Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Оралхан Бөкейдің таңдамалы шығармалар жинағы жарық...

23.08.2013 7894

Оралхан Бөкейдің таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді

Оралхан Бөкейдің таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді - adebiportal.kz

photo.JPG

2013 жылдың 23 шілдесінде ұлы тұлға, классик жазушы Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына орай таңдамалы шығармалары жинақталған көлемді кітаптың тұсаукесері өтті. Жинақ «ҚазАқпарат» баспа корпорациясынан «Әдебиет әлемі» сериясымен шығып отыр. Корпорация келесіде Тәкен Әлімқұлов пен Бердібек Соқбақбаевтың жинақтарын шығаруға ниеттеніп отыр екен.
photo1.JPG
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Кітапханалар залында өткен тұсаукесерге әдебиет әлемінің майталмандары мен Оралхан Бөкейдің көзін көрген ақын-жазушылар және БАҚ өкілдері қатысты. "Алаш" баспасының директоры Дидахмет Әшімханұлы Оралхан Бөкейдің шығармалары мен шығармаларына арқау болған кейіпкерлердің фотосуреттерін жианастыра келе "Біздің Оралхан" деген атпен кітап шығарғалы жатқандығын хабарлады. 
photo2.JPG
photo3.JPG
photo4.JPG
photo5.JPG

photo6.JPG
photo7.JPG

"Біз осыдан екі  жыл  бұрын  Мұқағали  Мақатаевтың  сексен жылдығы  кезінде  ақынның  елде  жоқ ерекше жинаған  шығарайық  деп  ойластыра келе Мұқаңның жырларын бір кітап қылып шығардық. Кітап   жарық   көрісімен-ақ    оқырмандарымыздан   көптеген   ұсыныстар  түсті.   Бәрі де   кітаптың ыңғайлы,   әрі   әдемі  екендігін  айтып  жатты.  Осындай   сұраныстардан   соң  бізге  қазақ  әдебиеті алыптарының  жиырма  жинағын  шығару  идеясы  келді.  Іріктеп,  сұрыптай келе, алдағы екі жылда барлық  жинақты  шығарып   бітеміз   деп  ойлаймыз.   Бүгін  біз   сіздерге  кезекті  жинақты  ұсынып отырмыз.  Ағымдағы  жылдың  тамыз  айында  ұлы  жазушы  Тәкен  Әлімқұловтың  да дәл осындай жинағының тұсауын кесеміз. Ал одан кейінгі кезек - Бердібек Солқпақбаевта", - дейді "ҚазАқпарат" баспасының директоры Қонысбек Ботбай Қожамжарұлы.

photo8.JPG

 "Оралханның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі өте үлкен. Ол қазақ журналистикасына жаңалық әкелген адам. Әдетте, журналистер атақты адамдардың өмірін жазғысы келсе, Оралхан сонау Алтайда жатқан қарапайым қазақтың жай-күйін жазды. Сол жазған очерктері "Лениншіл жас" газетінде жарық көріп, Алтайдан журналистикаға шақырылды. Алматыға келісімен-ақ Оралхан әдебиетке шындап араласа бастады. "Алаш" баспасы үкіметтің тапсырмасымен Оралханның жеті томдық шығармалар жинағын шығарып жатыр. Оралханды ел-жұрт жақсы көретіні соншалық, "Оралхан Бөкей атындағы қор" құрылып, қоладан 6,5 метрлік ескерткіш құйылып жатыр", - дейді Оралхан Бөкейдің досы, ақын-жазушы Қуанышбай Құрманғали.

photo9.JPG

Ұлы жазушының шығармалары тоғысқан көлемді жинақтың лентасын қию рәсімі "Алаш" баспасының директоры, журналист, қаламгер Дидахмет Әшімханұлы мен ақын-жазушы Қуанышбай Құрманғалиға берілді.

photo10.JPG

                                                                                                                                 Дайындаған және суретке түcірген: Ақерке Әбілхан


Қайнар көз: www.massaget.kz порталы 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар