Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Өлеңмен өрнектелген қайырымдылық кеші...

03.02.2021 3317

Өлеңмен өрнектелген қайырымдылық кеші 12+

Өлеңмен өрнектелген қайырымдылық кеші - adebiportal.kz

Нұр-Сұлтан қалалық «Алтын жебе» еріктілер тобы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Алқа» әдеби-сазды ұйымы бірлесе отырып, «Жырлайды жүрек» атты қайырымдылық поэзия кешін өткізді. Кештің өтуіне себепкер болып, дертіне дауа іздеген жан – Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар факультетінің 2-курс студенті Қуаныш Азаматұлы.

Кеш барысында елімізге белгілі ақындарының өлеңі оқылып, Абай әндері қобызбен шырқалды. Атап айтқанда, Жүніс Айдана «Ана» (Т. Айбергенов), Нағышыбай Наурызбай «Үміт», "Ертең біз жол жүреміз, аттаныңдар" (М.Макатаев) өлеңдерін оқыса, Арман Қасенов пен Асылзат Дүйсенқұлова ұлттық аспаптармен ән шырқады.

Кеш қонақтары болып "Шабыт" шығармашыл жастар фестивалінің екі мәрте лауреаты, аұын Бауыржан Қарағызұлы, республикалық жыр бәйгелерінің жүлдегері, ақын Рауан Қабидолдин, сондай-ақ ақын, «Жылдың үздік ақыны» иегері (Қарағанды, 2017 ж.), Айзада Рахымжанова қатысты.

Күллі дүниенің тірегі – мейірім мен махаббат екені анық. Мейір мен қайырым бар жерде өмір сұлу, қоғам берекелі, мемлекет мығым болмақ. Мейірім мен махаббаттың жалауы жығылмасын қашанда.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар