Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

15.11.2017 9436

Мүшәйра! Мүшәйра!

Мүшәйра! Мүшәйра! - adebiportal.kz

Павлодар облысындағы «ASar Engineering» ЖШС-нің демеушілігімен, «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы орталығының қолдауымен "Алтын бесік – Атамекен" атты аймақаралық жыр мүшәйрасы жарияланып отыр.

Өлең бәйгесі Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, ел Тәуелсіздігін ұлықтау, тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан шыққан ерекше таланттарды таныт, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Мүшәйра шеттегі қандас ағайынның Ата жұртқа қоныс аударған Ұлы көшіне 25 жыл және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылғанына 25 жылдығына орай өткізілмек. Аймақаралық мүшәйраға Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Кереку, Қарағанды, Ақмола өңірлері мен Астана қаласында тұратын 18-35 жас аралығындағы ақындар қатыса алады.

Мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған үш өлең жіберіледі. «Алтын бесік – Атажұртқа» тақырыбында, ел, жер тарихы туралы міндетті түрде бір өлең болуы керек. Өзге екі өлеңді еркін тақырыпта жолдауға болады.

Өлеңдер 15 шумақтан аспауы керек. А4 форматта компьютерде теріп, 1 дана (электронды) түрінде ұйымдастырушыларға жолдайды. Мекенжайы мен телефоны жазылуы тиіс.

Мүшәйра жабық түрде өтеді. Үміткерлердің туындыларын арнайы қазылар алқасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді.

Ұйымдастыру комитеті мүшәйраға қатысушылардың өлеңдерін үстіміздегі жылдың 20-қарашасына дейін қабылдайды.

Тапсырылған өлеңдер қайтарылуға жатпайды. Іріктеуден өткен шығармалар байқауға қатыстырылып, арнайы шығарылатын кітапшаға енгізіледі.

Бас жүлде – біреу.

І орын – біреу.

ІІ орын – екеу.

ІІІ орын – үшеу

Бірнеше ынталандыру сыйлықтары да қарастырылған.

Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасы қосымша жүлделер тағайындауға, жүлделерді бөліп беруге немесе бермеуге құқылы. Жүлдегер ақындар Павлодар қаласында өтетін қорытынды шараға арнайы шақырылады, өлеңдерін сахнада оқиды.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Мүшәйраға жолдаманы мына мекенжай бойынша жіберуге және байланыс жасауға болады:

Тел: 8-705-342-18-88, 8-707-609-38-97.

jarkynbekia@mail.ru


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар