Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ОҚУШЫЛАР ПАРАҒЫ
Оқушылар парағы. 10-сынып: Шәкәрім Құдайбердіұлы...

05.03.2019 6154

Оқушылар парағы. 10-сынып: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Оқушылар парағы. 10-сынып: Шәкәрім Құдайбердіұлы - adebiportal.kz

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931). Шәкәрім Құдайбердіұлы ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер. Ол бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жылы, 11 шілдеде дүниеге келген.

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ: Рымғали Нұрғали. «Еңлiк – Кебек» трагедиясы - 1


Әкесі - Абайдың ағасы - Құдайберді қайтыс болған соң, Абайдың тәрбиесінде болады. Жеті жасынан өлеңге қабілеттілігін танытады. Өз бетімен араб, парсы, түрік, орыс тілдерін игеріп, шығыс, орыс классиктерінің шығармаларынан нәр алады. Әртүрлі өнер түрлерін игереді.

Жиырмадан асқанда ел басқару ісіне араласады.

Абай қайтыс болған соң, ақын аға өсиетімен 1905-1906 жылдары қажылық сапармен Араб, Түрік, Еуропа елдерін аралайды. Әлем кітапханаларында білім қазыналарымен танысады. Дін мен философия, ғылым салаларын игереді.

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ: Абай мен Шәкәрім шығармашылығындағы дәстүрлі үндестік

1908 жылдан бастап елден шет кетіп, таза шығармашылық жұмыспен шұғылданады. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі, Мұсылмандық шарты кітабы 1911 жылы Орынборда, Қазақ айнасы өлеңдер жинағы, Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек поэмалары 1912 жылы Семейде басылып шығады.

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ: Шәкәрімнің үш анығыШӘ

Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстоймен хат алысып, өзін оның шәкірті санайды. 1931 жылы бандылармен байланысты деген жалған айыптаумен кеңес қарулы топ мүшелерінің қолынан атып өлтіріледі.

1988 жылы ақын аты ақталды. Ш.Құдайбердіұлының әдеби мұрасы аса бай. Ол поэзия, проза, аударма, тарих, трактат саласында жұмыс істеп, Абай дәстүрінде демократтық-халықтық, гуманистік-халықтық бағыт ұстады.

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ: Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы 20 дерек

КӘРІМНІҢ «ҤШ АНЫҒЫ»


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар