Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Несіпбек Айтұлы: Қазақ елін әлемге таныттыңыз

20.03.2019 561

Несіпбек Айтұлы: Қазақ елін әлемге таныттыңыз

Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!


Сіздің кеше ойламаған жерден жасаған тосын мәлімдемеңіз бүкіл республика жұртын қатты толқытты. Тіпті көздеріне жас алғандар да болды. Сіз Қазақ елі тәуелсіздік алған 30 жылға тарта уақыттың ішінде жас қазақ мемлекетінің іргесін қалап, шаңырағын көтердіңіз.

Қазақ елін әлемге таныттыңыз. Басқасын айтпағанда Астананы арқаға көшіруіңіз ұлы тарихи шешім болды. Астана әлемнің көз алдында көркейіп, бәйтерегі биіктеп, болашаққа жол тартты. Қайсыбірін айтамыз, Сіз ел үшін, ұлт үшін өзіңіз айтқандай адал қызмет еттіңіз.

Халық болып Сізге алғысымызды білдіреміз. Әлі де қажыр-қайратыңыздың бар кезінде ел үшін аянбай еңбек ете беретініңізге сенімдіміз. Елбасы және Ұлт көшбасшысы ретінде Сіз мәңгілікке бет алған қазақ елі үшін қашан да қажетсіз. Сіздің тарихи тұлғаңыз жаңа Қазақстан тарихынан берік орын алғандығын мақтаныш етеміз! Жасай беріңіз!



Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы және Сәкен Сейфуллин музейінің ұжымы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар