Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мұхтар Мағауин. ...Деген екен №26...

18.11.2016 6895

Мұхтар Мағауин. ...Деген екен №26

Мұхтар Мағауин. ...Деген екен №26 - adebiportal.kz


Мағауин Мұхтар – қазақтың көрнекті жазушысы. Қазақстанның Халық жазушысы. Қазақстан республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Түркияның халықаралық «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері. Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында 1940 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін және аспирантурасын бтірген. Филология ғылымының кандидаты. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер тнститутында аға ғылыми қызметкер, «Жазушы» баспасының бас редакторы, «Жұлдыз» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған.


М.Мағауин «Көк мұнар», «Аласапыран» (екі кітап), «Мен» (екі кітап) романдарының және көптеген әңгіме-пофевтердің авторы. Оның қазақ ақын-жырауларына арналған «Қобыз сарыны» атты монографиялық еңбегі қазақ әдебиеті тарихын зерттеуде елеулі орын алады. Он үш томдық шығармалар жинағы жарық көрген.


* * *


Белгілі жазушы Мұхтар Мағауин сексенінші жылдардың орта кезінде «Жазушы» баспасының бас редакторы болып қызмет атқарады.

Бірде баспаның күйіп-жанып жататын жұмысымен ренжіңкіреп отырса, қаламдас достарының бірі келіп:

–Мұқа, шаршап отырсыз ғой, жұмыс көп-ау, тәрізі, – дейді.

Сонда Мұхтар:

– Баспаның жұмысы емес, басқаның жұмысы шаршатады,– депті.

– Иә, қағазбасты жұмыс қой, – дейді қаламдас досы, жаны ашыған кейіпте.

– Жұмысың бұзық болса, қағазың түзік болу керек, – деп, Мұхтар бұл жолы да келте тіл қатады.

– Мұқа-ау, тек мақалмен сөйлейтін болғанбысыз, – дейді досы.

Сонда Мұхтар:

– Мақал жетіскеннен шықпайды, – деп, бұл жолы да келте қайтарған екен.


* * *


Қазақ СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Мұхтар Мағауиннің әйелі бірде сатып алған лотерейін тексерсе, ешқандай ұтыс шықпайды. Сол жерде:

– Жұрт машина ұтып жатады, бізге бір орайының келмейтіні несі? – деп күңкілдесе керек.

Сонда Мұхтар отырып:

– Сен бүкіл өміріңе жететін ең үлкен ұтысқа ие болғансың. Есіңде ме, студент кезіңдегі кездесу кешіндегі ойын-сауықта тегін лотореймен аспирант Мағауинді ұтқаның, − деген екен.


* * *


Бірде жазушы Мұхтар Мағауин былай деп кейістік білдірген екен: «Біздің ғылыми-эстетикалық зердеміз асыл мен жасықтың парқын айыруға әлі де шорқақ. Оған іштарлық деген бәле қосылған. Бүгінгі таңда қазақ әдебиеті қаншалықты мықты болса да, жазушыларымыз тірлігінде әділ бағасын ала алмайды. Егер, дәл қазір бір күнде 40 жазушымыз өлсе, қазақ әдебиеті бірден 40 классикке өсіп, дүние жүзіндегі ең алдыңғы қатарлы әдебиет болып шыға келер еді!»


* * *


Жазушы Мұхтар Мағауин жұмыс істеп отырып әлсін-әлсін қара шай іше беріпті. Мұнысын жұбайы уайымдап:

–Байқасайшы, асқазаныңды бүлдіресің ғой, – дейді.

Сонда Мұхтар:

–«Ештеңе етпейді, «Аласапыранды» бітірсем асқазанның керегі де жоқ», –деген екен.  



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар