Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Өлең қалай туады? #Жадыра Байбұланова

29.12.2020 2440

Өлең қалай туады? #Жадыра Байбұланова 18+

Жадыра Байбұланова - "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. «Қағаз жүрек» жыр кітабының авторы.

Бірде Мирас екеуіміз Қарағандыдағы Сәкен театрына "Ромео мен Джульетта" қойылымын көруге бардық. Орнымызға жайғасқан бетте, есіктен (жігітімен бірге) кіріп келген қызды жазбай таныдым. Мирастың студент кезінде ұнатқан қызы еді ол.

Шымылдық ашылып, спектакль басталды. Тура бір қатар алға, бірақ сәл қиғаштау отырған қыз бен жанымда отырған Мирастың бір-біріне қараған көзқарастарын көрмей-ақ сезуге болатын еді.

Спектакль аяқталды. Шапалақ соғылды.

Ал мен үйге жеткенше телефонға осы өлеңді теріп, шай үстінде оқып бердім.

«РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА» ҚОЙЫЛЫМЫ

Театрға барғанбыз.

Ең бақытты шығармыз деп барлық осы жаннан біз.

Көз алдыңда кіріп келді,

Бір кездегі арман қыз.

Жиып қойып маңайды,

Көз астымен сен де оған қарайсың, ол да саған қарайды.

Қасындағы ер жігітін аядым,

Мені қойшы, жарайды.

Менікі – жай бақылап...

Қайран, жүрек!

Қайдағысы еске түсіп жатыр-ақ.

Тағы өтірік құшақтайсың,

Бәрін сезем, ақымақ!

Ең қиыны – жыламау,

Бірін-бірі ұмытпаған екеуге – шыдау әрі шыдамау!

«Шын сүйгендер қосылмайды» –

Қойылымның түрі анау!

Көз алдымда сурет па?

Әлде мәңгі жазылмайтын сезім деген қу дерт па?

Екі ғашық сендер болсаң, мен кіммін,

Ей, Ромео-Джульетта?!

Дайындаған: Арман Шеризат


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар