Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Мүшәйра. Аңыз тұлға, абыз тұлға – Кетбұқа...

07.07.2022 3684

Мүшәйра. Аңыз тұлға, абыз тұлға – Кетбұқа

Мүшәйра. Аңыз тұлға, абыз тұлға – Кетбұқа - adebiportal.kz

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛАМГЕРЛЕР МЕН ЖЫРСҮЙЕР ҚАУЫМ

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-гі, Жезқазған қаласындағы «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі мен Жезқазған тарихи-археологиялық музейі «АҢЫЗ ТҰЛҒА, АБЫЗ ТҰЛҒА - КЕТБҰҚА» деген тақырыпта жас ақындардың (жазба) республикалық мүшәйрасы өтетінін хабарлайды.

Мүшәйра

ЕРЕЖЕСІ

Жас ақындар мүшәйрасының мақсаты:

-Ұлт ұясы атанған Ұлытау мен оның топырағында өткен тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалар тағылымын дәріптеп, насихаттау, өлең өзегіне айналдыру;

-Шыңғыс қаған дәуірінің, Жошы ұлысының даңқты тұлғасы, қолбасшы, жырау, абыз, күйші Кетбұқаның есімі мен ерлігін жырға қосу;

-жас қаламгерлер шығармашылығына қолдау жасау.

Мүшәйраның шарттары:

-Мүшәйраға 18-40 жас аралығындағы ақындар қатыса алады;

-мүшәйраға әр ақын үш өлең жолдауы тиіс:

  • бірінші өлең Кетбұқа абыздың өмірі мен өнегесі жайлы;
  • екінші өлең Ұлытау және ұлт тағдыры мен тағылымы туралы;
  • үшінші өлең еркін тақырыпта болуы – шарт;

-мүшәйра шарттарына сай келмейтін шығармалар қатыстырылмайды, жарияланбайды;

-байқауға ұсынылған шығармалар мынадай үлгіде компьютерде терілуі керек: Word, Times New Roman, кегль №14, аралық интервал 1.

-шығарма мәтіні (тақырыбымен қоаса) электрондық нұсқада қабылданады. Автордың тегі, аты, жөні ашық көрсетіледі;

-ұсынылған шығармамен қоса автор өзі туралы қысқаша мәлімет (өмірдерек), жеке куәлігінің көшірмесін, фотосуретін (6х9), байланыс телефоны мен оқу, жұмыс орыны туралы мәліметті қоса тапсыруы керек;

-үміткерлердің шығармалары 2022 жылдың 1 тамызына дейін қабылданады;

-мүшәйраның қорытынды шарасы осы жылдың 27 тамызында Жезқазған қаласында өтеді деп жоспарлануда (өзгерістер болып жатса, қосымша хабарланады);

-қабылданған шығармалар қазылар алқасының сараптауынан өтеді. Лайықты деген шығармалар марапаттауға ұсынылады;

-марапаттау рәсіміне жүлдегерлер ғана қатысады, іссапар шығыны келуші тараптың өз есебінен;

-бұдан бұрын конкурсқа қатысқан немесе баспасөз бетінде жарияланған шығармалар қабылданбайды;

-қолжазба авторға қайтарылмайды, қазылар шешімі қайта қаралмайды;

-мерзімінен кешіктірілген шығармалар сараптауға жіберілмейді;

-қазылар алқасының қорытындысы бойынша жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар беріледі;

-мүшәйра қорытындысын шығарар тұста қазылар алқасы мен ұйымдастырушы тарап арасындағы өзара келісім бойынша жүлде саны мен жүлде мөлшерінде өзгерістер болуы мүмкін.

Жүлде мөлшері:

Бас жүлде –1 000 000 тг

1 орын (біреу) – 500 000 тг

2 орын (біреу) -300 000 тг

3 орын (біреу) – 200 000 тг

Арнайы сыйлық (үшеу)– 100 000 тенгеден х 3 = 300 000 тг

Ынталандыру сыйлықтары (үшеу) –50 000 тенгеден х 3 = 150 000 тг

Шығармалар мына электрондық пошта арқылы қабылданады:

Қабылдап алушы тұлғаның аты-жөні мен байланыс телефондары: Капарова Раушан Онгонисовна ж.т 8 (7102) 73-72-04, ұялы тел: 8 705-413-45-11

Мүшәйраға қатысқан өлеңдер іріктеліп, жеке жинақ болып шығарылады.

Қосымша мәлімет алу үшін жоғарыда көрсетілген жауапты тұлғаға хабарласуға болады.

Ұйымдастыру алқасы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар