Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Оқушылар парағы. 11-сынып: Қалтай Мұхамеджанов. «Көктөбедегі кездесу» (қысқаша мазмұн)

06.03.2019 2542

Оқушылар парағы. 11-сынып: Қалтай Мұхамеджанов. «Көктөбедегі кездесу» (қысқаша мазмұн)

Қалтай Мұхамеджановтың Шыңғыс Айтматовпен бірге жазған «Көктөбедегі кездесу» атты пьесасы көпшілік жүрегінен ұмытылмастай орын алған шығарма.

Пьеса оқиғасы бірі - ғылым докторы, бірі – жазушы-журналист, бірі – мұғалім, бірі – агроном, бір сыныпта оқыған, майданда бірге болған төрт азаматтың және олардың әйелдері мен мектептегі ұстазының Көктөбе басындағы кездесуіне құрылған.

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ: ҚАЛТАЙ МҰХАМЕДЖАНОВ ДРАМАТУРГИЯСЫНДАҒЫ ТАРТЫС (үзінді)


Қаламгерлер сыныптас, майдандас азаматтардың бұлай Көктөбенің басында бас қосуын Жапон еліндегі Фудзияма тауының басына шығып, өмірде пендешілікпен еткен күнәларына өкінішін білдіріп, Құдай алдында арылу рәсімімен сабақтасырады. Алайда кеңестік дәуірдің төл перзенттері өздерінің адал да ерекше дарынды бесінші досы - Сабырға жасаған қиянаттарын ағынан жарылып мойындауларына шамалары келмейді.

Осы отырған төртеуге ғана мәлім, ешқайда жарияланбаған жырлары үшін тұтқындалған Сабырға опасыздық жасаған адам да осы Көктөбенің басында отыр. Бірақ кім екені белгісіз. Бірінен бірі күдіктенеді, бірін бірі сөзбен түйрейді. Бәріне ортақ тағы бір күнә – бәрінің де Сабырды ақтауға, арашалауға тырыспауы. Тіпті ол ұзақ жылдардан кейін елге оралғанда, онымен ешкім араласпай, маскүнемдікке салынып кетуіне жол беруі.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қалтай Мұхамеджановтың өмірбаяны

Қаламгерлер күні бойы адалдық, адамгершілік туралы айтып, керілдескен жандардың бетперделерін олардың күш сынасып лақтырған тастарынан байқаусызда төменде қаза болған әйелдің өліміне қатысы барларын мойындаудан да тартқан әрекеттері арқылы ашып береді. Осынша жасқа келген қазақтың интеллигент азаматтары қаза болған жанның жақындарынан кешірім сұрауға да жарамайды.

Авторлар бұл шығарма арқылы кеңес дәуірінде қазақ қоғамында белең алған рухани дерттің сипаттарын толық ашып береді.

Шығарма адамдарды өз жанының тереңіне үңілтумен немесе бір биіктен өз өмірінде істеген пендешіліктеріне көз жүгіртіп, өзін тануға ұмтылдыруымен құнды.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Көп оқылғандар