Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Назгүл Жакенова. Жеңімпаз болғанымды сезіне алмай жүрмін

07.01.2020 1003

Назгүл Жакенова. Жеңімпаз болғанымды сезіне алмай жүрмін 12+

Назгүл Жакенова – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы. Ол өзін балаларға арнаған ғалым-экономист. Назгүл ауылдық жердегі балабақшада мұғалім болып қызмет атқарады. Қазақстанның жаңа есімі, жаңа тұлғасымен болған сұқбат қызықтырса, мархабат!

Ruh.kz: Назгүл ханым, сәлеметсіз бе?! «Қазақстанның 100 жаңа есімі» болған қандай екен, қандай сезімдесіз?

Назгүл Жакенова: Сәлеметсіз бе! Оны әлі толыққанды сезіне алмай жүрмін. Естіген кезде сенген жоқпын. Дауыс беру кезеңінде кандидатурам көп дауыс жинамады. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда биыл кандидаттардың да саны біршама. Жеңімпаз боламын немесе болмаймын деген күдік те туған жоқ. Өйткені мені ұсынғандары да күтпеген жағдай еді. Мен үшін жоба қызық болды. Бар үміткерлердің анкеталарын оқып жүрдім. Сонда байқағаным: балалармен жұмыс істейтін педагогтар аз. Көбіне өнер адамдары, спортшылар, жеке кәсіпкерлер. Осыған қарап ішімнен мүмкіндігім бар шығар деп ойладым.

Ruh.kz: Жобаның мән-маңызы неде деп білесіз?

Назгүл Жакенова: Бұл турасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жақсы айтты. Яғни «қазақстандықтар барлық әйгілі өнер адамдарын, саясаттанушыларды жақсы біледі, Димаш Құдайберген секілді әншілерді әлем таниды. Жобаның мән-маңызы – қарапайым, бірақ өз кәсібін өрлетіп отырған, ешкімге белгісіз, жаңа тұлғаларды сыртқа шығару. Біздің мақсатымыз – осы», - деп министр өз сөзінде атап кетті. Расымен-ақ, бүгін көріп, танысқан адамдарымның жетістіктері өте мол екен. Барлығы да бұрын танымаған адамдарым. Сондықтан жоба аясында халыққа белгісіз азаматтарды таныстырып, ақпараттық жұмыс істеп жатқанына қуаныштымын.

Ruh.kz: Сіз үшін «100 жаңа есім» қандай жоба?

Назгүл Жакенова: Барлық жекеменшік балабақшаларды біріктіретін мектепке дейінгі ұйымдардың қазақстандық ассоциациясы бар. Мен соның мүшесімін. Біз тек логопедтық емес, қайырымдылық жұмыстармен де көп айналысамыз. Өкінішке орай, қазір қоғамда тұрмысы нашар көпбалалы отбасылар, мүгедектер, жалғызбасты аналар жоқ емес. Соларға көмек ретінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырамыз. Өзім сондай шараларға өте белсенді түрде қатысамын. Шындығын айту керек, осылардың барлығын ескеріп сол ассоциация мені жобаға ұсынды. Олар маған: - «Сіз балалармен көп жұмыс істейсіз, ауылымыздағы белгілі педагогсыз», - деді. Ассоциацияға алғысым шексіз. Қазақстанда менен де мықты педагогтар өте көп.

«100 жаңа есім» – аса қажетті жоба. Көп адамдармен, олардың жетістіктерімен таныстым. Қарап отырсам, жеткен жетістіктері бір Қазақстанға ғана емес, дүние жүзіне де маңызды деуге келеді. Олар өте жас. Бастаған істерін соңына дейін апарып, дамытуға мүмкіндіктері зор.

Ruh.kz: Жастар жылы несімен есте қалды?

Назгүл Жакенова: Педагог мәртебесі туралы заң шығып, іске асырылуда. Сол заңның талқылануына белсене қатыстық. Өйткені ол мектептегі педагогтарға ғана емес, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына да тікелей қатысты. Дегенмен, заңда әлі қарстырылмаған дүниелер өте көп. Кейін, әрине, оған да өзгертулер енгізіліп, толықтырылады. Бірақ бастапқы кезеңі өте жақсы басталды. Жастар жылы мен үшін осынысымен есте қалды. Өйткені жастар, балалар – біздің болашағымыз. Содан соң, әрине, өзімнің «100 жаңа есім» жобасына қатысуым, балабақшадағы тәрбиеленушілерімнің халықаралық, республикалық, аймақтық байқауларға қатысып, орындар алуы. Ондай балалар көп. Осы жылы шәкірттерім Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасымен марапатталды. Мемлекет жағынан жастарға біраз жағдай жасалды.

Аружан Мырзатай, Ruh.kz

Фото: Жәмилә Мұрзабекова


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар