Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Нобель сыйлығының лауреаты Боб Дилан жайында не бі...

13.10.2016 2238

Нобель сыйлығының лауреаты Боб Дилан жайында не білеміз?

Нобель сыйлығының лауреаты Боб Дилан жайында не білеміз? - adebiportal.kz




Bob-Dylan-evidenza.jpg


Бүгін белгілі болғандай, америкалық әнші, композитор, жазушы, киноактер Боб Дилан Әдебиет аталымы бойынша 2016 жылдың Нобель Сыйлығының иегері атанды. 


75 жастағы композитордың осы аттаққа иеленуі көбін таңғалдырды деуге болады. Боб Дилан 1941 жылы АҚШ-тың Миннесота штатында дүниеге келді. Соңғы елу жылдықтың белді рок әншісі Боб Дилан Нобель сыйлығын ұлы америкалық әншілік дәстүрдің аясындағы жаңа поэзиялық бейнені қалыптастырушы ретінде алып отыр. 




Bob_Dylan_-_The_Times_They_are_a-Changin.jpg
 Оның атақты әндерінің қатарында Master of wars, Like a rolling stone, Blowin` in the wind, Knockin` on Heaven’s door, The times there are a changin` бар. 

 Ұлыбританиялық белді мәдениет пен музыка саласындағы «Rolling Stones» журналы Боб Диланды атақты Битлз тобынан кейінгі ұлы музыканттар қатарына жатқызды. Ал «Time» журналы болса, Диланды ХХ ғасырдың 100 ұлы адамдары тізіміне енгізген еді. 


Көбіне фолк стилінің орындаушысы ретінде әлемге танылған Боб Диланның біраз әндері азаматтық құқық пен АҚШ-тың соғысқа қарсы қозғалыстардың ұранына айналып та үлгерді. Оның еншісінде 9 Грэмми, Алтын глобус және «Things Have Changed» фильміне үздік ән аталымы бойынша «Оскар», ондаған медалдері мен басқа да атақтары көп. 


Әнші, жазушы, суретші, сондай-ақ, фильм саласында да өз орын тапқан жан-жақты Боб Дилан екі кинотуындысын шығарды – ол өзінің гастрольдік сапаралынан алынған концерттері және бес сағаттық «Реналдо мен Клара» драмасы.  

2015 жылы да Дилан Нобель сыйлығының үміткерлері қатарында көрінген еді.



Ақбота Күзекбай

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар