - adebiportal.kz

Жас ақын "Қазақпарат" ХАА, "El.kz" интернет жобасының шығарушы редакторы Мөлдір Дарханбаеваның "Түссіз гүл" атты екінші жыр жинағы жарық көрді.


Алматы қаласындағы "Мерей" баспасында басылып шыққан бұл кітапқа ақынның соңғы жылдары жазған өлеңдері еніп отыр. Автордың жырларынан көңіл түкіпірінде жатқан нәзік сезімдерді көруге болады. Лирикалық өлеңдер қыз жанының түрлі сәттерін көз алдыңа әкеліп, махаббат суреттерінің үздік үлгілерімен қауыштырады.


"Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі Мөлдір Дарханбаеваның екінші жыр жинағы жарық көруімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейді.


Айта кетейік, алғашқы кітабы "Бұйырмаған балмұздақ" 2015 жылы жарық көрген еді.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар