Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ӨЗ СӨЗІМ
Олжас Қасымның жаңа эпиграммалары...

08.11.2019 4737

Олжас Қасымның жаңа эпиграммалары 12+

Олжас Қасымның жаңа эпиграммалары - adebiportal.kz

Маралтай Райымбекұлына

«Кентавр» деп шығарды ақын бір кітап.

Оқырманға сол кітаппен сыр ашып.

«Тарпаң» деген шығарды ақын бір кітап,

Шыға келді күллі жұртқа ұнасып.

«Асау» деген шығарды ақын бір кітап,

Жазғандары келешекпен ұласып.

Асау жайлы жазған сайын алайда,

Асыл ағам бара жатыр жуасып.

Елена Әбдіхалықоваға

Айтыскер деп аламанға кіргендер.

Сазгер деп жүр сахнаға сіңгендер.

Ақын деп жүр өлеңдерін білгендер.

Әнші деп жүр әнмен өмір сүргендер,

Талапайлап, тартамыз деп жан-жаққа,

Ашуына тиіп кетіп жүрмеңдер.

Бақытжан Тобаяқовқа

Елде елу жинақ шығарып

Шығарам деді атын бір.

АҚШ-тан жинақ шығарып.

«Атанам» деді ақын дүр.

Ресейден жинақ шығарып,

Боламын деді татымды ұл.

Тағы бір жинақ шығарса,

Шығуға аты жақын жүр.

Дидар Амантайға

Проза жазса ел оны,

«Жазушы» дейді жаны игі.

Өлең жазса ел оны,

«Жазушы» дейді тағы игі.

Эссе жазса өрелі,

Тағы сол атқа жариды.

Өзге емес, ол өзін,

Философ деп таниды.

"Соңғы көш" авторы Қ. Жұмаділов, "Қаралы көш" авторы Ж. Шәкен,

"Ұлы көш" авторы Т. Рыскелдиев

Бірінікі- «Соңғы көш»,

Бірінікі- «Қаралы».

Бірінікі- «Ұлы көш» болды.

Біреуі келсе елге ерте,

Ал біреуі кеш келді.

Көшті жазған бұл үшеу,

Көп ұзамай өш болды.

Қашан жетер үш ағам,

Деген хабар дос болды?!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: Олжас Қасымның эпиграммалары

Суреттер ашық интернет көздерінен алынды.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар