Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Шөберенің қолында қайта жаңғырған домбыра...

25.06.2025 2793

Шөберенің қолында қайта жаңғырған домбыра 14+

Шөберенің қолында қайта жаңғырған домбыра - adebiportal.kz

2025 жылы Ақтөбе қаласында, Ұлттық домбыра күні қарсаңында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті визуалды өнер мамандығының 3-курс студенті, халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің шөбересі – Нұрбек Алпамысұлы Байғанин тарихи мұраны жаңғырту жолында ерекше жобаны жүзеге асыруда. Ол өзінің бабасы – Нұрпейіс Байғаниннің өз ұлы Момын Байғанинге жасап берген көне домбырасын қайта жасап, ұлт жадын тірілтіп отыр.

Аспаптың түпнұсқасы толық сақталмаған – бүгінге дейін тек домбыраның құлағы ғана жеткен. Дегенмен, дәл осы бөлшек Нұрбекке үлкен шабыт сыйлап, тарихи домбыраны түпнұсқасына барынша жақын етіп қалпына келтіруге түрткі болды.

Нұрбек Байғанин:

«Нұрпейіс атамның қолынан шыққан бұл домбыра – біздің әулеттің ғана емес, бүкіл қазақ халқының киелі мұрасы. Осы уақытқа дейін Момын атамның бала кезінде бұл домбыра сынып,  бірнеше рет жаңғыртылған,  негізгі түп нұсқада домбыраның құлағы ғана сақталып қалды. Бірақ дәл осы бөлшек – тұтас тарихтың символы іспетті. Мен осы негізде домбыраны қайта жаңартып, рухани мұраны жаңғыртып жатырмын», – дейді жас шебер.

Қ. Жұбанов университетінің жанынан құрылған өнер шеберханасында жасалып жатқан бұл жұмыс – тарихи жадты тірілтудің, ұрпақ сабақтастығының және ұлттық өнерге деген құрметтің жарқын көрінісі. Оқу орнының оқытушылары да бұл жобаны жас буынның өз тамырына бет бұрып, рухани байлықты бағалауы деп бағалап отыр.

Жұбанов университетінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар