Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Нобельге ылайықты қазақ қаламгері кім?...

14.10.2016 2531

Нобельге ылайықты қазақ қаламгері кім?

Нобельге ылайықты қазақ қаламгері кім? - adebiportal.kz


НП.jpg


«...НОБЕЛЬГЕ ЫЛАЙЫҚТЫ ҚАЗАҚ ҚАЛАМГЕРІ КІМ?» Тағы да атышулы Нобель сыйлығы төңірегінде Сөз мырзамен сөйлесіп отырған жай бар. Биылғы дүрмектің екпіні өте қатты болған сыңайлы. Бір сыйлыққа 350-ден астам үміткер тайталасқа түсуі – елеп айтуға, таңдана айтуға тұрарлық! Сөз маған былай дейді: «Қалай десең де, биылғы жылы ақын-жазушыларыңды оп-оңай бір шетке ығыстырып тастап, әнші-композитор басып озып кетті-ау! Әрі кеткенде киноактер...» Таласатын мәселе емес! Әдебиеттің арғы тегі – ән, жыр, әуен... Жарайды, шындық осы, америкалық әнші, сазгер, киноактер Боб Дилан қомақты сыйлықты қанжығаға байлады. Бірақ, ол осындай сан-салалы өнерімен қабат, жақсы жазушы, қаламгер екенін де естен шығармаған орынды. Оны мен санамалап-тізбелеп, еселеп айтып жатпай-ақ қояйын, бәрі де интернетте тұрған дерек! Айтпағымыз мүлде басқа! Сонымен, кім қалай ойлайды - біздің қазақ қаламгерлері арасында осынау атағы жер жарған сыйлыққа кім немесе кімдер ылайық деп есептейсіздер? Қай жазушы, қай ақын немесе қай драматургты атар едіңіз? Немесе, қай қаламгердің, жекелей атағанда, қандай шығармасы ұсынуға татиды, ағылшыншаға аударып, жолдауға әбден-ақ болады деп ойлайсыз? Ең болмаса, өз ішімізде ағымыздан жарылып, осы жайында сыр бөліселікші! Әйтпесе, қашанда еститініміз бір-ақ ауыз қыршаңқы сөз: «қазақта ауыз толтырып айтар оңған көркем шығарма бар деймісің?» Жау кеткесін, қылышымызды б...ға шауып жатқанымыз емес бұл! Дұрыс түсініңіз, ойлы дос! Сең, бәлкім, осыдан бастап сөгілер? Қозғалыс басталар? Қаламдас-ниеттес бауырлар сонда ғана ес жиып, алға жылжыр! Менің таза ниетпен, жанашыр жүрекпен бүлтелексіз айтар бір ұсыныс-ойым осы, Сөз мырза! («Семсер сөзбен сырласу»)


Жолтай Әлмашұлы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар