Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Несіпбек Айтұлының 7 томдық жинағының тұсаукесері ...

24.11.2015 3481

Несіпбек Айтұлының 7 томдық жинағының тұсаукесері өтеді

Несіпбек Айтұлының 7 томдық жинағының тұсаукесері өтеді - adebiportal.kz

DSC_5651.JPG

Ертең, 25 қарашада Астана қаласы, Ұлттық академиялық кітапханада сағат 11:00-де қазақтың әйгілі ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының жуырда «Фолиант» баспасынан шыққан 7 томдығының тұсаукесері өтеді.

Көп томдық шығармалар жинағының алғашқы 6 томына Н. Айтұлының тырнақалды туындыларынан бастап, ақындық жолында жазылған таңдамалы өлеңдері мен поэмалары енгізілді. Ал соңғы 7-ші томына ақынның публицистикалық еңбектері мен әр жылдары берген сұхбаттары қамтылды.

Әдебиет сүйер қауымға, әдебиет зерттеушілерге айрықша көмек құралы бола алатын жетінші томдағы әдебиетшілер, әдеби үрдістер, әдеби сын жөнінде айтқан сүбелі ой, толғамды пікірлері бүгінгі қазақ әдебиетінің де жай-күйінен сыр шертеді. Және қазіргі қоғам мен әлеуметтік ахуал, өнер мен мәдениет, әдебиет төңірегінде айтқан сұхбаттарынан ақынның қазақ ұлтына, оның руханияты мен тілі, діліне деген айрықша жанашырлығын байқауға болады.

Көп томдық көпшілік оқырманға арналған. Ғибраты мол ғұмыр жолында кейінгі ұрпаққа берері мол бедерлі жырлар мен салиқалы мақалалар топтастырылған бұл жеті том оқырмандарына ой салып, қазақ әдебиетінің сан салалы қойнауына жетелері сөзсіз.

Салтанатты шараға қоғам және мемлекет қайраткерлері, ақынның әдебиет саласындағы үзеңгілес достары мен белгілі қаламгерлер, ақынның артынан ерген ақын інілері, БАҚ қызметкерлері мен қазақ өнерінің танымал өкілдері қатысады. Тұсаукесер рәсімінің жүргізушісі танымал журналист, қазақ журналистикасында сара жол салған Намазалы Омашев.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар