Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мұратхан Шоқанның "Түнгі лирика" атты кітабы жарық...

05.08.2016 4413

Мұратхан Шоқанның "Түнгі лирика" атты кітабы жарық көрді

Мұратхан Шоқанның "Түнгі лирика" атты кітабы жарық көрді - adebiportal.kz

Жақында белгілі ақын Мұратхан Шоқанның «Түнгі лирика» атты кітабы «Әдебиет баспасынан» жарық көрді. Кітаптың ерекшелігі әр өлеңге лайық суреттер салынып, түрлі-түсті етіп көркем безендірілді. Мұқабасынан бастап суретші Жеңіс Кәкенұлының суреттерімен әрленді. Кітаптың тұсаукесері қыркүйек айында өтеді деп жоспарланып отыр.


муратхан.jpg


муратхан шокан.jpg


муратхан ага.jpg


Мұратхан Шоқан 1974 жылдың 25 ақпанында ҚХР ШҰАР Тарбағатай аймағы Толы ауданы Ақбелдеу ауылында туған. 1994-1996 жылдары Шыңжаң университетінен қазақ әдебиеті мамандығы бойынша білім алған. 1997-1998 жылдары туған ауылында мұғалім, 1998-2001 жылдары Толы аудандық мәдениет мекемесінде қызымет істеді. 2001 жылы Қазақстанға оралды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Жиырманың жалыны» (1994), «Маған көктем сыйлашы» (2000), «Жүрекке жүгіну» (2007), «Тазалыққа ұмтылу» (2010) қатарлы жыр кітаптарының, «Жаратылыснама» (2010) атты философиялық кітаптың авторы. Жырлары ҚХР Бейжің ұлттар баспасынан шыққан «20 ғасыр әдебиет қамбасы» атты томға енгізілді. «Әлем бесік жырлары» атты ән альбомды қазақшаға аударды. Және «Тәуелсіздік жемісі», «Қытайдағы қазақ кәсіпкерлері» атты кітаптардың идеясының авторы әрі құрастырушысы. Елге келгелі 2003 жылы «Қазақ әдебиеті» гәзетінде жұмыс жасады. «Жас қалам» қосымшысының редакторы болды. «Жас қазақ» газетінде, «Жазушы» баспасында жұмыс істеді. «Өмірді қорғау» қорының төрағасы.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар